35.Металдық және иондық байланыс. Поляризация және поляризациялану.1.Иондық байланыс- бұл қарама-қарсы зарядталған иондардың арасында электростатикалық тарту болатын химиялық байланыстың түрі. Яғни, оң зарядталған ион электрондарды бір атомнан екінші атомға ауыстырып, теріс зарядталған ионмен байланыс түзеді.Химиялық байланыстың бұл түрі бір атомнан валенттік электрондар екінші атомға тұрақты ауысқанда пайда болады. Электрондарды жоғалтқан атом катионға айналады (оң зарядталған), ал электрондарды алған анионға айналады (теріс зарядталған).Иондық байланысқан заттардың физикалық қасиеттері:Иондық байланысқан зат кристалдық тор құрады.Сондықтан осындай химиялық байланысы бар заттар қатты, балқу температурасы жоғары, буланбайтын, суда жақсы еритін, сынғыш болады. Мысалы ас тұзы осындай қасиеттерге ие.2.Металдық байланыс деп электрстатикалық тартылу нəтижесінде металл иондарының жəне жалпыланған электрондар арасындағы түзілетін химиялық байланысты айтады. Металдық байланыс бір қарағанда ковалентті байланысқа ұқсас, екеуі де электрондар түзеді. Бірақ ковалентті байланыс тек кей атом арасында жұп электрон арқылы пайда болса, металдық байланыста ортақ электрон газы металл атомдарының бəрін бірдей берік ұстайды. Сондықтан ковалентті байланыс арқылы түзілген заттар жұмсақ, иілгіш, созылғыш болып келеді. Металлдардың барлық қасиеттері осы металдық байланыстың ерекшелігімен түсіндіріледі.3.Поляризация, полярлану (француз тілінде polarіsatіon — алғашқы негізі, грек тілінде polos — ось, полюс)1)электрхимиялық поляризация — электр тогы өткен кезде ерітінді мен электрод арасындағы потенциалдар айырмасының тепе-теңдік мəнінен ауытқуы;2)молекуланың жəне атомның поляризациясы — сыртқы электр өрісінде орналасқан зат молекуласы мен атомының деформациялануы;3)биоэлектрлік поляризация — тірі жасуша мен сыртқы орта шекарасында қос электрлік қабаттың пайда болуы;4)вакуумдық поляризация — магниттік өріс əсерінен вакуумның диэлектрлік орта тəрізді, яғни, осы ортада электр зарядтары біркелкі таралғандай əсер қалдыратын күйге ауысуы;5)толқындар поляризациясы — көлденең толқындардағы тербелістердің таралу бағытымен салыстырғанда осьтік симметриясының бұзылуы;6)диэлектриктердің поляризациясы;7)бөлшектердің поляризациясы — əр бөлшектің өзіне тəн қозғалыс мөлшерінің моменті — спині болуына жəне оның кеңістіктегі бағытталуына байланысты байқалатын бөлшектер күйінің сипаттамасы;8)ортаның поляризациясы — қарастырылып отырған ортада көлемдік дипольдік электрлік моменттің пайда болуы;9)Жарық поляризациясы — жарықтың полярлануы;10)аспан күмбезінің поляризациясы — күндіз бұлт болмаған кезде, не түнде ай жарығында байқалатын оптикалық құбылыстардың бірі.Поляризациялану дəрежесі - бөліктеніп поляризацияланған жарықтағы поляризацияланған жарық пен табиғи жарықтың қатынасы