9-сынып. Бақылау жұмысы №4 «Атом құрылысы. Атомдық құбылыстар» 1-нұсқа Шығу жұмысы 2 эВ болатын металл үшін фотоэффектінің қызыл шекарасын анықта.
Цезий бетіне толқын ұзындығы 500 нм болатын жарықпен сәулелендіргенде ыршып шығатын электрондардың қандай энергиясы бар болады? Шығу жұмысы 1,9 эВ.
Толқын ұзындығы 6,3 * 10-5см фотонның массасын анықта.
* Ауданы 4 м2 жазықтыққа перпендикуляр бағытта 10 с ішінде толқын ұзындығы 0,64 мкм болатын 7,74*1022 фотондар келіп түседі. Қара және айналық бетке, шағылу коэффициенті 0,4 болатын жазықтыққа түсетін жарық қысымын анықта.
2-нұсқа Толқын ұзындығы 10-12 м рентген сәулесінің бір фотонының энергиясын анықта.
4,9 эВэнергиясы бар жарық квантының металл бетінен шығу жұмыс 4,5 эВ. Ұшып шығу кезіндегі электронның импульсін тап.
1 В тежегіш кернеуде фототок тоқтаған кездегі электронның жылдамдығын анықта.
2 мА ток күшіндегі, 50 кВ кернеуде жұмыс істейтін рентген түтікшесі секундына 5*1013 фотондарды шығарады. Толқын ұзындығын 0,1 нм деп санап, түтікшенің ПӘК-ін табу керек, яғни рентген сәулесінің қуаты пайдаланылған токтың қуатының қанша пайызын құрайтынын анықтау керек.
9-сынып. Бақылау жұмысы №5 «Астрономия негіздері» 1-нұсқа Алматыда Сириус жұлдызының жоғары шарықтауы қандай биіктікте болады? (φ= 430 15΄)
Қазақстан Республикасының ең шығыс бойлығы λ = 870 20΄, батыстағы– λ = 46030΄.
Осы екі географиялық орындардың жергілікті орташа күн уақыттарының айырмашылығы қандай болады?
Марс орбитасының үлкен жарты осі 3 а.б. Күнді айналу периоды қандай болады?
Күн мен Айдың бұрыштық өлшемдерін бірдей деп есептеп, олардың көкжиектік параллакстарын біле отырып ( 8,8˝ и 57΄),Күн радиусы Ай радиусынан қанша есе үлкен екенін есептеп шығар.
2-нұсқа Альтаир жұлдызының шарықтау шегі 15° биіктікте өтеді. Егер бұл жұлдыздың еңістік координатасы +80 52΄ болса, онда бақылаушы тұрған орынның географиялық ендігі қандай?
Астана уақыты бойынша сағат 18 сағ 24 мин болғанда, географиялық ендіктері
сәйкесінше λ =71025΄ и λ = 760 55 болатын Астана мен Алматы қалаларының жергілікті уақыттарын есепте.
Юпитердің үлкен жарты осі 5 а. б. Оның Күнді айналу периоды қандай?
Күннің бұрыштық диаметрі 32΄ , сызықтық диаметрі Жердікінен 109 есе үлкен. Диаметрі Жер диаметріне тең планета бізге қандай қашықтықтан осындай бұрышпен көрінер еді?