Мысал ретінде М-41-60-Б-Г карта бетінің номенклатурасының 1 : 1000000 масштабтан бастап рет-ретімен құрастыруды карастырамыз. М-41 бет 1 : 100000 масштабтағы 144 бетке бөлінеді, олар 1, 2, 3, . . , 144 цифрларымен белгіленеді. Осы масштабтың 60-нөмірлі бетінің номенклатурасы М-41-60 болады.) 16. Топографиялық картарда және планда жер бедерін бейнелеу.
.( Жердің бедері және оны пландар мен карталарда бейнелеу Жер бетіндегі таулардың, сайлардың, жота-ойпаттардың жинагын жердің бедері дейді. Ал, жер бетіндегі әртүрлі құрылыстар, жолдар, т.б. жиынтыгын геодезияда ситуация дейді.Жер бедері ерекшеліктеріне байланысты мекен-жай, таулы, және жазық болып бөлінеді: тау, қазаншұңқыр, жота, өзен, қайқы, бел. Таудың ең биік жері-шың, ал тау табаны тау етегі деп аталады.Жер бетінің бедері топографиялық карталар мен пландарда горизонтальдар, шартты белгілер және биіктерді жазу арқылы бейнеленеді.Құрлық бетіндегі абсолют биіктіктері бірдей нүктелерді біріктіретін қисық-тұйық сызықты горизонтальдар деп аталады.
17. Сызықтық өлшеулерге арналған құралдар.
Геодезиялық өлшеулер.Геодезиялық өлшеу деп өлшенетін шаманы бастапқы бірлік ретінде кабылданатын басқа бір шамамен салыстыру процесін айтады. Геодезиялық өлшеулерді негізінен үш түрге белуге болады: -сызықтық-жер бетіндегі нүктелердің арақашықтықтарын анықтау; -бұрыштық-горизонталь және вертикаль бұрыштардың мәндерін анықтау; -биіктік (нивелирлеу)-жекелеген нүктелер арасындағы биіктік айырымдарын аныктау. Aрақашықтықтарды өлшеуге арналған өлшеу ленталары, сымдар, рулеткалар, оптикалық кашыктык өлшеуіштер, жарық сәулелі қашықтық өлшеуіштер, т.б; 18. Азимут, магниттік азимут, бағытталған бұрыш, румб
• Азимут (арабша ас-сумут— жол, бағыт) —бақылау нүктесінен өтетін меридиан жазықтығы мен сол нүктені қиятын бағыттың вертикал жазықтығы арасындағы қос қырлы бұрыш. • Бастапқы бағыттағы меридиан түріне байланысты географиялық (шын) Азимут және магниттік азимут болып бөлінеді. Географиялык және магниттік азимут • Географиялық меридианның солтүстік ұшынан сағат Тілінің қозғалысымен белгілі нүктеге дейін Саналатын горизонталь бұрышты географиялық (шын) азимут (А) деп аталады. • Магниттік азимут — магниттік меридианның Солтүстік ұшынан сағат тілінің қозғалысымен Берілген сызықтың бағытына дейінгі есептелінетін Бұрыш. Бір сызықтың нағыз (шын) азимуты мен Магниттік Азимутының шамалары бірдей болмайды, Себебі жердің магниттік өрісінің әсеріне Байланысты тілі ауытқып отырады.• Азимуттар 00-тан 3600 -қа дейін өзгереді Өстік меридианның немесе соған параллель Сызықтың солтүстік бағытынан сағат тілінің Қозғалысымен берілген сызықтың бағытына Дейін саналатын бұрышты дирекциялық Бұрыш дейміз • 0°ден 360° өлшенеді. Румб r дегеніміз топографиялық картада калап алынып, бағытталған сызықтан меридианның осы сызыққа ең жақын жатқан бір бөлігіне дейін есептелетін көкжиектік бұрыш болып табылады. • Румб мәні r ≤90°• Көкжиек бағыттары бойынша солтүстік шығыс, оңтүстік шығыс, оңтүстік батыс, солтүстік батыс деп бөлінед 19. Магниттік және нағыз меридиан
Географиялық меридианның солтүстік ұшынан сағат Тілінің қозғалысымен белгілі нүктеге дейін Саналатын горизонталь бұрышты географиялық (шын) азимут (А) деп аталады. • Магниттік азимут — магниттік меридианның Солтүстік ұшынан сағат тілінің қозғалысымен Берілген сызықтың бағытына дейінгі есептелінетін Бұрыш. Бір сызықтың нағыз (шын) азимуты мен Магниттік Азимутының шамалары бірдей болмайды, Себебі жердің магниттік өрісінің әсеріне Байланысты тілі ауытқып отырады.• Азимуттар 00-тан 3600 -қа дейін өзгереді
20. Теодолит және оның негізгі бөліктері. Теодолиттің геометриялық осьтері мен шарттары
Теодолит — жер өлшеу жұмыстарында, жерді тексеріп шолуда және ірі масштабты съемка жасауда көп пайдаланылатын бұрыш елшейтін геодезиялық аспап. Оның ең маңызды бөліктеріне: қарау түтігі, градусталған екі — вертикальды (тік) және горизонтальды (жазық) — шеңбері жатады. Сондықтан теодолитпен горизонтальды, вертикальды бұрыштарды бірдей анықтауға болады. Бұл аспап арқылы шырақтың не жердегі нәрсенің горизонталь координаталары, яғни азимут пен биіктігі анықталады. Аспап онша улкен емес, экспедицияға алып жүруге ыңғайлы. Қазіргі кезде қолданылып жүрген теодолиттер бұрыш өлшеу дәлдігіне, есеп алу құрылғыларының түрлеріне, горизонталь дөңгелектің вертикаль осьтері жүйесінің конструкциясына және атқаратын міндеттері жағынан әртүрлі болып бөлінеді. Горизонталь бұрыштарды өлшеу дәлдігіне қарай теодолиттер 3 топқа бөлінеді:1. Техникалық Т15К, 2Т30, 2Т30М теодолиттік және тахеометриялық жүрістер мен түсірістерде, сондай-ак жер бетіндегі және жерасты қазбаларындагы маркшейдерлік жұмыстарды атқару кезінде бұрыштарды өлшеуге арналған.2. Дәл теодолиттер 2Т2-3 жэне 4 кластық триангуляция мен полигонометриядағы бұрыштарды өлшеуге арналған, ал 2Т5К- триангуляциялық жүйелер мен 1 және 2 разрядтық полигонометриялық, сонымен қатар, жер беті маркшейдерлік жұмыстарда бұрыштарды өлшеуге арналған.3. Жоғарғы дәлдікті электронды теодолиттер және тахеометрлер Та2М мен полигонометриядағы бұрыштарды өлшеуге теодолиттің негізгі бөліктеріне толығырақ арналған.Теодолиттің шартты белгілеріндегі Т әрпі "теодолит" деген аспап атын білдірсе, сол әріптен кейінгі цифр горизонталь бұрышты өлшеудің секундтық орташа квадраттык қателігін білдіреді, мысалы Т5 теодолиті үшін mp-5 , ТЗОМ үшін тр=5 , ал Л/-деген әріп маркшейдерлік жұмыстарға арналгандыгын көрсетеді. Кейінгі кезде теодолиттер жаңартылып, 2Т2, 2Т5, 2Т30 тектес болып шығарылуда. Есеп алу тетіктерінің түріне байланысты теодолиттер тағы үш топқа бөлінеді: а) бағалау микроскобы; ә) шкалалы микроскоп; б) оптикалық микрометрлер.Горизонталь дөңгелектің вертикаль осьтері конструкциясына байланысты қайталанатын және қайталанбайтын теодолиттер болып бөлінеді. Қайталанатын теодолиттерде лимб пен алидада жеке айналады, әрқайсысының қысып коятын жэне жетекші бұрандалары болады. Оларга ТЗО, 2Т30 теодолиттері жатады. Ал қайталанбайтындарга 2Т30М, 2Т5, 2Т2, т.б. жатады, оларда лимб арнайы күрылғы аркылы керекті жағына бұрылады.Теодолиттің горизонталь және вертикаль дөңгелектері
21. Геометриялық нивелирлеудің мәні
Геометриялық нивелирлеу— жер бетіндегі нүктелердің биіктік айырмашылығын (өзара биіктікті) горизонтальдық көздеу арқылы анықтайтын тәсіл. Геометриялық нивелирлеу нивелир және рейканың (қаданың) көмегімен орындалады. . Жер бетінде Геометриялық нивелирлеу арқылы мемлекеттік және жергілікті нивелирлік торлар құрылады, олар арқылы республика аумағында біртұтас биіктік жүйесі жасалынып, топографиялық түсірім мен инженерлік жұмыстар орындалады. Алға нивелирлеу әдісі бөлу жұмыстарында, жерге жоба белгілер мен еңістіктерді шығарғанда, жерді вертикальдік пландауда ірі масштабты топографиялық жоспар план алу үшін қолданылады 22. Нивелирлердің жіктелуі. Нивелирлердің негізгі бөліктері
Құралымының негізгі типтері бойынша нивелирлерді цилиндрлік деңгейлі нивелир және компенсаторлы нивелир деп екі топқа бөледі, соңғыларында нысаналау сызығы горизонталь жағдайға автоматты түрде келтіріледі. Дәлдігі жөнінен нивелирлер, негізінен, І және ІІ класты нивелирлеуге арналған өте дәл, ІІІ және ІV класты нивелирлеуге арналған дәл нивелирлер, зерттеу және құрылыс жұмыстарына арналған техникалық нивелирлер деп бөлінеді. Н-05 — оптикалық микрометрлік жоғары дәлдікті нивелир, биік айырымды 1 км-лік екі мәрте жүрісте 0,5 мм-ден арпайтын орташа квадраттық қателікпен анықтауға арналған. Н-3, Н-3К, Н-3Л нивелирлері — дәл, 1 км екі мәрте жүрісте биік айырымды 3 мм-ден аспайтын орташа квадраттық қателікпен анықтауға арналған, дәл аспаптар. Инженерлік-геодезиялық зерттеулерде, ІІІ және ІV кластық нивелирлеу кезінде қолданылады. Н-10, 2Н-10Л, Н-10К, Н-10КЛ нивелирлері — 1 км-лік екі мәрте жүрісте биік айырымды 10 мм-ден аспайтын орташа квадраттық қателікпен анықтауға арналған техникалық нивелирлер. 23. Алға қарай және квадраттап нивелирлеу
Геометриялық нивелирлеуде нүктелердің биіктік өсімшесі нивелир деп аталатын аспап және рейка арқылы анықталады, нивелир горизонталь жазықтыққа келтірілген дүрбі арқылы рейкадан есеп алуға негізделген.