III деңгей
Оқушы жаңа тақырып бойынша негізгі ойды қорытып, өз пікірін айта алатындай бір ғана тапсырма болуы тиіс. Дұрыс жауап бере алған оқушы I, II- деңгейлерден жиған 15 ұпайына тағы 15 ұпай қосып, 30 ұпай жинайды. Ол дәстүрлі оқытудағы “5” бағасына сәйкес келеді.
Физика пәнінен бақылау жұмысы.
I-тоқсан
7-сынып.
I-нұсқа.
1.Поезд 30 с бойына 30 м/с жылдамдықпен бірқалыпты қозғалса, осы уақыт аралығында қанша жол жүреді?
2. Бірдей температурадағы сұйық және газ молекулаларының орналасу арақашықтықтары бірдей бола ма?
3. 3 сағатта 20км жол жүрген шаңғышының орташа жылдамдығын есептеңдер.
4. Екі елді мекеннің арақашықтығын 10 м/с жылдамдықпен қозғалған мотоциклист 30 мин жүріп өтті.Егер оның жылдамдығы 15м/с болса, осы арақашықтықты қанша уақытта жүріп өтеді?
5.Автобус жолдың алғашқы 4км-ін 12 мин-та жүріп өтті, қалған 12 км-ді 18 мин-та жүрсе, барлық жолдағы автомобильдің орташа жылдамдығы қандай?
II-нұсқа
1. Бір стақанда ыстық су, екіншісінде суық су. Әр стақанға химиялық қарындаштың графиті бөлініп салынған. Қандай стақандағы су тез боялады және неліктен?
2. Автомобиль 40м/с жылдамдықпен 50секунд бойына бір қалыпты қозғалса, осы уақыт аралығында қанша жол жүріп өтеді?
3. 20км жолды 5 сағатта жүріп өткен жолаушының орташа жылдамдығын есептеңдер.
4. 120км арақашықтықты автобус 1,5сағатта жүрсе, дәл сондай жылдамдықпен 45 мин-та қанша ара қашықтықты жүріп өтеді?
5. Мотоциклист 15 с бойына 5 м/с жылдамдықпен, 10с бойына 8м/с жылдамдықпен және 6с бойына 20 м/с жылдамдықпен қозғалған. Мотоциклистің орташа қозғалыс жылдамдығы неге тең?
Физика пәнінен бақылау жұмысы.
I-тоқсан
8-сынып.
I-нұсқа.
1. Неліктен темір пеш кірпіш пешке қарағанда бөлмені тез жылытады, бірақ жылуы ұзаққа созылмайды?
2. 0,3кг суды 12 ºС тан 20ºСқа дейін қыздыру үшін қагша жылу мөлшері қажет?Судың меншікті жылу сыйымдылығы 4200Дж/кгºС.
3.100г спирт толық жанғанда қанша жылу мөлшері бөлінеді? Спирттің меншікті жану жылуы 2,7*107 Дж/кг.
4.2000С-дан 200С дейін темір бөлшегін суытқанда 20,7кДж жылу мөлшері бөлінген. Бөлшектің массасы неге тең?
Меншікті жылу сыйымдылығы 460Дж/кг0С?
5. 30 г спирт толық жанғандағы бөлінген энергия массасы қанша суды температурасын 14 0С -тан 500С-қа дейін қыздыруға жұмсалады?Судың меншікті жану сыйымдылығы 4200 Дж/кг*0С. Спирттің меншікті жану жылуы 2,7*107Дж/кг.
II-нұсқа
1.Неліктен құрғақ жерге қарағанда өзендер мен көлдер күн сәулелерінің әсерінен баяу қызады?
2.Массасы 3,2 кг шойын үтік 800С тан 150С дейін суығанда бөлініп шығатын жылу мөлшерін есепте. Шойынның меншікті жылу сыйымдылығы 540 Дж/кг0С.
3. 1,5 кг отын толық жанғандағы жылу мөлшері 22 М Дж, отынның меншікті жану жылуы неге тең?
4. Массасы 120 г күміс 660С-тан 160С-қа дейін суығанда 1,5 кДж жылу бөліп шығарған.Күмістің меншікті жылу сыйымдылығын анықта.
5. 40кг тас көмір толық жанғандағы бөлінетін жылу мөлшері температурасы 10 0С -тан 600С қа дейін массасы қанша суды қыздыруға жұмсалады?Судың меншікті жылу сыйымдылығы 4200Дж/кг0С. Көмірдің меншікті жану жылуы 2,7*107Дж/кг
Физика пәнінен бақылау жұмысы.
I-тоқсан
9-сынып.
I-нұсқа.
1. 0,4 м/с2 үдеуімен қозғалған автомобиль қанша уақытта жылдамдығын 12 м/с тан 20м/с қа дейін арттырады?
2. Массасы 2кг дене 9,8м/с2 үдеуімен жерге құлағанда оған әсер ететін күш неге тең?
3. Жылдамдығы10м/с автомобиль 1 м/с2 центрге тартқыш үдеумен қозғалса, жолдың қисықтық радиусы неге тең?
4. 54км/сағ жылдамдықпен келе жатқан автобустың үдеуі 1,2м/с2 болса, тежелу арақашықтығы қандай?
5. Автомобильдің тарту күші 100Н, қозғалысқа кедергі күш 500Н бұл Ньютонның III-заңына сәйкес келе ме?
II-нұсқа
1.Тыныштық күйінен 0,8 м/с2 үдеуімен қозғалған автомобиль 0,5 км жолды қанша уақытта жүріп өтеді?
2.Массасы 5кг денеге әсер ететін барлық күштердің теңәсерлік күші 10Н болса, дененің қозғалыс үдеуі қандай?
3. Қисықтық радиусы 250м жолда поезд 36 км/сағ жылдамдықпен қозғалғандағы центрге тартқыш үдеуді есептеңдер.
4.Массасы 15 кг снаряд атылғандағы жылдамдығы 600м/с.Қарудың ұңғысының ұзындығы1,8 м болса, снарядқа әсер ететін күкірт газының шамасы неге тең? Ұңғыдағы снаряд қозғалысын үдемелі деп есептелсін.
5. Неліктен орақты тез қозғағанда шөптер кесіліп түседі, ал баяу қозғағанда иіледі?
Физика пәнінен бақылау жұмысы.
I-тоқсан
10-сынып.Қоғамдық-гуманитарлық бағыт.
I-нұсқа.
1. Жылдамдығы 36 км/сағ -тан 108км /сағ-қа дейін өзгерген автомобиль 1мин ішінде қандай үдеумен қозғалады? Осы уақытта қанша жол жүріп өткен?
2. Жылдамдығы 20 м/с үдеуі 4м/с2 автомобильдің жүріп өткен жолының қисықтық радиусы неге тең?
3. Дененің қозғалыс теңдеуі: х=20+4t-3t2 . Бастапқы жылдамдық және үдеу неге тең? Қандай қозғалыс?v (t) тәуелділігін жаз.
4.Массасы 5 кг дене 2 минутта қандай күштің әсерінен жылдамдығын 2 м/с – тан 14м/с-қа дейін өзгертеді?
5.Қандай биіктіктен бастапқы жылдамдықсыз дене 10с-та жерге құлайды?
II-нұсқа
1.Жылдамдығы 18км/сағ-тан 72 км/сағ- қа дейін өзгерген
мотоциклист 10мин-та қанша жол жүреді?
2. Қисықтық радиусы 100 м жолда 10 м/с жылдамдықпен қозғалған велосипедшінің үдеуі неге тең?
3. Жылдамдығы мына теңдеумен берілген v = 10+2t теңдеумен берілген дене қалай қозғалады? Бастапқы координата х0=25м болғандағы теңдеуді жаз.
4.Массасы 2кг дене қандай күштің әсерінен 20секунд бойына жылдамдығын 4 м/с –тан 20м/с- қа дейін өзгертеді.
5.1000м биіктіктен қанша уақытта дене еркін түседі?
Физика пәнінен бақылау жұмысы.
I-тоқсан
11-сынып.Қоғамдық-гуманитарлық бағыт.
I-нұсқа.
1.Вакуумда екі нүктелік заряд 0,2 Н күшпен әсерлеседі. Зарядтардың арақашықтығы 2м. Зарядтар шамасын тап.
2. 6*10-8Кл зарядты кернеулігі 1200Н/Кл өріске енгізгенде қандай күш әсер етеді?
3. Зарядталған конденсатордың потенциалдар айырымы 200В. Егер астарларының ауданы 0,04м2 , ал олардың ара қашықтығы 0,1 см болса конденсатор сыйымдылығы мен энергиясы неге тең?(ε0=8.85*10-12Кл2/Н*м2)
4. Сыртқы кедергісі 100 Ом ішкі кедергісі 2 Ом, э.қ.күші 24 В тізбектегі тоқ күші неге тең?
5. Кедергілері 20 және 60 Ом өткізгіштер тізбектей жалғанған. Кернеуі 240 В тізбек бөлігіндегі тоқ күші қандай?
II-нұсқа
1.Вакуумдағы әсерлесу күші 0,5 Н болатын шамалары 5*10-6Кл екі зарядты қандай қашықтыққа орналастыру қажет?
2. 5*10-19Кл зарядқа әсер ететін күш 0,025 Н болса,өріс кернеулігі қандай?
3.Зарядталған коонденсатор энергиясы 2,2*10-5Дж, старларындағы кернеу 40 В конденсатор сыйымдылығы неге тең?
4. Тоқ көзінің Э.Қ.К. күші 9 В. Ішкі кедергісі 2 Ом. Сыртқы 28 Ом болғандағы тізбектегі тоқ күшін анықта.
5.Кедергілері 10 Ом екі өткізгіш параллель жалғанған. Егер тізбектегі тоқ күші 0,4 А болса, кернеу неге тең?
Физика пәнінен бақылау жұмысы.
I-тоқсан
11-сынып.Жаратылыстану – математикалық бағыт.
I-нұсқа.
1. Тербермелі контурдағы заряд шамасы мына заңдылықпен өзгергенг q=2*10-8sin10πt.Зарядтың амплитудалық мәнін, периодты, жиілікті,циклдік жиілікті және t=0.1с болғандағы заряд шамасын анықтаңдар.
2. Актив кедергісі 12 Ом, индуктивтілігі 50 мГн катушкаға 60В кернеу берілген. Тізбекке сыйымдылығы 25мкФ конденсатор жалғанса, тізбектегі тоқ күші неге тең?
3. Индуктивтілігі 100 мГн катушкадан және сыйымдылығы 0,5 мкФ конденсатордан тұратын тербермелі контурдың периоды мен тербеліс жиілігі қандай?
4. Трансформатордың екінші орамындағы кернеу 60 В, Тоқ күші 40 А, бірінші орам кернеуі 240 В тізбекке жалғанаған. Бірінші орамдағы тоқ күшін және трансформация коэффициентін анықтаңдар.
5.Неге ұялы телефондарда 900 МГц және 1800 МГц жиліктер қолданылады?
II –нұсқа
1.u=350cos 100πt заңдылықпен берілген кернеудің амплитудалық мәнін анықтаңдар.t=0.01с кезіндегі период және тербеліс жиілігі қандай?
2. Актив кедергісі 6 Ом тізбекке сыйымдылығы 20мкФ конденсатор және индуктивтілігі 0,5 мГн катушка тізбектей жалғанған, тізбектегі тоқ күші 20 А, тербеліс жиілігі 50 Гц, тізбек бөлігінің кернеуі неге тең?
3. Индуктивтілігі 2 мГн сыйымдылығы 20 пФ контурдың тербеліс жиілігі мен периоды қандай?
4.Трансформатордың трансформация коэффициенті 20. Бірінші орамдағы кернеу 120 В, бірінші орамның орам саны 200 болса. Екінші орамдағы кернеу мен орам санын анықтаңдар.
5.Контурда электромагниттік тербеліс кезінде болатын энергия шығыны немен байланысты?
Физика пәнінен бақылау жұмысы.
I-тоқсан
10сынып.Жаратылыстану – математикалық бағыт.
I-нұсқа.
1.Қалыңдығы 45 см қабырғаны тесіп өткен оқтың жылдамдығы 700м/с-тан 200м/с –қа дейін кеміген. Оқтың қабырғадағы қозғалыс уақытын анықта.
2.Тепловоз массасы 2 т вагонды 0,2м/с2үдеумен қозғайды. Егер қозғалысқа кедергі күш 10кН болса, тепловоздың тарту күші қандай?
3.Қозғалмайтын блоктан массалары m1=200г және m2=500г жүктерді тартқандағы жіптің тарту күші неге тең?
4.Массасы 10т, жылдамдығы 1,5 м/с қозғалып келе жатқан платформаны массасы 12 т жылдамдығы 3м/с платформа қуып жеткен екеуі біріккеннен кейінгі жылдамдығы неге тең?
5.Бөлмедегі денелер өзара тарту күшіне қарамастан неге бір-бірімен жақындаспайды?
II-нұсқа
1. Бастапқы жылдамдық 10м/с, 1м/с2 үдеуімен қозғалған мотоциклист 192 м жолды қанша уақытта жүріп өтеді және жолдың соңындағы жылдамдығы қандай?
2. Қозғалысқа кедергі күш 2кН болғанда массасы 600кг тіркемені 0,1м/с2 үдеумен қозғап келе жатқан трактордың тарту күші неге тең?
3. Қозғалмайтын блок арқылы тартылған жіпке массалары 0,4 кг және0,8 кг жүк ілінген. Олар қандай үдеумен қоғалады?
4. 2м/с жылдамдықпен қозғалып келе жатқан массасы 50 кг бала массасы 200 кг жылдамдығы 0,5 м/с арбашаға секіріп мінеді. Олар қандай жылдамдықпен қозғалады?
5. Бір қалыпты қозғалып келе жатқан поездың вагонындағы жоғарғы полкадан дене құлаған. Дененің вагонға қатысты қозғалысы қандай?
Достарыңызбен бөлісу: |