Нәтижелік көрсеткіштері түскен пайда, сату көлемі, материалдар құны болуы мүмкін. Бұл көрсеткіштер сандық өлшем мен беріледі. Алайда ұйымда сандық өлшемге келмейтін мақсаттар мен міндетгер бар. Мұндай жағдайда арнайы тексеру, сұрау салу арқылы жұмыскерлердің рухани деңгейі мен хал-ахуалы туралы мәлімет алуға болады.
Қол жеткен нәтижені белгіленген стандарттармен салыстыру үрдісінің екінші кезеңі, сол арқылы менеджер кол жеткен нәтижелердің алдын ала күтетін нәтижелермен сәйкес келуін, әрі стандартқа сай келуін немесе одан ауытқуын айқындайды. Бақылаудың осы кезеңінде тиісті баға беріліп, оның өзі тиісті шешім қабылдауға негіз қалайды. Мұндағы мақсат ауытқу аукымын, өлшемін, нәтижелерін, мәліметтердің берілуін анықтау және оны бағалау (12-схема).