Білу Түсіну Қолдану Талдау Жинақтау (синтез) Бағалау Сөйлеу әрекетінің теориясы 4. Критериалды бағалау жүйесінің мазмұны. Критериалды бағалау жүйесінің мазмұны төмендегідей нұсқаулық-әдістемелік құжаттар арқылы реттеледі: • Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті орта білім беру стандарты;
• Оқу бағдарламасы;
• Оқу жоспары;
• Жалпы орта білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын, білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың оқу жетістігін критериалды бағалауды өткізу тәртібі;
• Орта сынып мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық;
• Критериалды бағалау бойынша өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне арналған нұсқаулық;
• Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы;
• Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті орта білім беру стандарты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті орта білім беру стандарты (бұдан әрі - ҚР МЖМББС) бойынша білім алушылардың дайындық деңгейін, білім беру мазмұнын, білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғарғы көлемін, оқу мерзіміне қойылатын жалпы талаптардың жиынтығын анықтайды.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті орта білім беру стандарты Оқу жоспары Оқу бағдарламасы Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы
Жалпы орта білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың оқу жетістігін критериалды бағалауды өткізу тәртібі Құжатта мемлекеттік жалпыға міндетті орта білім беру стандартына сәйкес орта білім берудің оқу бағдарламасына енгізілетін және апробацияланатын Қазақстан Республикасы орта білім беру ұйымдарындағы білім алатын білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауды ұйымдастыру, өткізу тәртібі анықталады және төмендегідей бағалау рәсімдерімен реттеледі: • қалыптастырушы және жиынтық бағалауды ұйымдастыру, өткізу рәсімдері; • тоқсандық жиынтық бағалаудың модерациясын өткізу рәсімдері; • тоқсандық және оқу жылына қойылатын бағалар рәсімдері; • білім алушылардың портфолиосын жүргізу бойынша ұсыныстар. Жалпы білім беретін мектептердегі орта сынып мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық Критериалды бағалауға арналған нұсқаулық жаңартылған білім беру мазмұнын енгізу аясында білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау бойынша мұғалімнің іс-әрекетіне өзгерістер енгізудің теориялық және тәжірибелік негізін анықтайды. Берілген ұсыныстар бағалау рәсімдерін, олардың белгіленген стандарттарға сәйкестігін, әр білім алушының оқудағы қажеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.