Диагностикалаудың бөлімдері:
- Қадағалау
1. Алдын-ала қадағалау
2. Ағымдағы (күнделікті) қадағалау
3. Мерзімді қадағалау
4. Тақырыптық қадағалау
5. Қорытынды қадағалау
6. Өтілген материал, тақырып ізімен қадағалау
- Тексеру
Қадағалау әдісітері
Ауызша қадағалау.
Жазбаша қадағалау.
Тəжірибелік қадағалау.
2. «Оқу жетістігін бағалау» - білім алушының кері байланыс арқылы оқу мақсаттарына сәйкес жоспарланған білім беру үдерісін реттеу және түзету арқылы нақты қол жеткізген нәтижесін белгілеу үдерісі - 2. «Оқу жетістігін бағалау» - білім алушының кері байланыс арқылы оқу мақсаттарына сәйкес жоспарланған білім беру үдерісін реттеу және түзету арқылы нақты қол жеткізген нәтижесін белгілеу үдерісі
Бағалау: Бұл не үшін қажет?
Б.Г.Ананьев: «Бағаның болмауы … бағаның ең нашар түрі болып табылады, себебі бұл бағыт беретін әсер емес, керісінше бағыт бермейтін әсер, объект жақсы ынталандырушы емес, керісінше депрессияға әкелуші, өзінің нақты білімі көрініс тапқан объективті баға негізінде өзіндік бағалауды құрудың орнына адамды субъективті түсіндірілген тұспалдарға, жартылай түсінікті жағдайларға, педагог пен оқушылардың мінез-құлқына негізделуге мәжбүрлейді».
«Критериалды бағалау» терминін алғаш рет Роберт Юджин Глейзер (1963) қолданған және бұл термин оқушылардың оқу жетістіктерінің қол жеткізген және потенциалды деңгейлері арасындағы сәйкестікті анықтауға мүмкіндік беретін үдерісті сипаттайды. Критериалды бағалау басқа оқушылардың жетістіктерін салыстырмайды және бір-біріне тәуелді етпейді, сонымен қатар әр оқушының құзыреттілік деңгейі туралы ақпарат беруге бағытталады.
3. Критериалды бағалау төмендегідей қағидаттарға (принциптерге) сәйкес жүзеге асырылады:
• Оқыту мен бағалаудың өзара байланысы. Бағалау оқытудың ажырамас бір бөлігі болып табылады, ол оқу бағдарламасындағы мақсаттармен, күтілетін нәтижелермен тікелей байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |