11Семинар тақырыбы: Кіші мектеп жасындағы оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі. Мақсаты



бет1/3
Дата06.06.2022
өлшемі26,01 Kb.
#36389
түріСеминар
  1   2   3

11Семинар тақырыбы: Кіші мектеп жасындағы оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі.
Мақсаты:
1. Бастауыш мектеп оқушыларының оқу жетістіктерін бағалау.
2. Бағалау құралдарын дайындау
Әдістемелік нұсқау: Материалдарды жинақтау, іріктеу және оған талдау жасау арқылы
Сұрақтар құрастыру.


Өткізу формасы:топтық
Бағалау критерийлері: ұсынылған үлгі бойынша
Әдебиеттер: Интернет -ресурстар

Келер ұрпақты білімді ету үшін әрине , білім сапасын арттыру қажет.Ал білім сапасы оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау арқылы белгіленеді , яғни бағалау- білім сапасын басқарудың негізгі критеийі. Оқушы жетістігін нақты бағалау мәселесі - білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелердің бірі. Көптеген жылдар бойы оқушы жетістігі басқа оқушы жетістігімен салыстырмалы түрде бағаланып келді. Бұл жағдайда білім алуға деген қызығушылықты жоғарылатуға мүмкіндік жасайтын бағалаудың нақты критерийлері, мұғалім мен оқушы арасындағы кері байланыс болмады. Көптеген мектептерде төрт баллдық жүйеге негізделген бағалаудың дәстүрлі жүйесі сақталып келеді: 2 («қанағаттанарлықсыз»), 3 («қанағаттанарлық»), 4 («жақсы») 5 («өте жақсы»). Теория жүзінде 1 (бірлік) баллы бар болғанымен, тәжірибе жүзінде тіпті қолданылмайды. Баға әр уақытта субъективті. Осыған орай, мұғалім талассыз бедел мен ақиқат иесі болып табылмақ. Алайда бұл іс жүзінде шындыққа сай келе бермейді. Бес баллдық бағалау шкаласы басқа да таза нормативтік бағалау құралы сияқты дәлдігі жетіспейтін құрал ретінде ұсынылатындығы күмән туғызбайды. Халықаралық бакалавриат мектептеріндегі бағалаудың басты функциясы білім алу ағымының ерекшеліктерін айқындауға және сәйкес келетін түзетулер енгізуге мүмкіндік беретін талдау үрдісі болып табылады. Бағалау-одан арғы оқу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин. «Бағалау» термині «жақын отыру» латын тіліндегі мағынада-бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып,не істегенін немесе өзін-өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе тәртібін мұқият бақылауы болып табылады Бағалау дегеніміз не ? Бағалау деп жұмыс жасаудағы дербестікті , тапсырманы дұрыс орындау нәтижесін , білімнің , іскерліктің және дағдының сапасын анықтауды айтады.Үлгерімді бағалаудың білім беру және дағдының сапасын анықтауды айтады.Үлгерімді бағалаудың білім беру мен биелік маңызы бар. Білім берудің мағынасы оқушылар объективті білім алады, ой-өрісі кеңиеді, ғылыми көзқарасы қалыптасады.Іскерлікті , дағдыны игереді.Тәрбиелік мағынасы жағынан объективті бағалау жеке адамның қасиеттерін қалыптастырудағы құрал.Білімді, іскерлікті және дағдыны тексеру және бағалау танымдық іс-әрекет кезеңдерінің бірі болады.Бұл жерде негізгі мақсат- оқушылардың оқу жұмысын бақылау , олардың үлгерімін және кері байланысын есепке алу. Мұғалім оқушылардың білімді, іскерлікті , дағдыны игеру сапасын тексеріп қана қоймайды , ол оларды ойлау тәсілдеріне , практикалық жұмысқа үйретеді.Білімдегі кемшілікті жоюдың жолдарын іздестіреді. Әр сабақта бағалауды өткізу үшін оқушылардың нені білетіндігін және не істей алатындығын , сонымен қатар олар қандай қиындыққа кездесуі мүмкін екенін анықтау қажет. Баға – оқыту үдерісіндегі қозғаушы күш.Сыни тұрғыдан алып қарасақ , оқушылар өздерінің білімінің толығуына көмектеседі.Пәнге деген қызығушылығы артады, осыған қарап, біз өзімізідің жұмысымыздың нәтижесін көреміз.Осыдан білім берудегі басты қозғаушы күш екенімізді естен шығармауымыз керек. Мен бастауыш сынып мұғалімі ретінде төмендегідей бағалаудың түрлерін сабақта пайдаланып жүрмін.Сол бағалаудың біраз түрлері төмендегідей: « Қосу – Азайту – Қызықты ұсыныс » стратегиясы. + - Қызықты ұсыныс Нені жаналық болды? Нені түсінбеді? Өзінің ұсынысын жазады. «Жазбаша түсіндірме» Бағалаудың міндетті элементі – кері байланыстың жасалуы. Мұғалім оқушылардың жазбаша жұмыстарын тексерген кезде, тек баға ғана қоймай, түсініктемесін жазып кету керек. Түсініктемелері анық және түсінікті болу керек. Дұрыс орындалған жерін белгілі бір түспен, ал қосымша толықтыратын жерді басқа түспен белгілеуге болады. «Бір минуттық эссе» «Бір минуттық эссе» -бұл мұғалімнің оқушылардан кері байланысты болу үшін және де жаңа тақырып бойынша не түсініп, нені түсінбегенін білдіреді. Мұғалімге келесі сұрақтарды қоюға болады: -Бүгін сен нені білдің? -Қандай сұрақтар саған түсініксіз болды? «Екі жұлдыз және тілек» Оқушылар өз сыныптастарының шығармашылық жұмыстарын бағалағанда қолданылады. Оқушылар бір-бірінің жұмыстарын бағалағанда екі жұлдызшаға жақсы жағын көрсетеді, ал қате орындалған жағына, өз пікірлерін білдіріп кетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет