11-тапсырма Үстеудің лексика-грамматикалық сипаты



бет6/9
Дата04.04.2022
өлшемі22,05 Kb.
#29777
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Үстеудің емлесі. Негізгі және туынды түбір үстеулер көбінесе айтылуынша жазылады. Мысалы: ертең, кешке, бұрын, сонда, әрі, бері, төмен, бірге, әрең, талай, т.б.

Сөздердің бірігуінен жасалған күрделі үстеулердің көпшілігі айтылуынша, яғни сыңарларының дыбысталуынша өзгеріске түскен күйінде жазылады. Мысалы: бүгін, биыл, қыстыгүні, жаздыгүні, ендігәрі, анағұрлым, т.б. сөздер айтылуынша жазылады. Бұлар бұл+күн, бұл+йыл, қыстың+күні, жаздың+күні, ендігіден+әрі, ана+құрылым деген сөздерден біріккен. Ал таңертең (тәңертең емес), бірқыдыру (бәрғыдыру емес), әлдекімше (әлдегімше емес) сияқты күрделі үстеулердің сыңарлары түбір тұлғасын сақтап жазылады.

Сөздердің қайталануынан я қосарлануынан жасалған күрделі үстеулер дефис (-) арқылы жазылады. Мысалы: тез-тез (киді), бірте-бірте (жүріп кетті), жол-жөнекей (соқты), қолма-қол (берді), емін-еркін (отырды), күні-түні (істеді) т.б.

Сөздердің тіркесуінен құралған күрделі үстеулердің әрбір сыңары бөлек жазылады. Мысалы: таң сәріде (тұрды), күні бойы (дайындалды), қаннен қаперсіз (отыр), ала жаздай (ән салып) т.б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет