30.Оттек молекуласын молекулярлық орбиталь әдісімен сипаттап,оның байланыс санын,магниттік қасиетін анықтаңыз.
31.коваленттік бйланыс,ерекшелігі,қаныққандығы,бағытталуы,полюстілігі.Коваленттік байланыс – ортақ электрон жұбын түзу арқылы пайда болатын химиялық байланыс. Коваленттік байланыс түзілуінің үрдісін көбінесе схема түрінде береді, ондағы электрондар нүктемен белгіленген. Егер атомдардың арасында бір коваленттік байланыс болса (жалғыз ортақ электрондық жұп), онда ол дара, егер екеу болса, қос (екі ортақ электрондық жұп), үштік (үш ортақ электрондық жұп) деп аталады.H2 затын құратын ковалентті байланыс - екі сутегі атомдарында ортақ екі электроны бар.Коваленттік байланысты екі түрге бөледі: полярлы және полярлы емес. Полярлы емес коваленттік байланыстың электрон бұлттары ортақ электрон жұбымен құрылған, яғни электрондық байланыс бұлттары екі атом ядроларына қатысты кеңістікте симметриялы орналасқан. Полярлы емес коваленттік байланыс бейметалдарда пайда болады және металл жұптарында, химиялық элементтің бір атомынан: Н2, О2, О3, N2, S2, Li2, Na2, C, Si және басқалары құрылса, полярлы коваленттік байланыстың электрон бұлттары электртерістілігі жоғары атомға қарай ығысқан (НСl, H2O, H2S, NH3 және т.б)Коваленттік байланыстың бағытталуы- Коваленттік байланысты түзетін электрон бұлттарының белгілі бір бағыты болады, осының салдарынан молекулалар кеңістікке белгілі құрылысқа ие болады. Бұл мәселені ВБ теориясы қалай шешетінін қарастырамыз. ВБ теориясы химиялық байланыс атомдардың жалқы электронды орбитальдарының (бұлттарының) бүркесуі нәтижесінде түзіледі деп қарайды. Сондықтан коваленттілік байланыстың бағытын түсіну үшін атомның байланыс түзуге жұмсайтын орбитальдарының пішінін ескеру қажет. Атомдардың орбитальдары кез келген бағытта емес, тек өздерінің пішіндеріне сай бағытта ғана бүркеседі. Ковалентті байланыстың бағытталуымен танысу үшін екі элементтен құралған кейбір молекулалардың құрылысын қарастыру керек.
32.Химиялық байланысының негізгі сипаттамалары:байланыс энергиясы,
байланыс ұзындығы,
валенттік бұрыш.Электртерістілік - элементтің сыртқы электрон қабатын толықтыруға ұмтылысын сипаттайтын шаманы айтады. Заттардың формулаларын жазғанда электртерістілігі төмен элемент алдымен, ал электртерістілігі жоғары элемент соңынан жазылады. Химиялық байланыстың түзілуі мен оның қасиеттері әрекеттесуші элементтердің атомдарының құрылысына тәуелді болады. Электртерістілік период бойынша солдан оңға қарай, ал топ бойынша төменнен жоғары қарай артады.Байланыс энергиясы — байланысқан жүйені (мысалы, атом, молекула, атом ядросы, т.б.), оны құрайтын бөлшектерге (құраушыларға) жіктеуге және оларды бір-бірінен арасында өзара әсер болмайтындай қашықтыққа алыстату үшін жұмсалатын энергия; біртұтас жүйе болып байланысқан бөлшектер жиынтығының сипаттамасы.Байланыстың ұзындығы молекуладағы екі байланысқан атомның ядролары арасындағы тепе-теңдік қашықтық ретінде анықталады. Атом неғұрлым үлкен болса, соғұрлым байланыс ұзақ болады. Байланыстың ұзындығы байланыс еселігі артқан сайын азаяды. Ол спектроскопия, рентгендік дифракция, айналмалы спектроскопия және т.б.