1109 Экология және тұрақты даму


Популяцияның статикалық және динамикалық сипаттамалары



бет29/68
Дата16.03.2023
өлшемі311,62 Kb.
#74823
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   68
Байланысты:
umk ekol turakt damu 13 yanvar

3. Популяцияның статикалық және динамикалық сипаттамалары. Популяцияның маңызды қасиетінің біріне оның динамикасы жатады. Ол особьтар санының ауытқуы жағымсыз салдарды туғызады. Соған байланысты популяцияның адаптациялық механиздері пайда болады. Популяцияның статикалық көрсеткіштері Статикалық көрсеткіштер уақыттың осы кезеңіндегі популяцияның күйін, жағдайын сипаттайды. Популяция саны бұл берілген территориядағы немесе берілген көлемдегі особьтардың жалпы саны. Популяция тығыздығы Популяция тығыздығы оны мекендейтін особьтардың аудан немесе көлем бірлігіндегі санымен анықталады. Популяцияның динамикалық көрсеткіштері Динамикалық көрсеткіштер белгілі бір уақыт аралығында популяцияда жүретін процестерді сипаттайды. Популяцияның негізгі динамикалық көрсеткіштеріне туылым, өлім-жітім және популяцияның өсу жылдамдығы жатады. Туылым Көбею нәтижесіндігі уақыт бірлігінде пайда болған жаңа особьтар саны. Өлім – жітім Белгілі бір уақыт аралығында популяциядағы өлген особьтер саны. Популяцияның өсуі Популяция өсуі өлім - жітім мен туылым арасындағы айырмашылық. XVII ғасырда популяцияның санының өсуі геометриялық прогресс заңымен өсетіні белгілі болған, ал XVIIІ ғасырдың аяғында Томас Мальтус халықтардың геометриялық өсуі жөнінен өзінің әйгілі теориясын ұсынды. Қазіргі математикалық тілмен айтқанда организмдердің экспонциалды өсуі. Экспоненциалды өсу дегеніміз -өзгермейтін тұрақты жағдайларда популяция особьтерінің сандарының өсуі. Ұзақ уақыт бойы тұрақты, өзгерусіз сақталатын жағдайлар табиғатта мүмкін емес. Өсу қарқындылығы Популяцияның өсу қарқындылығының өзгеруі - әр түрлі болуы мүмкін. Көбеюдің жоғары потенциалы түрлердің тірі қалуында үлкен роль атқарады.
4. Популяциялық гомеостаз – популяцияның санын реттеу. Популяциялық гомеостаз дегеніміз популяцияның сандық мәнін белгілі бір шегінде ұстап тұруы. Гомоестаздың түраралық механизмдеріне жыртқыш-жемтік, паразит-иесі типтегі қарым-қатынастар жатады. Түрішілік гомоестаздың негізіне бәсекелестік жатады. Оның екі түрі бар: 1) қатал түрішілік гомосстаз-каннибализм; 2) Жайлы түрдегі түішілік гомосстаз-әдетте особьтардың әлсіретуі арқылы көрініс береді. Бұл механизмде күшті особьтар сыртқы ортаға тежеуіш(әлсіретткіш) заттарды бөледі: стресстік құбылысты, территорияны шектеу, популяция арасындағы миграция. Популяцияның кеңістіктік таралуы Біркелкі таралу- бұл табиғатта өте сирек кездеседі. Бұл әртүрлі особьтар арасындағы бәсекелестікпен байланысты. Кездейсоқ таралу- бірігіп тіршілік етуі байқалмайтын түрлерде және бірдей ортада ғана кездеседі. Популяцияның демографиялық құрылымы Популяцияның жыныстық және жас ерекшелік құрамын сипаттауды демография деп атайды («демос»-халық, «графо»-жазамын, суреттеймін). Белгілі бір популяция жас ерекшелігі әр түрлі особьтардан тұрады. Топтардың жас ерекшелік және жыныстық қатынасы популяцияның өсу қарқындылығы мен тіршілікке бейімдеушілігін және оның құрылымының маңызды сипаттамасы болып табылады. Популяцияның этологиялық құрылымы Этология - жануарлардың мінез-құлқының заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Бір популяция мүшелерінің қарым-қатынастарының жүйесін популяцияның мінез-құлықтық немесе этологиялық құрылымы деп атайды. Популяция особьтарының басқа мүшелерлеріне қарым-қатынасы жөніндегі жануарлардың мінез-құлқы ең алдымен түрге тән жалғыз немесе топтық өмір сүруіне байланысты. Жалғыз өмір сүруде - популяцияның особьтары бір-біріне байланыссыз тіршілік етеді. Жанұялық өмір сүру типінде ата-аналары мен ұрпақ арасында байланыс күшейеді. Қауым- отырықшы жануарлардың топтық орналасуы. Тобыр. Биологиялық пайдалы ұйымдасқан іс - әрәкеті байқалатын жануарлардың уақытша бірлігі Үйір. Тобырмен салыстырғанда үйір - бұл жануарлардың ұзағырақ және тұрақты бірлесуі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет