11-сынып. Жмб. Бақылау жұмысы №1 «Электромагниттік тербелістер». 1-нұсқа


-сынып. Бақылау жұмысы №2 «Динамика негіздері»



бет8/34
Дата26.09.2023
өлшемі1,03 Mb.
#110277
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   34
9-сынып.
Бақылау жұмысы №2 «Динамика негіздері»
1-нұсқа



Егер зеңбірек ұңғысының ұзындығы 3 м болса, 0,009 с уақытта ұңғымен оқ қозғалса, зеңбірек ішімен снаряд қандай үдеумен қозғалады? Снарядтың ұшу жылдамдығы неге тең болады?



Массасы 0,2 кг тыныштықтағы денеге 0,1 Н күш 5 с ішінде әсер етеді. Осы уақыт ішінде ол дене қандай жылдамдық алады және қанша жол жүреді?



Лифт ішінде массасы 60 кг жолаушы тұр. Оның лифтінің көтерілуінің басындағы және соңындағы , сондай-ақ төмен қарай қозғалысының басы мен соңындағы салмағын табу керек. Лифт үдеуі барлық жағдайда да бірдей 2 м/с2.



*Адам көкжиекке 30° бұрыш жасай отырып, екі бір-біріне байланған шаналарды бірқалыпты тартады. Егер шаналардың массалары бірдей және 40 кг болса, осы күштің шамасы қандай? Үйкеліс коэффциенті 0,3.




2-нұсқа


Тыныштық күйден 750 м жолды 60 м/с2 үдеумен қозғалған ракета қандай жылдамдық алады?



Массасы 0,5 кг доп 0,02 с созылған соққыдан кейін 10 м/с жылдамдық алады. Соққының орташа күшін тап.



Ғарыш кемесі 8,4 м/с2тұрақты үдеумен (Айға қатысты) вертикаль бағытта баяу қозғалып, Ай бетіне қонады (g = 1,6м/с2). Осы кемеде болған массасы 70 кг ғарышкердің салмағы неге тең болады№



Массасы 12 кг тақтай горизонталь жазықтықта орналасқан. Тақтай бетінде массасы 3 кг білеуше жатыр. Тақтай мен білеуше арасындағы үйкеліс коэффициенті 0,2. Білеуше тақтай бетінен сырғанауы үшін тақтайға қандай ең аз горизонталь күш жұмсау керек?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет