Байланысты: Физика пәні бойынша "Бақылау жұмыстары"
8-сынып Бақылау жұмысы №2 «Жылу машиналары» 1-нұсқа
Егер қыздырғыштың температурасы 627º С, ал суытқыштікі 227ºС болса, машинаның ПӘК-ін есепте.
Газға 150 Дж жылу мөлшері берілген, Ал сыртқы күштердің онымен атқарған жұмысы 350 Дж. Ішкі энергияның өзгерісі неге тең болады?
Идеал машинаның ПӘК-і 30%, газ қыздырғыштан 10 кДж жылу мөлшерін алады. Егер суытқыштың температурасы 20º С болса, қыздырғыштың температурасы қандай болады?
Газ изобаралық ұлғая отырып, 2*105 Па қысымда 0,2 кДж жұмыс жасайды. Егер газдың соңғы көлемі 2,5*10-3 м3 болса, бастапқы көлемін анықта.
2-нұсқа
Газ 400 Дж жылу мөлшерін алды, оның ішкі энергиясы 300 Дж-ға өсті. Газдың жасаған жұмысы неге тең болады?
Жылу машинасы цикл ішінде қыздырғыштан 1000 Дж жылу мөлшерін алады және суытқышқа 600 Дж жылу мөлшерін береді. Жылу машинасының ПӘК-і неге тең?
Машинаның қыздырғышының температурасы 170ºС, Ал суытқыштікі 35 ºС. Машина қыздырғыштан 30 кДж жылу мөлшерін алады.Машинаның атқарған жұмысы неге тең болады?
2 кг суды 0ºС-тан 80º С-қа қыздыру үшін 60 г табиғи газ жағады. Қыздырғыштың ПӘК-ін тап.