№11 Дәріс. Photoshop графиктік программасының арнауы (белгілеуі) мен мүмкіншілігі


Crop and Straighten атты жаңа құрал сканермен көп жұмыс істейтін адамдарға көп жеңілдік жасайды: енді сканерден өткен суреттер автоматты түрде кесіліп дұрыс жағына айналып отырады



бет2/3
Дата30.09.2023
өлшемі248,31 Kb.
#112005
түріПрограмма
1   2   3
Байланысты:
1271777.pptx

Crop and Straighten атты жаңа құрал сканермен көп жұмыс істейтін адамдарға көп жеңілдік жасайды: енді сканерден өткен суреттер автоматты түрде кесіліп дұрыс жағына айналып отырады.

Web-графиканы әзірлейтін ImageReady пакетіне де көптеген өзгерістер енген. Енді түскен суреттерді Macromedia Flash форматында экспорттауға болады.

Әрине бұл жаңалықтармен Photoshop СS-тың мүмкіндіктері біте қоймайды. Жоғарыда көрсеткендер тек мысал ретінде ғана. Осылар мен тағы да басқа жаңалықтармен мүмкіндіктерді алда қарастырып өтеміз.

Программа терезелерімен жұмыс

Photoshop программасында жұмыс істемес алдында программаны жүктеу немесе іске қосу керек. Ол үшін келесі әрекеттерді орындау қажет:

- Windows жұмыс үстеліндегі Пуск (іске қосу) батырмасында

тышқанның сол жақ батырмасын шертеміз;

- Осы менюде Все программы қатарында тышқанды шертеміз:

  • Енді Adobe Photoshop CS қатарына меңзерді қойып тышқанды басамыз.

Енді терезелермен жұмысқа көшеміз

Photoshop CS программасы Windows-тың қолданбалы программалары сияқты экранда екi терезесi болады: PhotoShop программасының басты жұмыс аймағын құрайтын программа терезесi және редакциялайтын бейне орналасқан терезесi. Мұны 2 - суреттен круге болады. Photoshop терезесi, программа және бейне – Windows-тың басқа қолданбалы программа терезелерi сияқты, негiзгi элементтерден құралған. Photohop программасында бiр уақытта бiрнеше терезелермен жұмыс жасау жиi кездеседi. Ал осы, бiр терезеден басқа терезеге өту үрдісі ыңғайсыз. Сондықтан да мұндай жағдайда Windows үшiн Photoshop программасында СTRL+TAB және CTRL+SHIFT+TAB пернелер комбинацилары пайдаланылады. Бiрақ, Macintosh мұндай мүмкiндiктi бере алмайды. Мұндай жағдайда CE Software фирмасының Quickkeys программасы қажет. Программа терезесiн жұмыс үстеліне келтiру үшiн кішірейту батырмасына тышқанды апарып шертемiз. Егер программаны экранға келтiру қажет болса, онда жұмыс үстелінде оның батырмасын тышқанмен шертемiз. Сонымен қатар жұмыс үстеліндегі батырмаларды Photoshop программасынан басқа активтi программаларға өтуге және керiсiнше пайдалануға болады. Қалпына келтiру/үлкейту батырмалары терезе күйiне тәуелдi. Егер батырмада екi кiшкентай шаршы болса, онда ол қалпына келтiру батырмасын басамыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет