11-тапсырма Үстеудің лексика-грамматикалық сипаты


Еліктеу сөздердің лексика-грамматикалық сипаты



бет8/9
Дата04.04.2022
өлшемі22,05 Kb.
#29777
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Еліктеу сөздердің лексика-грамматикалық сипаты.

 Еліктеуіш сөздердің лексика –грамматикалық сипаты, түрлері.



  • Еліктеуіш (еліктеме) сөздер дегеніміз — өзіне тән лексика-семантикалық мағынасы адамның есту мүшесі құлақ арқылы дыбысқа еліктеу ұғымын білдіретін еліктеу сөздердің бір мағыналық түрі.

  • Туынды еліктеу сөздерге негізгі түбір еліктеу сөздер мен басқа атаушы сөздерге жалғанғанда еліктеу мағынасын тудыратын сөз тудырушы жұрнақтардың қосылуынан жасалынған, морфемдік құрамы жағынан екі морфемадан тұратын туынды сөздер жатады.

Еліктеу сөздердің күрделі түрі негізінен қос сөзді түбірлер болып келеді. Күрделі түбір тұлғалы туынды еліктеу сөздер аналитикалық тәсіл арқылы негізгі не туынды түбір еліктеу сөздердің қайталанып немесе қосарланып келуінен жасалады. Бір сөздің қайталануынан жасалынған қайталама түбірлі еліктеу қос сөздердің бір қалыпты болған дыбысқа еліктеуді білдіреді. Еліктеу сөздер басқа сөз таптарынан жасалмайды. Керісінше басқа сөз таптарын жасауға негіз сөз болады. Еліктеу сөздердің зат есім мен етістік жасауға қабілеті күшті. Сөз тудыратын еліктеу сөздердің өнімді басты жұрнақтары: -ыл, -іл; -да, -де; -ақ, -ек; -ыр, -ір; -ық, -ік. Еліктеу сөздер синтаксистік қызметі жағынан қандай сөйлем мүшесінің қызметін атқаруы, оның сөйлем ішінде қолданылу орнына және олардың өзге сөздермен өзара тіркесіне байланысты болады. Еліктеу сөздер көп жағдайда зат есім сөздің алдында атау тұлғада тұрып, қандай? қай? сұрағына жауап беріп, анықталушы сөздің анықтауышы сөйлем мүшесінің қызметін атқарады. Еліктеуіш сөз әр уақытта етістік алдында тұрады. Еліктеуіш сөздер негізгі мағыналы етістіктермен тіркесіп оның алдында келгенде, әрдайым күрделі пысықтауыштың қызметін атқарады.

  • Еліктеу сөздердің күрделі түрі негізінен қос сөзді түбірлер болып келеді. Күрделі түбір тұлғалы туынды еліктеу сөздер аналитикалық тәсіл арқылы негізгі не туынды түбір еліктеу сөздердің қайталанып немесе қосарланып келуінен жасалады. Бір сөздің қайталануынан жасалынған қайталама түбірлі еліктеу қос сөздердің бір қалыпты болған дыбысқа еліктеуді білдіреді. Еліктеу сөздер басқа сөз таптарынан жасалмайды. Керісінше басқа сөз таптарын жасауға негіз сөз болады. Еліктеу сөздердің зат есім мен етістік жасауға қабілеті күшті. Сөз тудыратын еліктеу сөздердің өнімді басты жұрнақтары: -ыл, -іл; -да, -де; -ақ, -ек; -ыр, -ір; -ық, -ік. Еліктеу сөздер синтаксистік қызметі жағынан қандай сөйлем мүшесінің қызметін атқаруы, оның сөйлем ішінде қолданылу орнына және олардың өзге сөздермен өзара тіркесіне байланысты болады. Еліктеу сөздер көп жағдайда зат есім сөздің алдында атау тұлғада тұрып, қандай? қай? сұрағына жауап беріп, анықталушы сөздің анықтауышы сөйлем мүшесінің қызметін атқарады. Еліктеуіш сөз әр уақытта етістік алдында тұрады. Еліктеуіш сөздер негізгі мағыналы етістіктермен тіркесіп оның алдында келгенде, әрдайым күрделі пысықтауыштың қызметін атқарады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет