Оқыту міндеттерін шешуге бағытталған мұғалім мен оқушылардың бірлескен қызмет тәсілдері.
Оқушыларды танымдық қызмет тәсілдерімен қаруландыру – оқу әдісінің дамытушылық функциясын арттырудың аса маңызды тенденциясы. Ынтымақтастық, ұжымдық толғану жағдайларын жасау, өзара көмек қатынастары, міндетті өздігінше шешу жауапкершілігі, осы бағытта оқытуды одан әрі жетілдіру әдістері іздестірілуде.
Оқыту әдісі – оқыту процесі сияқты екі жақты процесс дегеніміз – мұғалім баяндайды, әңгімелейді, түсіндіреді, сондай-ақ заттарды, көрнекі құралдармен техникалық құралдарды көрсетеді, ал оқушылар тыңдайды, қызығады, қабылдайды, бақылайды, ойланады т.б. таным әрекеттерін жасайды. Мұғалім оқыту әдісі арқылы оқушыларға білім беруде өзінің іс-әрекетін балалардың таным әрекетіне басшылық етумен байланыстырады.
Оқыту әдісі – оқушыларға білім беру мен оларды дамыту мақсатында мұғалім мен оқушылардың жасайтын қызметі мен қарым-қатынасының тәсіл-амалдары.