11-тапсырма Үстеудің лексика-грамматикалық сипаты


Үстеудің сөйлемдегі қызметі



бет7/9
Дата04.04.2022
өлшемі22,05 Kb.
#29777
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Үстеудің сөйлемдегі қызметі. Үстеу сөйлемде көбіне етістікпен тіркесіп пысықтауыш қызметін атқарады. өйткені үстеу мағынасы жағынан көбіне-көп қимылдың, іс-әрекеттің (яғни етістіктің) әр түрлі сын-сипатын, яғни мекенін, мезгілін, амалын, мөлшерін, болу мақсаты мен себебін білдіреді. Мысалы: Шыңғыстың сырты тез жылына қоймайтын да ерте көктемейтін (М.Ә.). Ескі бише отырман бос мақалдап (А.). Кетпеннің жоғары көтерілуі де, қарқыны да, жерді алымы да бір қалыпқа түсті (Ғ.Мұст.).

Берілген мысалдағы тез (қалай жылына қоймайтын?), бише (қалай отырман?), жоғары (қайда көтерілу) деген сөздер пысықтауыш қызметін атқарып тұр.

Кейбір үстеулер жіктеліп келіп баяндауыш қызметін де атқарады. Мысалы: Сендер осындасыңдар ма? Бірлік қайда болса, жеңіс сонда. Бұл сөйлемдердегі осындасыңдар (ІІІ жақ), сонда (ІІІ ж) үстеулері жіктеліп келіп баяндауыш болып тұр.

Кейде үстеу атау септікте тұрып, заттанып келіп, бастауыш қызметінде де жұмсалады. Мысалы: Еріншектің ертеңі таусылмас (мақал). Бүгін – мереке.

Күшейткіш үстеулер сапалық сын есімдермен тіркесіп келіп, онымен бірге күрделі анықтауыш құрамында жұмсалады. Мысалы: Сауықшыл сорлы бүкшиді. Тым-ақ қиын іс болды (А.). Мәжіліске ең қадірлі, ең таңдаулы адамдар келмек.

Берілген сөйлемдердегі тым-ақ және ең деген күшейткіш үстеулері қиын және қадірлі, таңдаулы сын есімдерімен тіркесіп келіп, іс және адамдар сөздерінің күрделі анықтауышы болып тұр.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет