11 бет 3 стр. №16 (109) 20 тамыз, 2015 жыл АҢдатпа



Pdf көрінісі
бет4/6
Дата04.02.2017
өлшемі7,85 Mb.
#3396
1   2   3   4   5   6

Аяужан  НҰРМОЛДА,

 3-курс білімгері,

    "Аққу-арман" жыр 

    мүшәйрасының жүлдегері.

- Иә, той болып жатыр.

- Келін түсті, келін...  

-  Сенің тойың бұл, сенің тойың...   

Осы  сәтте  Айзаданың  ауызына  сөз 

түспей,  жүрегі  зырқ  етті.  Басы  зыңылдап, 

құлағы шуылдады. Қол-аяғы дірілдеп кетті. 

Денесі  қалшылдап, әп-сәтте бір суынып, бір 

ысыды. Кенет көз алдында дүние төңкеріліп 

бара  жатқандай  көрінді.  Жан-жақтан 

жамыраған  адамдардың  дауысы  түс  көріп 

жатқандай  елестеді.  Есі  ауып  бара  жатыр 

еді,  Байсарының  жеңгесі  Күләй  қолынан 

ұстап, «Құтты болсын! Айзада неғып тұрсың, 

жүрсеңші!» деп үйге қарай сүйрей жөнелді. 

Қарсыласуға  шама  жоқ,  Айзада  өзін 

қаптаған  адамдардың  арасында  бейне  бір 

қорғансыз сезінді. «Кел, қарағым, келінжан, 

ал бақытты болыңдар!» деген Байсарының 

жетпістен асқан Күлдария әжесі басына ақ 

орамал жапқанда қыздың ерні дірдек қағып, 

өзінің алданғанын бір-ақ білді. 

Айзаданың  жанарын  мөп-мөлдір  там-

шылар  жуып  ұзақ  жылады.  Көзінен 

сорғалай  аққан  жып-жылы  жас  анасының 

алақанындай  сипап,  бетінен  сүйіп,  төмен 

домалай  жөнелді.  Шырайға  қаяу  салған 

сұлудың  жүзі  бозарып,  өңі  қуқыл  тартты. 

Ұсқынсыз  мұңды  ұққан  ешкім  болған  жоқ, 

әркім  әйтеуір  келін  түскеніне  риза  кейіпте. 

Сүйгеніне  қосылмаған  қыздың  кем  бо-

ларын  ойламайтындай.  Сонда  Байсары 

мұның  несіне  қызықты?  Шын  махаббатты 

ол  қайдан  білсін,  қыздың  құнын  тәнімен 

өлшеген  секілді.  Жалған  сезім...  Қызды 

тұншықтырып әкетіп барады. Жүрегін біреу 

жұлып  алғандай.  Осыншама  қаумалаған 

таныс  та  бейтаныс  адамдардың  арасынан 



Жетісу 

университеті



ҚАЛАМГЕР

бейсенбі, 20 тамыз,

 2015 жыл

7

ЖЫР ДӘПТЕРІНЕН

суырылып  шығып,  тәкәппар  мінез  таны-

тар  қауқар  жоқ.  Бойын  белгісіз  ұяңдық 

биледі. Әшейінде мектепте оқып жүргенде 

бас  бермейтін  асаулығы  қазір  әлсіздігіне 

айналғандай. 

-  Қарағым,  көз  жасыңды  көлдете 

бермесеңші.  Сабыр  ет.  Біз  де  сен  секілді 

келін  боп  осы  үйге  түскенбіз.  Шүкір,  жа-

ман  болғанымыз  жоқ.  Тағдырдың  жазу-

ына  көндік.  Қайтеміз  көнбегенде,  -  деген 

Күлдария әжей жеңіл күрсініп, мұны бауы-

рына баса берді. Ақ кимешекке тамған ал-

бырт тамшыларды жұрт байқамады. 

-  Әже,  мен...мен...  –  Айзада  солқ-солқ 

етіп, кемсеңдеп қоя берді. «Менің сүйгенім 

бар» дегісі келген. Тек үні дірілдеп, ауызы-

нан сөз шықпады. 

-  Ештеңе  етпейді.  Маңдайыңа  жазғаны 

осы шығар. Әлі-ақ бір-біріңе бауыр басып 

кетерсіңдер.  Табалдырықтан  аттадың. 

Табалдырықтан үлкен тау жоқ. Қазір кетіп 

қалсаң,  осы  қара  шаңырақтың  шырқы 

бұзылып,  ел-жұртқа  масқара  боларсың. 

Өзің  де  босаға  аттаған  деген  атаққа 

ілінерсің.  Қайтесің,  тағдырдың  жазуына 

көн. Сөйт, шырағым! 

Айзада  әлі  есеңгіреп  тұр  еді.  Басы-

нан  өтіп  жатқан  жағдай  қорқынышты  түсі 

секілді.  

Әкесі  Баймұраттың  құлағына  тиген 

оқыс  хабар  ойға  бойлатып  жіберген.  Ана-

сы  Күлғайша  еріксіз  екі  көзіне  ерік  беріп, 

етегіне сүртті. Үйден үлкен ағасы Мұрат пен 

жеңгесі Бисара от алған көліктей зымырап 

қуғыншы болып жеткен. 

Жігіттің  үйіне  сау  етіп  келген  екеуі  әй-

шайға қарамай қызбен жүздестіруді талап 

етті. Алдарынан шыққан жасы үлкен Аман-

тай ақсақал кес-кестеп:

- Ассалаумағаликум! Қарағым, ата-баба 

жолымен  келін  түсіріп  жатырмыз.  Бөтен 

емеспіз.  Қыз  беріп  жатқан  соң  сендердікі 

жөн  ғой.  Жоғары  шығыңдар,  төрлетіңдер! 

– деп, бәйбішесіне қарап: - Қуғыншы бала-

лар келді, дастарханға жайғастырыңдар! 

- Әліксалам. Ақсақал, рұқсат етсеңіздер 

қарындасыммен жолығайық!

    Айзаданы  көрмек  болған  ағасы  мен 

жеңгесі  дастарханға  беттегісі  де  келмеді. 

Қарсы  алдындағы  қызықты  думанға 

масайраған  топ  бұлардың  сөзін  құлаққа 

ілгісі келмегендей гуілдесіп еді. Қызуқанды 

бір  келіншек  «Құда  бала,  билейік!»  деп 

сүйрей жөнелді. 

-  Қарындасым  қайда?!  –  деді  Болат 

қызбаланып. 

-  Әй,  қайынсіңлімді  көрсетсеңдерші, 

дастархан  қайда  қашар  дейсің,  -  деген 

жеңгесі де қосарланып. 

   Күлдария әжей күйеу жігіттің құр сөзге 

жібімесін білді ме:

  -  Мұратжан-ау,  бір  ашуыңды  маған  қи. 

Бөтен  емеспіз  ғой.  Бір  ауылда  тұрамыз 

дегендей...  Жүр,  өзім  апарып  көрсетейін. 

Тәйірі,  жақсы  құда  болып  кетерміз  әлі,  - 

деді. 

    Айзада  отырған  бөлмеге  аға-жеңгесі 



кіріп келгенде топырлаған адамдар арасын-

да меңіреу тыныштық орнады. 

-  Кәні,  қарындасым,  айтшы,  өзің  келдің 

бе? Әлде... – деп Мұрат оның жүзіне барлай 

қарады.  Шап-шағын  ауыл  болған  соң  өсек 

жерде  жата  ма,  қарындасының  Ақжігітпен 

көңіл  қосып  жүргенін  естіген.  Салмақты, 

жігіттердің  арасында  сыйлы,  ақ  жарқын 

жігітті  жақсы  таниды.  Қарындасының 

қабағына  қарап,  өзге  біреуді  ұнататанын, 

бәлкім сағынатынын аңғаратын секілді. 

Айзаданың  ауызына  сөз  түспей  қалған. 

Бағана жігіт әжесінің «Егер кететін болсаң, 

қара  шаңырағымызды  шайқалтып  кетесің, 

өзіңе  де  босаға  аттаған  деген  сөз  ереді» 

дегені есінен кетпей, ұнжырғасы түсіп кетті. 

Осы  қас-қағым  сәтте  қыздың  басын  сан 

түрлі ойлар қаумалап, әбден мазасы кеткен. 

Жүрегі лүпіл қақты.

- Сенен сұрап тұрмын. Өз еркіңмен келдің 

бе? Әлде сенімен келіспей алып қашып  кетті 

ме?  –  деді  төбесінен  төнген  қара  бұлттай 

түнерген  ағасы  сұрақты  төтесінен  қойып. 

«Ерке қыз-ау, неге үндемейсің? Айтсаңшы. 

Бәріміз сенің жауабыңды күтіп тұрмыз ғой» 

дегендей 

жеңгесі 

мұның  қос  қолынан 

ұстады.  Дәл  қазір 

мені  еркімсіз  алып 

кетті  десе,  ағасы  шу 

шығарып,  қолынан 

ұстап 

сүйреп 


әкетердей.

-  Мен...  Мен...  –  үй 

ішінде  үнсіздік  ор-

нап,  жұрттың  бәрі 

мұның бетіне барлай 

қараған. 

- Иә, айта бер! 

Мен.. 



Өзім 

келдім...

Айзаданың  ауызынан  осы  сөздер  шығуы 

мұң  екен,  сәл  тынып,    қайта  дүр  еткен  ор-

кестр үні секілді адамдардың үні жарқылдай 

шықты. 


- Әні, қыздың өзі қалап келіпті.

- Е-е, бәсе, біздің Байсарыны ұнатқан соң 

келген ғой.

-  Соны  айтам,  біздің  жігіттей  азаматты 

қайдан табады. 

-  Жастар  еркімен  бас  қосса,  біз  не  істей 

аламыз?  -  дескен  жұрт  тойды  дүркіретіп 

әкетті.  Мұрат  қарындасының  маңдайынан 

сүйіп  тұрып:  «Қалауын  осы  болса,  біздің 

қарсылығымыз жоқ. Бақытты бол!» деп ұзақ 

тұра  алмай  сыртқа  шығып  кетті.  Жеңгесі 

қыздың  сүйгеніне  қосыла  алмағанына 

налығандай 

еңкілдіп 

жылап 

тұрды. 


«Оны  несі  ей,  қайын  сіңлінді  жақсы  жер-

ге  беріп  жатырсың,  жылағаны  несі.  Қайта 

қуанбайсың  ба?»  дегендерге  жеңгесі 

«қуаныш  қой,  қуаныш  қой»  деді.  Бисара 

мұның өз сүйгеніне қосылмағанын сезсе де: 

«Ерке қыз-ау, біз сенің тілеуіңді тілейміз ғой. 

Қайда барсаң да жылап-сықтамай бақытты 

болсаң екен» деп екі көзіне ерік беріп, жасын 

жеңімен сүрте берді. 

* * *


Ауылдан  аудан  орталығына  жүйткіген 

көлік  жолда  бір  жүріп,  бір  тоқтап  жеткен. 

Анасының  науқасы  ауыр  екенін  сезген 

Ақжігіт  мазасыз  күйге  түсті.  Түн  ішінде 

жедел  жәрдем  көлігі  ауылға  қайтіп  келе 

қойсын, Ақжігіт анасын аудандық ауруханаға 

Қанат  досының  ескілеу  «жигулиімен» 

әупірімдеп жеткізіп еді. Айманның науқасын 

медициналық  аппаратпен  тексеріп,  бірден 

байқаған дәрігер:

-  Соқыр  ішегі  жарылып  кетіпті.  Тез,  тез 

болыңдар!  Жедел  ота  жасаймыз,  -    деп, 

бүкіл  аурухананы  басына  көтерген.  Төрт 

доңғалақты арбаға анасын жатқызып, ұзын 

корридор ішімен зымыраған дәрігерлер ота 

жасау бөлмесіне еніп кетті. Ақжігіт арбаның 

бір  шетін  ұстап,  анасына  қарап,  «Мама, 

алаңдама, бәрі жақсы болады. Мен жаныңда 

боламын» дегенді ғана айтып үлгерді.

- Сізге одан әрі баруға болмайды. Алысқа 

ұзап кетпеңіз. Бір нәрсе керек болып жатса, 

шақырамыз, - деген ақ желеңді хирург.

 Бірер сағат өткенде ауылдағы досы Самат 

ұялы  телефонмен  хабарласып,  Айзаданың 

үйлену  тойы  болып  жатқанын  естірткен. 

Ақжігіт үстінен біреу бір шелек мұздай суық 

су  құйып  жібергендей  есеңгіреп  қалды. 

Денесі  дірдек  қақты.  Құйқасы  шымырлап, 

өне  бойына  ашу  жүгірді.  Жүрегі  лүпілдеп, 

өзін қоярға жер таппай, дәлізді айналсоқтап 

жүрді.  

- Не... Не деп тұрсың... Үйленгені қалай?

-  Мен  де  алғашында  сенбегем.  Сексен 

жетінің  жігіттері...  Макс,  Нуриктер  айтқан. 

Бәсе,  Байсарының  үй  жағынан  музыка 

даңғырлап жатқан. 

-  Байсары...  –  деп  Ақжігіт  ернін  тістеп 

алды.  Өзінен  екі  жас  үлкен  бұл  жігіт  Ай-

зада  екеуінің  ортасына  от  қойып,  талай 

рет  айырмақшы  болған.  Сол  үшін  талай 

төбелесіп еді. «Залым, оңбаған, арсыз» деді 

іштей. Менің шешемнің ауырғанын біліп, мен 

осы жаққа кеткенде алып қашқан ғой. 

-  Жігіттер  қалжыңдаған  шығар  деп  өз 

көзіммен  барып  көрдім.  Иә,  Байсарының 

қалыңдығы  Айзада  екен!    Ақжігіт...  Ақжігіт, 

неге үндемейсің? Енді не істейсің?   

        Бұл  жауап  берген  жоқ.  Телефонын 

өшіріп  тастады.  Дәл  қазір  өлім  мен  өмір 

арпалысы  басталып  кеткендей.  Өмір  үшін 

арпалысып  жатқан  анасын  тастап  кеткісі 

келмеді.  Сүйіктісін  бақытсыздыққа  душар 

етуге, аңсаған ақ арманынан айрылғысы да 

жоқ. Ғашық болған адамына қосыла алма-

са өмірдің еш мәні қалмайтындай. Енді бір 

сәт сүйгенін той үстінен алып кеткісі келген. 

Есіне  дәрігердің:  «Ешқайда  кетпе,  көмегің 

керек болады» дегені түсіп, санын бір соқты. 

Байқаса,  екі  оттың  ортасында  қалғандай. 

Қыз  жігіттің  телефонына  қайта-қайта 

қоңырау  шалғанымен  еш  жауап  болмады. 

Ақжігіт те сүйіктісіне хабарласпақ болып еді, 

қырсық қылғанда ұялы телефонынын қуаты 

сарқылыпты.  

Қанат досы көлігі бұзылған соң қаладағы 

бір  туысының  үйіне  кеткелі  қашан.  Так-

си  ұстап,  ауылға  тартып  кетуге  болар  еді, 

әттең  анасын  қимады.  «Қап,  тағдырдың 

мені 

таңдау 


жасауға 

итермелегенін 

қарашы.  Не  істесем  екен?»  деп,  санасын 

сансыратқан  ойлардың  шырмауынан  шыға 

алмады.  «Айзаданың  ағасы  да,  жеңгесі  де 

екеуміздің  жүретінімізді  біледі  ғой,  ол  үйге 

қалдырмай  алып  кететін  шығар»  деп  өзін-

өзі  жұбатқандай  болды.  Айзада  керісінше, 

«Ақжігіт мені сүйеді, өзгеге қимайды. Менің 

мұндай  күйге  түскенімді  естіп,  жолда  келе 

жатқан шығар» деп сеніп еді. Екеуі кіршіксіз 

махаббат жайлы айтып, бірге жүрген кездері 

естеріне  түсті.  «Мен  сені  тастамаймын. 

Ешкімге  бермеймін»  дейтін  Ақжігіт.  «Сенен 

басқа  ешкіммен  көңіл  қосқым  келмейді. 

Саған адал болып қалам» деп еркелеуші еді 

Айзада. Айлы түн астында екеуі бір-бірін та-

стамайтынын айтып, серттескен.  

          Ақжігіт  басын  шыр  айналдырған 

ойлардың құшағына еніп, уайымнан шарша-

ды ма, көзі ілініп кетіпті. Есіктің сықырынан 

оянып,  көзін  ашты.  Айналаға  алтын  шуақ 

шашып таң атып келеді екен. Қарсы алдын-

да маңдайын тер басқан хирург күлімсіреп 

тұрды. 

-  Құттықтаймын!  Операция  сәтті  өтті. 



Шешең  аман  қалды.  Көрер  жарығы  бар 

екен,  -  деп  мұның  қолынан  қысты.  Ақжігіт 

дәрігердің иығына басын төсеп, жас балаша  

еңкілдеп жылап жіберді. 

- Саған не болды? Ер жігіт жылай ма екен? 

Қайта анаңның жаны аман-есен қалғанына 

қуанбайсың ба? – деп дәрігер таңданысын 

білдірді. 

- Өмірде қуаныш пен қайғы қатар жүреді 

екен.  Қуаныш  пен  қайғының  қатар  аққан 

жасы ғой бұл. Сізге көп рахмет! – деді Ақжігіт 

кемсеңдеп.  Ол  анасының  өмірге  қайта 

оралғанына  қуанып,  сүйіктісінен  мәңгілік 

айрылғанына  өкініш  білдірді.  Екі  бірдей 

арманының жүзеге аспағанына налыды. 

      Таң  атты.  Төсектің  аяқ  жағына  жан-

тайып  ұйықтап  қалған  Байсары  көзін 

ашты. Тізесін құшақтап, ұзақ түнді өксумен 

өткізген  қалыңдығына  қарап,  өзінің  қателік 

жасағанына өкінгендей болды. Мастығынан 

айыққан Байсары түк болмағандай:

- Киін, үйіне апарып тастайын, - деді.

-  Керегі  жоқ,  мен  осында  қаламын. 

Мәңгілік,  -  деген  Айзада  терезеден  шуағы 

шашыраған арайлы күнге үмітпен қарады.     

Асхат ӨМІРБАЕВ.

ТҮН


  

О, Муза, шабыт қайда, шабыт қайда? 

Томағасын басынан ағытпай ма?  

Аяқтағы шідерін шешіп тастап,

Ол өзін мына  жұртқа танытпай ма?

О, Муза, шабыт қайда, шабыт қайда?

Қара  сөзбен  бұл  жұртты қағытпай ма?

Шыңырауға шықпай ма құмарланып,

Аңсаған көңілдерге  тұмар тағып,

Сезіміне өзінің тоғытпай ма?

О, Муза, шабыт қайда, шабыт қайда?

Найзағайдай жарқылдап жасын атқан.

Кезім қайда шыңдардан тас құлатқан,

Тасқындармен таласып жағаласқан,

Сезім қайда,  ей, Муза, мен ұнатқан?

О, Муза, шабыт қайда, шабыт қайда?

Менің  көңілім өзіңсіз торықпай ма?

Сағындым ғой алаңсыз күндерімді,

Асау  шабыт бір келіп жолықпай ма?

О, Муза, шабыт қайда?..

О, Муза, шабыт                                                                                                                                            

              қайда?

Мен өзімді теңемеймін Мағжанға,

Қол созамын Мағжандағы арманға.

Ұлтын, тілін аманаттап қалдырған,

Еліктеймін екі тумас жандарға.

Мен өзімді теңемеймін Абайға,

Жыр жазамын сол өрнекпен алайда.

Жүректе рух, бойда қуат болған соң,

Ұлтым үшін тырысамын қалайда.

Мен өзімді дегенім жоқ  Шәкәрім,

Шәкәрімше діннен тағат табамын.

Қазақ бабам салып кеткен сара жол,

Соны бойлап мен де қазір барамын.

Мен өзімді  Мұқағали дегем жоқ,

Мұқаңдікі қайталанбас  өнер тек.

Мен де өлең жазып жүрмін қалайда,

Жамау жырды біреу-міреу көрер деп.

Қазіргілер мына мендік жайды  ұқса,

Өлең келед көңілдегі ой қаймықса.

Қазағымның рухын ту  қып көтерген,

Қайталанбас тұлғалар-ай  айрықша.

  

Мен өзімді



  

О, Ханша қыз!..

                            

(Абай ізімен)

Тал бойыңа бар көркемдік жиылған,

Хас сұлусың қас кірпігі қиылған.

Отты жанар, қарашығың  - қара түн,

Ақшыл жүзің - ақ қорғасын құйылған.

Қызыл ерін құлпынайдай шырын-ды,

Шөліркеген қай жігітке бұйырған.

О, Ханша қыз, қара шашты, бұрымды,

Сені аңсап келген жанмын қиырдан.

Ал, тамағың жаңа атқан ақ таңдай,

Жауырының сүргіленген тақтайдай.

Кеудеңдегі балбыраған екі алма,

Тал бойыңнан жарасымын тапқандай.

Жіңішке бел қыр гүлінің сабағы,

Нәзік саусақ, ақ білегің мақпалдай.

О, Ханша қыз кербез жүріс, кермарал,

Сені құшқан азаматта бақ барма-ай?!

                                       

Сұлтан  ҚАЗИЕВ.

 

Медет ЖҰМАБАЕВ



 2-курс  білімгері.

Жетісу 

университеті



ӨНЕГЕ

бейсенбі, 20 тамыз, 

2015 жыл

8

ЕЛГЕ ДЕГЕН МАХАББАТЫ

жүрегінде сақталған

МЕЗГІЛ

Б

үгінгі қоғамда тұрмыстық 



жағдайдың төмендігінен ба-

лаларын мектепке алып бара 

алмай отырған немесе олар-

ды сабаққа қажетті құрал-

жабдық тармен қамтып, 

киіндіруге шамасы жете 

бермейтін отбасылардың 

аз да болса бары рас. 

Осы мәселенің шешімін               

тауып, балалардың мектеп-

ке бармай қалуының алдын 

алу мақсатында ҚР Білім және 

ғылым министрлігі «Мектеп-

ке жол» атты республикалық 

акциясын жыл сайын өткізіп 

келеді. 1 тамыз бен 30 

қыркүйек аралығын қамтитын 

акцияға әр облыс, аудан мен 

қала үн қосуда. Биылғы ак-

ция «Балаларға бірге көмек 

берейік!» ұранымен өткізіледі.

ЕЛ БАСЫНА күн туған кезде атқа қонып, 

ел-жұртына  жарық  шырақ  жағып,  жол 

көрсетіп, көш бастаған қазақ қыздары біздің 

елде көптеп кездеседі. Солардың қатарында 

шолпан  жұлдыздай  жарқыраған  Жетісудың 

би  Бәтимәсін  бірден  тануға  болады.  Абзал 

жанның есімін естімеген жан жоқ шығар бұл 

өңірде.  Ел  анасының  атқарған  игі  істері, 

қажырлы  еңбегі  ел  аузында  әлдеқашан 

аңызға айналып үлгерген. Нар тұлғалы жан-

ды көрмей-ақ бізді ол кісінің мысы басқаны 

жасырын  емес.  Сол  үшін  де  апайдың 

босағасын  жүрексініп,  имене  аттадық.  Са-

майын ақ қырау шалған, жүзі жылы қарт ана 

қарсы  алды  бізді.  Шаңырағына  аяқ  басқан 

жасқа  да,  жасамысқа  да  ерекше  ілтипат 

көрсететін  абызға  айналған  асыл  жанның 

жүрегі жылылыққа толы көрінді. 

Жастайынан әкесінен жетім қалып, ағасы 

мен  әпкесінің  қамқорлығында  болған  бой-

жеткен бала күнінен еңбекке араласып, оның 

қызуына  жылынып  өседі.  Тағдыры  тарыл-

са  да  өмірде  сүріну  мен  құлауды  білмеген 

жаннан өмірлік сабақ алу да үлкен жетістік. 

Оның әрбір сөзі жастарға жігер, күш беретіні 

анық.  Сексеннің  сеңгірінен  асқан  абзал 

ананың  сырласы  мен  мұңдасына  айналған 

сөре  толы  кітаптар,  газет-журналдар  да 

біраз  сырға  қаныққандай.  Шаңырақтың 

әрбір  қабырғасына  тіл  бітсе  апаймен  бірге 

қиын-қыстау  уақыттарда  көрген-білгенін 

баян еткісі келетіндей. Ал, қабырғаға ілінген 

суреттердің барлығы да өткен күннің орал-

мас естеліктері.



ЕЛГЕ ПАЙДАҢ ТИСІН...

Өмірінің 

ұзақ 

жылдары 


облыс 

орталығында  өткендігін  ерекше  әсермен, 

қуанышпен  жеткізген  апайымыз  тарих 

беттерін парақтап, алтын әріппен жазылған 

күндерінен  сыр  шертті.  Ерлермен  иық 

тіресе жұмыс жасап, елдің ертеңі үшін жар 

құлағы жастыққа тимей, кірпік қақпай өткен 

жылдардың естеліктері ерекше құнды дейді 

бір  күрсініп,  бір  күліп,  тершіген  маңдайын 

сүрткен әжей.

Талдықорған облысы 1959  жылы тарап, 

1968 жылы қайта құрылған. Ел еңсесін көтере 

бастаған  кезеңнің  суығы  мен  ыстығына 

бірдей  төзген  жандардың  қатарында 

Бәтимә апамыз да ерен еңбегімен танылған. 

Қала  құрылысының  басы-қасында  жүрген 

уақыттарын бүгін де сағынышпен еске ала-

ды. Тіпті, көшені жарықтандыру ісін бастаған 

кезде Петр Яковлевич арнайы Ленинградқа 

барып, көше шамдарын әкелгені күні бүгінге 

дейін көз алдында. Ал, республика бойынша 

облыста  бірінші  болып  эксперименталды 

зауыт салынғанда балаша қуанғандары да 

күні кеше болғандай. Өңірдің дамуы жолын-

да  аянбай  маңдай  терін  төгіп,  1982  жылы 

еңбек  демалысына  шықса  да,  қоғамдық 

жұмыстардың  басы-қасында  жүріп,  ұрпақ 

тәрбиесіне  де  көп  көңіл  бөлген.  Оқу-ағарту 

ісін бірінші кезекке қойған зиялы қауымның 

көшін  бастап,  қазіргі  Жетісу  мемлекеттік 

университетін  ашуға  да  бір  кісідей 

атсалысқан. Күні бүгінге дейін оқу орнының 

ұжымы  ақыл-кеңес  алып  тұратын  көрінеді. 

Университеттің Құрметті профессоры деген 

атағына  ие  болғандығы  да  терең  білімнің, 

ізденімпаздықтың  жемісі.  «Елге  пайдаң 

тисін»  деген  халық  тәмсілі  дәл  Бәтимә 

апамызға айтылғандай. Әр ісінің пайдасын 

өскелең ұрпақ көруде. 

1988  жылы  Президент  сайлауында 

Н.Назарбаевтың сенімді өкілі болуға Бәтимә 

Есболатқызы  ұсынылған.  Республика  бой-

ынша  25  сенімді  өкілдің  ішінде  жетпістен 

асқан  жасында  ел  аралап,  үгіт-насихатпен 

шұғылданған  жалғыз  әйел  заты  да  біздің 

кейіпкеріміз  болған.  Елбасының  Алғыс  хат 

тапсыруы,  «Құрмет  орденін»  құрметтеп 

төсіне ілуінің барлығы да қоғамдағы тыным-

сыз еңбегінің нәтижесі.

ӨМІР ЖОЛЫ ӨНЕГЕ

Ұлы  отан  соғысының  ардагері,  өмір 

бойы  әскери  қызметті  жанына  серік  ет-

кен  Еркін  Бақтыберлинмен  танысуы  да 

өз  алдына  бөлек  әңгіме.  Әке-шешеден 

ерте  айрылып,  сұм  соғыс  басталғанда  ол 

иығына  қару  асынып,  Отан  қорғауға  атта-

нады.  Соғыстан  жаралы  оралған  майдан-

гер лейтенант 1943 жылдың күзінде әскери 

комиссариатқа  қызметке  жіберіледі  де 

Бәтимә  апайымыздың  пәтерінде  тұрады. 

Жақындарымен  танысып,  көңілдері  жара-

сып, сұрапыл соғыс жылдары екеуі шаңырақ 

көтереді. Өмірдің ащысы мен тәттісін бірге 

көріп, дүниеге үш перзент алып келген ата-

ана  жауапты  қызметті  тізгіндеп  жүрсе  де, 

бала  тәрбиесіне  барынша  көңіл  бөлген. 

Балапандарының  қанатын  қатайтып,  бір-

бір  отау  көтертіп,  шаттыққа  бөленеді. 

Өкінішке  орай,  шаттықтың  кесесі  талай 

рет  шайқалады.  Қуаныш  пен  қайғыдан 

тұратын  өмірдің  ауыр  жүгін  арқалаған 

ананың  жүрегіне  айықпас  дерт,  жазылмас 

жара  пайда  болды.  Жастық  шағын  бірге 

өткізіп,  өмірдің  ауыры  мен  жеңілін  теңдей 

көрген  серігінің,  тоғыз  ай  бойы  көтерген 

перзенттерінің өмірден өтуі асыл анаға үлкен 

соққы  болып  тиді.  Тағдырдың  ауыр  жүгін 

арқалап үйренсе де жақындарының қазасы 

жүрегіне  біраз  әжім  түсіргені  рас.  Өмірде 

ана үшін бұдан артық қайғы болмас. «Басқа 

түссе баспақшыл» дегендей тағдырдың то-

сыннан жіберген қаралы күндерін жанарына 

жас үйрілтіп, күрсіне еске алады. 

Өткен  ғасырдың  орта  шенінен  бергі 

өмірдің  ағы  мен  қарасын  жастарға  айтуды 

парыз санаған Бәтимә Сақауованың ертеңгі 

күнге құлшынған жастардан күтер үміті зор. 

Сол үшінде жақында ғана облыстық С. Сей-

фуллин кітапханасында өткен «Кітап сыйла» 

акциясына  асыл  қазынаның  том-томдығын 

өткізген. Бұл да жастардың болашағы үшін 

жасалған игі іс деп білеміз.

Бәтимә  Есболатқызы  сөз  соңында 

кейінгі  толқын  аға  буынның  ізденгіштігінен, 

ілгері ұмтылуынан үлгі алып, тек қана алға 

ұмтылуды мақсат етсе деген тілегін білдірді. 

Көздеріне  терең  мұң  мен  қуанышты  қатар 

жасырған  ана  жүрегі,  көлдей  көңілі  елдің 

тілеуін тілеуден жалыққан емес.



ОТБАСЫ – ШАҒЫН     

ОТАНЫМ

 – Өзім жеті атадан жалғызбын. Асқар 

таудай  әкем  өмірден  ерте  қайтты. 

Жетімдік  көрсетпей  өсірген  қамқор 

жандардың  арқасында  аман  қалдым. 

Дүниенің ауыр жүгін арқалауды, сүрінсем де 

құламауды  өмірдің  өзі  үйретті  маған.  Ал-

дымда туған ағам, артымда іздеуші інімнің 

жоқтығын сездірмеген, маған сүйеу болған 

ерім  қиыншылықты  қасқайып  тұрып 

қарсы  алып,  күліп  шығарып  салуды  да 

бойыма  сіңірді.  Екеуміз  о  бастан-ақ  оқып, 

білім алсақ, елдің мүддесі жолында қызмет 

істесек  бір-бірімізге  ешқашан  да  кедергі 

келтірмейміз  деп  уәделескенбіз.  Тағдыр 

тәлкегін  бір  кісідей  көрген  аталарың 

екеуміз  сөзімізде  тұрдық.  Ел  ертеңі  үшін 

еңбек  еттік,  ұрпақ  сабақтастығын  берік 

жалғадық.  Соның  нәтижесінде  үлкен 

жетістіктерге  елімізбен  бірге  жетіп 

отырдық. Елмен бірге есейдік. Сондай-ақ, 

әрбір  отбасы  өз  шаңырағын  шағын  ОТА-

НЫМ деп түсінген жөн. 

Егер  қазақ  елінің  шаңырағы  биік, 

босағасы  берік  болсын  десек  ең  алдымен 

жастарымызға  жақсы  тәрбие  беруіміз 

керек.  Жақсы  тәрбие  алған  бала,  қазақы 

рухты жоғары бағалаған ұрпақ – ол біздің 

келешегіміз. 

Менің 

тағдырыммен 

тағдырлас 

жандар  көп.  Кеңес  үкіметінде  үлкен 

жауапкершілікті  арқалап,  күн  демей  түн 

демей жұмыс істеп жүріп уақыттың қалай 

өткенін  де  сезбей  қалдық  қой.  Бірақ  мен 

өз  өміріме,  тағдырыма  ризамын.  Өткен 

күнді  есіме  алғанда,  замандастарым  ту-

ралы  толғанғанда  есіме  бірден  Бижамал 

Рамазанова,  Злиха  Тамшыбаева  оралады. 

Қызмет бабымен танысқан әріптестерім, 

кейінде  туғандарымдай  болып  кетті.  Ел 

игілігі жолында қай жерде қызмет істесем 

де үнемі жанымнан  жақсы  адамдар табы-

лып  отырды.  Менің  қуанышым  да  осында 

деп  ойлаймын.  Егеубек  Далбағаев,  Күләш 

Түменбаева, Зура Молдабаева, Сейдахмет 

Шүрегеев,  Марат-Марьян  Байқановтар, 

Аманғазы-Ғибадат  Шегіровтар,  Әсия-

Жекен,  Гүлжан-Қуаныш,  Сайраш-Кенжехан 

сынды  азаматтардың  есімдерін  ерекше 

атап өткен жөн. Жастарға осы кісілердің 

өмірлері үлгі болса деймін. 

Қазіргі  облыс  орталығының  көркі 

көңіліме  медеу  сыйлайды.  Барлық 

жағдай  жасалды.  Тізгінді  ұстаған 

әкімдеріміз де үлкен жетістіктерге же-

телеп  келеді.  Қуанышты  жағдай.  Жыл 

сайын  мерекеде  әкімдік  бізді  ұмытпай, 

құттықтап,  сыйлықтарын  жасайды. 

Үлкен  алғысымды  да  айтамын.  Ендігі 

жолды  жастарға  бердік.  Олар  тын-

бай  еңбектенулері  қажет.  Өйткені 

болашақтың  кілті  солардың  қолында. 

Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет