11-сынып. Жмб. Бақылау жұмысы №1 «Электромагниттік тербелістер». 1-нұсқа


-сынып Бақылау жұмысы №2 «Жылу машиналары»



бет14/21
Дата13.10.2022
өлшемі110,04 Kb.
#42780
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   21
Байланысты:
контрольные работы 7-11

8-сынып
Бақылау жұмысы №2 «Жылу машиналары»
1-нұсқа

  1. Егер қыздырғыштың температурасы 627º С, ал суытқыштікі 227ºС болса, машинаның ПӘК-ін есепте.

  2. Газға 150 Дж жылу мөлшері берілген, Ал сыртқы күштердің онымен атқарған жұмысы 350 Дж. Ішкі энергияның өзгерісі неге тең болады?

  3. Идеал машинаның ПӘК-і 30%, газ қыздырғыштан 10 кДж жылу мөлшерін алады. Егер суытқыштың температурасы 20º С болса, қыздырғыштың температурасы қандай болады?

  4. Газ изобаралық ұлғая отырып, 2*105 Па қысымда 0,2 кДж жұмыс жасайды. Егер газдың соңғы көлемі 2,5*10-3 м3 болса, бастапқы көлемін анықта.

2-нұсқа

    1. Газ 400 Дж жылу мөлшерін алды, оның ішкі энергиясы 300 Дж-ға өсті. Газдың жасаған жұмысы неге тең болады?

    2. Жылу машинасы цикл ішінде қыздырғыштан 1000 Дж жылу мөлшерін алады және суытқышқа 600 Дж жылу мөлшерін береді. Жылу машинасының ПӘК-і неге тең?

    3. Машинаның қыздырғышының температурасы 170ºС, Ал суытқыштікі 35 ºС. Машина қыздырғыштан 30 кДж жылу мөлшерін алады.Машинаның атқарған жұмысы неге тең болады?

    4. 2 кг суды 0ºС-тан 80º С-қа қыздыру үшін 60 г табиғи газ жағады. Қыздырғыштың ПӘК-ін тап.



8-сынып
Бақылау жұмысы №3 «Электр құбылыстары»


1-нұсқа



      1. Өрістің берілген нүктесіне енгізілген 30 нКл зарядқа 24 мкН күш әсер етеді. Өрістің осы нүктесіндегі кернеулікті анықта.

      2. Біреуі екіншісінен екі есе аз болатын екі электр заряды вакуумде бола отырып, 0,6 м арақашықтықта 2 мН күшпен өзара әрекеттеседі. Осы зарядтарды анықта.

      3. Ұзындығы 150 см, ал көлденең қимасының ауданы 0,1 мм2 алюминий өткізгіштің кедергісін тап. 0,5 А ток күшінде осы өткізгіш ұштарындағы кернеу неге тең болады?

      4. Электр шамы 4 мин ішінде 36 кДж энергия жұмсайды. Егер ток күші

0,4 А болса, шамдағы кернеуді есепте.


2-нұсқа

        1. Конденсатордың сыйымдылығы 5 пФ. Конденсатор астарларының арасындағы погенциалдар айырымы 1000В болса, онда астарлардың әрқайсысында қандай заряд бар болады?

        2. 5 нКл және 8 нКл екі нүктелік зарядтар 2*10-6 Н күшпен өзара әрекеттесе отырып, бір-бірінен қандай қашықтықта болады?

        3. Дәнекерлегіш аппаратты ұзындығы 10 м және көлденең қимасы 50 мм2 мыс өткізгішпен жалғайды. Егер оған 125 А ток күші берілсе, өткізгіштегі кернеуді анықта.

        4. Электр шамы 10 мин ішінде 30 кДж энергия жұмсайды. Егер шамдағы ток күші 0,4 А болса, кернеуін анықта.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет