11-МОДУЛЬ. ТҰЛҒАЛЫҚ ДАМУДАҒЫ КОММУНИКАЦИЯНЫҢ
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
11-ДӘРІС. ТҰЛҒАНЫҢ КОММУНИКАТИВТІ ДАҒДЫЛАРЫ ЖӘНЕ
КОММУНИКАЦИЯ МОДЕЛЬДЕРІ
Профессор Бердібаева С.Қ.
Коммуникация термині ғылыми деңгейде қарым-қатынас және
коммуникация терминдерін жалпы, әрі ортақ ұғым деп түсінуге әкеледі,
солар арқылы қатынасқа түсеміз, күнделікті өмірімізде адамның адаммен
ақпараттар алмасуы деп қабылдаймыз.
Коммуникация және қарым-қатынас ұғымдарының арақатынасын
қарастырайық. Көптеген көзқарастар бар, солардың бірі, мына жағдайды
айтады, коммуникация ұғымы негізгі ұғым, адамдар арасында қарым-
қатынас формасында хабарламаларды (белгілерді) алмастыру ретінде
анықталады. Қарым-қатынас ұғымы негізгі категория ретінде анықталады,
оның үш жағы бар соның бірі оның коммуникативті жағын білеміз
(байланыстар, ақпараттар алмасу) және интерактивті жағы (өзара әрекетті
ұйымдастыру), перцептивті жағы (өзара түсінісудің негізінде сезімдік
қабылдаулар) деп анықталады.
Коммуникация нәтижесінде бұрын әртүрлі пікірде жүргендер енді сол
коммуникацияның арқасында бір пікірлес адамдарға айналады, бірігеді,
тұтастыққа енеді. Коммуникация тағы бір латын тіліндегі мағынасын айтсақ
мына жақсы пікірге келеміз, коммуникация ол «жалпы» немесе «бәрімен
бөлісемін» дегенді білдіреді, нәтижесінде өзара түсінісуге әкелетін адамдар,
ұйымдар арасындағы ақпараттардың алмасу процесі.
Заңды сұрақ туындайды коммуникацияны не үшін зерттейміз?
Коммуникация алмасатын ақпараттарды келесі мазмұнда қарастырады ол
прагматикалы, өзара түсінісудің қажеттілігін негіздейді, рухани дамуды, өзін
бекітуді, тұлғалық дамуды көздейді. Коммуникация өміріміздің мазмұны ең
қажетті жағы. Сонымен коммункация ұғымын толық түсіну үшін келесі
жағдайларды талқылаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: |