Жұмыстың мақсаты: салыстыру операцияларын, логикалық операцияларды, if, switch, break басқару операторларын зерттеу, қарапайым компоненттерді қолдануды үйрену (СheckBox, RadioGroup). Тармақталуды пайдаланып бағдарламаны жазу және жөндеу
1.1. Жалпы теориялық мәліметтер Си тілінің басқару операторларына: құрама, шартты көшіру, таңдау, қайталану жатады. Құрама оператор бірнеше оператордың бірігуі арқылы жасалады және фигуралық жақшаның «{ }» ішіне алынып жазылады, ол Паскаль тіліндегі begin, екі операторлық жақшаларымен бірдей. Құрама операторлар көбінесе тармақталу және қайталану операторларында пайдаланылады.
Шартты көшіру операторы Тармақталуы бар процестерді ұйымдастыру үшін шартты оператор пайдаланылады. Тармақталу белгілі бір шарттың орындалуы немесе орындалмауына тәуелді басқарылады.
Оның жазылу түрі:
Іf (шарт)
І-серия;
ЕlSЕ ІІ-серия ;
Егер IF сөзінен кейінгі жазылған шарт сақталса (ақиқат болса), онда 1- операторлар сериясы орындалады да, ЕLSЕ сөзінен кейінгі ІІ-серия операторлары орындалмайды. Егер командалар сериясы екі немесе одан да көп операторлардан (құрама оператор болса) тұратын болса, онда олар фигуралық жақшаға «{}» алынып жазылады. Тармақталу командасын блок- схема түрінде былай көрсетуге болады.
Қатыиас операциялары. ІF сөзінен кейін жазылатын шартты тексеру үшін қатынас операциялары пайдаланылады. C++ тілінде өрнектерді салыстыруға пайдаланылатын қатынас операциялары:
Кесте 1.Қатынас операциялар
Қойылған шарттың тексерілу нәтижесі ақиқат болатын болса, онда өрнек нәтижесінің мәні 1-ге болады, кері жағдайда 0-ге болады.
Логикалық операциялар. IF сөзінен кейін жазылатын шарт екі немесе одан да көп болатын болса, онда логикалық қатынас белгілері (операциялар) пайдаланылады. Бағдарламалау тілдерінде пайдаланылып жүрген логикалық қатынас белгілерінің C++ тіліндегі жазылу түрі төмендегідей: