«Жұдырықтан бес саусаққа дейін» Жұдырық – егер тапсырмада көп қателер жіберілсе; Үш саусақ – егер тапсырма жақсы деңгейде орындалса; Бес саусақ – егер тапсырма өте жақсы деңгейде орындалса. «Бас бармақ» Бас бармақтың төмен түсіп тұрғанын көрсетсе – тапсырманың дұрыс орындалмағанына көз жеткізеді; Бас бармақты оң немесе сол жаққа көрсетсе – тапсырманы жақсы деңгейде орындалғанын білдіреді; Бас бармақ үстіне қарап тұрғанын көрсетсе – тапсырма өте жақсы немесе дұрыс орындалғанын түсінеміз.
Гүл,жапырақ,жеміс арқылы бағалау. Жеміс-жауабы толық,әрі дәлелді жауап берсе. Гүл-жауабы толық, бірақ оқушыда өзіне деген сенімсіздік болса. Жапырақ-жауабы толық емес,әрі біраз қателер табылса,осы карточкаларды балаға әр тапсырманы орындаған сайын пайдалануға болады.
Құпия жәшік. Мұнда оқушы өзін-өзі бағалайды.Немесе мұғалімнің қойған бағасымен келіспесе, осы жәшікке оқушы сабақтың соңында өз ойын жазып, бүгігнгі сабақта өзіне қояр бағасын қоса жазып кетеді.Мұны мұғалім қайтадан өзі талдап, келесі сабақта оған жауап түрінде жәшікке қағазды салады.Ал оқушы өзіне қажет жауапты қарап,өзі ой түйеді.
Бағдаршам. Мұнда оқушы сабақ бойы алған мәліметтерін алдарында жатқан парақшаларды көрсету арқылы өздеріне баға қояды.Яғни, егер оқушы жасыл түсті парақшаны көрсетсе, онда ол оқушы келесі сабаққа дайын деген сөз.Ал сары түсті парақшаны көрсетсе, онда ол оқушыға әлі де көмек керек деген сөз.Егер оқушы қызыл түсті парақшаны көтрсетсе, онда бұл сабақтан алған мәлімет тіпті түсінігіне жеткен жоқ деген сөз.
10 сұрақ. Мұғалім өзі таңдап алған оқушыға он түрлі сұрақ қояды.Ал оқушы ия намесе жоқ деген жауап айту керек. 10 сұраққа да жауап бере –өте жақсы 9-7 сұраққа жауап берсе-жақсы 6-4 сұраққа жауап берсе-қанағаттанарлық 4-0 сұраққа жауап берсе-қанағаттанарлықсыз
Бағалау құралдары. Оқу мақсатына жетуді бағалауға мүмкіндік беретін құралдарды (критерийлер, дескрипторлар, деңгейлер және т.б.) құрастыру.
Оқыту әдістері мен бағалау. Сабақта оқу мақсатына жетуді қамтамасыз ететіндей іс-әрекеттерді жоспарлау.
Таксономияның басты принциптерінің бірі – ол практик–мұғалімнің қолында тиімді құралы болуы тиіс. Б.Блум педагогикалық техникалардың бірнеше соны тәсілдерінің авторы болып табылады. Соның бірі -«Блум текшесі».
Текшенің қырларында сұрақтар жазылған:
«Неге»,
«Түсіндір»,
«Атап шық»,
«Ұсын»,
«Ойлап тап»,
«Бөліс»
Мұғалім (немесе оқушы) текшені лақтырады.Текшенің өзіне қараған қыры бойынша оқу материалына сай сұрақ құрастыру керек.Мысалы, «Атап шық...» сөзінен басталатын сұрақ репродукция деңгейіне, яғни білімді қайта жаңғырту деңгейіне сай келеді.