Тахеометрлік түсіріс – топографиялық түсірістің бір түрі. Бұл түсірістің нәтижесінде ситуация мен рельеф бейнелегне план алынады. «Тахеометрия» сөзі греу тілінен аударғанда «тез өлшеймін» деген мағынаны береді. Бұл түсірісте жер бетіндегі әр нүктенің пландық және биіктік орнын көру дүрбісін рейкаға бір рет қана қаратып анықтайды, мұнда бір мезетте арақашықтықты, горизонталь бұрыштарды және вертикаль бұрыштарды немесе өзара биіктікті өлшеп алады. Ос себептен өлшеуге кететін уақыт азайып, өлшеу жылдамдығы артады. Тахеометрлік түсірістің аспаптарына теодолиттермен қатар, тахеометр деп аталатын арнаулы аспаптар жатады. Тахеометрлік түсірісті орындау үшін келесі аспаптар қолданылады: теодолиттер Т15, Т15К(компенсаторлы), Т30, 2Т30, 2Т30П; тахеометрлер: номограммалық: ТН, DALTHA-010, DALTHA-020; электрондық: - Та-3, Та-5, RECOTA, RETA, ТС-307, ТРК-110; тахеометрлік және нивелирлік рейкалар; тахеометрлік қадалар; жер өлшейтін ленталар мен рулеткалар. 28. Оптикалық теодолиттің құрылысы.
Теодолит — жер өлшеу жұмыстарында, жерді тексеріп шолуда және ірі масштабты съемка жасауда көп пайдаланылатын бұрыш елшейтін геодезиялық аспап. Оның ең маңызды бөліктеріне: қарау түтігі, градусталған екі — вертикальды (тік) және горизонтальды (жазық) — шеңбері жатады. Сондықтан теодолитпен горизонтальды, вертикальды бұрыштарды бірдей анықтауға болады. Бұл аспап арқылы шырақтың не жердегі нәрсенің горизонталь координаталары, яғни азимут пен биіктігі анықталады. Аспап онша үлкен емес, экспедицияға алып жүруге ыңғайлы. Оптиуалық теодолиттің құрылысы; Жақ қақпағы,микрометр өңдеуі,қатайтқыш винт,бағыттауыш винт,деңгей реттегіш винт,алидадағы көлденең шеңбер бойынша,окуляр микраскопы,телескоп микраскопы,қақпағы,штеккерлік ұясы. 2Т30М, Т30 және 2Т30 оптикалық теодолиттер құрылысында келесі ерекшеліктер бар: вертикаль ось жүйесі қайталанғыш; өлшем лимбтің бір жағы бойынша жүргізіледі; массасы мен габариттері аз; негізгі тетіктердің шаң мен су тамшыларынан қорғалғандығы; теодолиттерді дүрбінің көмегімен нүкте үстінен центрлеу мүмкіндігі; бағдар-буссоли көмегімен бағдарлау мүмкіндігі және магниттік азимуттарды анықтау.