11. Бақылау әдісі ғылыми талаптарының сақталуы


Диплом жұмысын жазу әдістемесі



бет7/7
Дата15.12.2023
өлшемі38,97 Kb.
#139613
1   2   3   4   5   6   7
19.Диплом жұмысын жазу әдістемесі
Дипломдық жұмысты орындау реті бірізділікті қажет етеді: Зерттеу тақырыбын таңдау, оның өзектілігін негіздеу, зерттеудің мақсаты мен міндеттерін анықтау, зерттеу нысанасын белгілеу, нысана туралы білімдерді игеру, мәселені көтеру, зерттеу пәнін анықтау, болжам жасау, зерттеу әдістерін анықтау, белгіленген жоспарды жүзеге асыру, болжамды тексеру, зерттелетін нысананы түсіну үшін мәселенің маңыздылығын анықтау, табылған шешімнің практикада қолданылуының мүмкіндіктерін анықтау.
20.Дипломдық жұмыстарға қойылатын талаптар

  • Дипломдық жұмыc бітірушілердің болашақ мамандығына және теоиялық, практикалық міндеттерді шешуге даярлығын көрсетеді.
    Дипломдық жұмыстың мақсаты:

  • таңдаған мамандығы бойынша теориялық және практикалық білімдерін жүйелеу және тереңдету, оларды нақты практикалық міндеттерді шешуге қолдану;

  • өздігінен жұмыс істеу дағдысын;

  • зерттеу әдістемелерін меңгеру;

Студент дипломдық жұмысында келесі мәселелерге мән беруі керек:



  • таңдаған тақырыбы бойынша берік теориялық білімге және теориялық материалды тұрғыда баяндауға;

  • әдебиет деректерін зерттеу және жалпылау іскерлігіне, практикалық міндеттерді шешу, шешімдер мен ұсыныстар жасай білуге;

  • талдау жасау дағдысы, эксперимент жүргізе білу және қазірге есептеу техникасын меңгере білуге;

  • зерттеу әдістерін тиімді қолдана білу іскерлігіне.

Дипломдық жұмыс орындауға қойылатын жалпы талаптар:




  • мақсатқа бағыттылық;

  • құрылымының анық болуы

  • материалды – логикалық бірізділікпен баяндау;

  • зерттеу тереңділігі және сұрақтардың жан – жақты қарастырылуы;

  • аргумент және фактілердің сенімділігі:

  • ойдың ашық және нақты жүргізілуі;

  • жұмыс нәтижесі

  • ойын жеткізудің нақтылығы.

Дипломдық жұмыстын тақырыптары студенттердің болашақтағы мамандығына сәйкес болуы және көкейкесті, бүгінгі күн талабына сай болуы керек.


Студенттердің дипломдық жұмыстың тақырыптарын еркін таңдауға құқылары бар. Көпшілік жағдайда дипломдық жұмыстардың тақырыптары курстық және басқа да ғылыми зерттеу жұмыстарының жалғасы болып табылады.
Дипломдық жұмысының тақырыбы, ғылыми жетекшісі және кеңес берушіні бекіту кафедра сұранысы бойынша факультет деканының бұйрығымен жүзеге асырылады. Тақырыпты бекіткен соң, студент ғылыми жетекшімен бірге отырып, оны орындау жоспарын қарастырады. Оған ғылыми жетекшісі және студент өз қолдарын қояды, соңында кафедра меңгерушісі бекітеді.
Тапсырма екі данамен даярланады: біреуі студенттің қолына беріледі, ал екіншісі кафедрада сақталады.
Дипломдық жұмыс тақырып бойынша ғылыми деректерді және әдебиеттерді терең зерттеу негізінде орындалады. Арнайы әдебиеттер тақырып бойынша сұрақтарды негіздеу және нақтылау үшін қолданылады.
Эксперимент жүргізілетін мекеменің практикалық материалдарын міндетті түрде қолдану керек.
Дипломдық жұмысының құрылымдық элементіне мыналар жатады:

  1. сыртқы беті;

  2. дипломдық жұмысты орындауға тапсырма;

  3. мазмұны;

  4. кіріспе;

  5. негізгі бөлім;

  6. қорытынды;

  7. пайдаланылған әдебиеттер тізімі;

  8. қосымшалар;

  9. графикалық материалдар.Студенттердің орындайтын курстық және дипломдық жүмыстары – ғылыми жұмыстар болып табылады. Сондықтан ғылыми жұмыстардың реті, оларды орындауға қойылатын арнайы талаптары анықталған. Ғылыми жұмыстың ғылыми негізде болуы үшін тақырып таңдағанда да, әдебиеттермен жұмыс жүргізгенде де, оның жоспарын құру кезінде де, жалпы жұмысты жазу барысында оның көлемінің белгілі бір ретте болуы, барлық зерттеу жұмыстарының ғылыми дәрежеде безендірілуі, эксперимент қорытындысы мен нәтижелерінің анализдік-синтездік талдауларының зертгеу құндылығын арттыратындай дәрежеде болуы, ғылыми-зерттеу жұмыстарына қойылатын шарт болып табылады (К.Д.Ушинский, В.А.Сухомлинский, Ю.К.Бабанский, Б.Т.Лихачев, З.А.Исаева, Ф.А.Кузин, С.Л.Машников, С.И.Архангельский, В.М.Михеев, А.И.Пискунов және т.б. )
    Курстық және дипломдық жүмыстарға қойылатын негізгі талаптар: Курстық жұмыстың негізгі көлемі 25 бет, ал дипломдық жұмыс 60-90 бет аралығы болуы тиіс. Бет саны компьютер басылымымен есептелінеді. Негізгі мәтінге жоспары, әдебиеттер тізімі, қосымшылар кірмейді. Дипломдық жұмыстарда пайдаланылған әдебиеттер саны 25-тен кем болмауға тиіс.
    Әдебиеттерге ғылыми еңбектер жинағы, монография, конференция материалдары, газеттер мен журналдағы басылымдар кандидаттық және докторлық диссертациялар және олардың авторефераттары жатады. Курстық және дипломдық жүмыс графикке байланысты кезең бойынша орындалады. Студент жұмыстың орындалу барысы туралы әр кезең бойынша жетекшіге есеп беріп, одан кеңес алып отырады.
    Дайын жұмыс рецензияға толық безендіріліп, компьютерге басылған, түптелген кафедраның графигіне сай беріледі. Қорғауға дейінгі 7 (жеті) күннен кешіктірмеу керек.
    Жұмыстың жобасы дайын болғанда алдын-ала қорғаудан өтеді. Қорғау комиссия мүшелерінің қатысуымен өтеді. Курстық немесе дипломдық жұмысты қорғау кезінде ғылыми жетекшісінің берген пікірі мен тәжірибе жүргізген білім беру ұйымының пікірі ескеріле отырып, комиссия мүшелерінің шешімімен бағаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет