№12 (5983) Сенбі, 21 наурыз, 2015 жыл Газет 1940 жылғы 1 қарашадан бастап шығады



Pdf көрінісі
бет6/6
Дата08.01.2017
өлшемі14,14 Mb.
#1445
1   2   3   4   5   6

А. ҮРТЕКОВА,

ҚР АШМ АӨК МИК Ұлытау

аудандық аумақтық 

инспекциясының

бас маман-өсімдіктер 

карантині

жөніндегі мемлекеттік 

инспекторы.  

ФИТОСАНИТАРИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК САЛАСЫНДАҒЫ 

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ КӨРСЕТУ ТӘРТІБІ


11

21 наурыз, 2015 жыл 

№12 (5983)

Ұлытау өңірі

Сұм ажал кімді аяған, отбасымыздың ұй-

тқысы, ақбұлақтай ақылшымыз, ардақты да, 

аяулы  анамыз 

Қайыржан  Шәйкенқызын, 

Қылышбек зайыбы (Қоқан руы) ортамыз-

дан алып кетті. Асыл анамыздың орны ойсы-

рап тұр. Алланың ісіне шара бар ма?

Жатқан жерің анашым жайлы болсын,

Иманды бол, қабырың нұрға толсын.

Жаныңды жәннатта етіп жаратушы,

Періштелер өзіңе қорған болсын,—         

деп дұғадан жоқтағаннан басқа амал жоқ.



Еске алып, қырқын берушілер: балалары, 

бауырлары, немерелері.

                                                           ***

28  наурыз  күні  сағат  12.00-де  асыл  анамызды  еске  алып,  

«Тассай»  дәмханасында  қырқын  береміз.  Асқа  туыс-туған, 

құда-жекжат,  анамыздың  көзі  тірісінде  сыйлас,  дәмдес  болған 

жәмиғатты шақырамыз.

ЕСКЕ АЛУ


ҮЙ  САТЫЛАДЫ

Ұлытау 


селосында 

4  бөлмелі  үй  сатылады.  

Ауызсу,  титан,  септик, 

туалет,  душ,  ұзақ  уақыт 

жанатын  қазандығы  бар 

(аптасына 1-2 рет от жағы-

лады). Терезелері пластик, 

есіктері ағаш, еден жаңар-

тылып линолеум төселген, 

қабырғалары  түсқағаз,  үй-

дің сырты изовер салынып, 

сайдингпен  қапталған.  Үй-

дің  іші-сырты  2013-2014 

жылдары  күрделі  жөндеу-

ден  өткен.  «Отау»  ТВ  ор-

натылған,  телефон  бар. 

Гараж да бар. Үйдің ауласы 

қалың  профильмен  қор-

шалған. 

Мекен-жайымыз: Ұлы-

тау  селосы,  Аманкелді 

көшесі 35-1. Тел: 8(71035) 

2-14-86; сот: 87772134763.

Сенім телефоны жұмыс істейді

«Ұлытау ауданының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жола-

ушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-сі, аталған бөлім 

қызметкерлері тарапынан ҚР Сыбайлас-жемқорлыққа қарсы күрес ту-

ралы Заңы баптарын бұзу, Мемлекеттік қызмет этикасын сақтау, Ар-на-

мыс  кодексі  талаптарын  орындамау  фактілері  орын  алған  жағдайда, 

бөлімде 

2-12-19 сенім телефоны жұмыс істейтінін хабарлайды.

«Концерн «Найза-Құрылыс» ЖШС табиғатты қорғау іс ша-

ралары жоспары бойынша «Қарағанды облысы Шұбаркөл-Май-

бұлақ бекеті телімінде орналасқан 22 жер телімінде саз балшық 

және саз балшықты жыныстар өндіру барысында бұзылған 

жерлерді қайта қалпына келтіру жобасы» бойынша қоғамдық 

тыңдау өткізеді.

Тыңдау 2015 жылдың 15 сәуірінде сағат 15:00-де 

Қарағанды облысы, Нұра ауданы, Шұбаркөл ауылы, 

Рысқұлбеков көшесі, 83 үй, Абай атындағы Шұбаркөл орта 

мектебі, акт залында өткізіледі. Анықтама телефоны 8 

(7172) 70-16-14. Ескертпелер және ұсыныстар үшін email: 

a.albergenova@naiza.kz

***

ТОО «Концерн «Найза-Курылыс»  проводить общественное 

слушание по плану природоохранных мероприятий по охране 

окружающей среды к «Проекту рекультивации земель нарушен-

ных при добыче 22 участков сосредоточенных грунтовых резер-

вов вдоль строящиеся железной дороги Аркалык-Шубарколь, 

участок станция Шубарколь-станция Майбулак Карагандинской 

области». 



Слушание будет проводится 15 апреля 2015 года 15 ча-

сов по адресу: Карагандинская область, Нуринский район, 

пос. Шубарколь, ул. Рыскулбекова, 83, Шубаркольская 

средняя школа им. Абая, актовый зал. Справки по телефо-

ну: 8 (7172) 70-16-14, для замечаний и предложений email: 

a.albergenova@naiza.kz

ХАБАРЛАНДЫРУ

Ұлытау ауданы әкімдігі және аудандық мәслихат Ұлытау аудандық 

аумақтық инспекция басшысы Григорович Светлана Владимирқызына 

ағасы 

Фаст Виктор Владимирұлының 

қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.

«Нұр Отан» партиясы Ұлытау аудандық филиалы аумақтық ауыл-

шаруашылығы инспекциясының басшысы Григорович Светлана Влади-

мирқызына, туыс-туғандарына бауырлары 

Фаст Виктор Владимирұлының 

мезгілсіз  қайтыс  болуына  байланысты  қайғыларына  ортақтасып, 

көңіл айтады. 

ҚР  АШМ  АӨК  МИК  Ұлытау  аудандық  аумақтық  инспекциясының 

ұжымы  инспекция  басшысы  Григорович  Светлана  Владимирқызына 

ағасы 


Фаст Виктор Владимирұлының  

қайтыс  болуына  байланысты  орны  толмас  қайғысына  ортақтасып, 

көңіл айтады.

Аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі мемлекеттік мекемесі 

аудандық аумақтық инспекциясының басшысы Григорович Светлана 

Владимирқызына ағасы 



Фаст Виктор Владимирұлының 

қайтыс  болуына  байланысты  орны  толмас  қайғысына  ортақтасып, 

көңіл айтады.

Күн  тізбесінде  Наурыз  айы. 

Ауа райы күн сайын жылынуда. 

Алдағы  уақытта  су  тасқыны-

ның мезгілі. Бұл – су деңгейінің 

оқыс көтеріліп, өзен арнасының 

толып,  жағадан  шығуымен,  ги-

дротехникалық  ғимараттардың 

бұзылуымен  ерекшеленеді.  Ал 

бұның  арты  елді  мекендерді 

су басып, шаруашылық нысан-

дары  мен  тұрғындарға  едәуір 

материалдық шығын келтіреді.

Аудан  аумағында  су  тасқыны 

әртүрлі  жағдайда  өтеді.  Бар-

лығы  ауа  райына  байланы-

сты  болады.  Су  тасқыны  жәй 

өтуі  мүмкін  –  білінбейді,  кейде 

бақытсыздық  жағдайға  әкелуі 

мүмкін. Сондықтан да төменде-

гі қауіпсіздік ережелерін ұсына-

мын:  көктемгі  қардың  тез  еруі, 

қолайсыз ауа райының ұзақ со-

зылуы, мұз еріп қозғалған мез-

гілде өзеннің аласа жағасында 

тоқтамау керек; оқыс су тасқы-

ны  кезінде,  тұрған  жерден  тез 

кетіп  жердің  неғұрлым  биік  бе-

дерлі жеріне жетуі керек; су қой-

малары тоғандарға жақын және 

өзендер  арасына  орналасқан 

саяжайларға  баруды  шектеу 

қажет; өзендер, арналар, терең 

және орлар мен шұңқырлардың 

үстінен  өтетін  құбырлар  мен 

құрылғылардың  үстімен  (бой-

ымен)  өтпеңіз;  құрғақ  жерден 

бөлініп қалмас үшін өзен орта-

сындағы  жартылай  аралдарға 

кірмеңіз;  белгіленбеген  және 

таныс  емес  орындарда  мұз 

үстімен өзенді, арналарды, т.б. 

да су қоймаларын кесіп өтпеңіз 

және  жүрмеңіз;  өзен,  котло-

ван,  терең  орлар  мен  шұңқыр-

лардың  жанында  балалардың 

ойнауына  тиым  салыңыз;  осы 

кезеңде  су  арнасының  толық 

түскеніне  дейін  балықшыларға 

балық аулауын доғара тұру ке-

рек.

Егер  сіз  көктемгі  су  тасқы-



нынан  аман  қалғыңыз  келсе, 

өзіңіздің мүлкіңізді жоғалтқыңыз 

келмесе,  онда  қазірден  бастап 

қажетті  шараларды  қабыл-

даңыз. Сонымен қатар, сыбай-

лас-жемқорлықтың  алдын  алу 

жолында  ҚР  ТЖМ  Қарағанды 

облыстық  ТЖД-нің  тел:  51-89-

37, Ұлытау ауданы ТЖБ-нің тел: 

2-11-25 сенім телефондары жұ-

мыс істейтінін хабарлайды.

Н.САБАҒАНОВ,

Ұлытау ауданы ТЖБ-нің 

бас маманы, 

ө.қ.қ. аға лейтенанты.

КӨКТЕМГІ ҚАУІПТІ ЖАҒДАЙДАН 

САҚ БОЛЫҢЫЗ

(СУ ТАСҚЫНЫ КЕЗІНДЕГІ ТӘРТІП ЕРЕЖЕСІ ТУРАЛЫ ЖАДЫНАМА)

Қазақстан  Республикасы  Ішкі 

Істер  Министрлігінің  нұсқауы  бой-

ынша  Республика  көлемінде  17.03 

– 19.03.15ж. аралығында «Құқықтық  

тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы 

өтті.  Жоспарланған  жедел  алдын 

алу  іс  шарасы  аясында,  Ұлытау 

ауданының  ішкі  істер  бөлімінің  ар-

найы алдын алу жоспары құрылып, 

жеке  құрам  күшейтілген  қызмет 

тәртібіне  көшірілді.  Іс-шараның 

мақсаты – құқықтық тәртіпті сақтау, 

көшелерде және басқа да қоғамдық 

орындарда  қылмыстарды    ескерту 

және жолын кесу болып табылады. 

Қолданыстағы          ҚР-ның    

Әкімшілік  құқықбұзушылық  ту-

ралы        кодексімен        жеке    және  

заңды        тұлғалардың     



ұсақ  бұ-

зақылық    (Кодекстің  434-бабы),  

жекелей  алғанда,  «Ұсақ  бұ-



зақылық,  яғни  қоғамдық    орын-

дарда  былапыт  сөйлеу,  жеке 

тұлғаларды қорлап тиiсу, тұрғын 

жайларды  қорлау,  ортақ  пайда-

лану  орындарын,  саябақтарды, 

скверлерді  ластау,  оның  ішін-

де  белгіленбеген  орындарда 

коммунальдық 

қалдықтарды 

шығару,  қоғамдық  тәртiптi  және 

жеке  тұлғалардың  тыныштығын 

бұзатын, 

төңiрегіндегілердi 

сыйламаушылықты  бiлдiретiн 

басқа  да  осындай  iс-әрекет-

тер»  жасағаны  үшін  әкімшілік 

жауапкершілік 

қарастырылған.  

Осындай 


құқықбұзушылықты 

жасағаны  үшін  айлық  есептiк 



Сақтансаң – сақтайды

көрсеткiштiң 



  он  мөлшерiнде 

айыппұл  салуға  не  он  тәулiк-

ке  дейiнгi  мерзiмге  әкiмшiлiк 

қамауға  алуға  әкеп  соғады. 

Алкогольдік    ішімдіктерді    ішу 

немесе    қоғамдық    орындарға  мас 

күйінде келу (Кодекстің 440-бабы).

1.  Жергiлiктi  атқарушы  орган 

алкогольдік  ішімдіктерді  құйып  са-

туға рұқсат еткен сауда және қоғам-

дық  тамақтандыру  ұйымдарынан 

басқа,  көшелерде  және  басқа  да 

қоғамдық  орындарда  алкогольдік 

ішімдіктерді  iшу  немесе  қоғамдық 

орындарға  адамның  қадiр-қаси-

етiне  әрi  қоғамдық  имандылыққа 

нұқсан  келтiретiндей  мас  күйiнде 

келу – 

бес айлық есептік көрсет-

кіш  мөлшерiнде айыппұл салуға 

әкеп соғады.

2.  Жасы  18-ге  толмаған 

адамдардың  қоғамдық  орындарға 

мас  күйінде  келуі,  сондай-ақ  олар-

дың қоғамдық орындарда алкоголь 

ішімдіктерін  ішуі  – 



ата-аналарға 

немесе  олардың  орнындағы 

адамдарға  бес  айлық  есептік 

көрсеткіш  мөлшерінде  айыппұл 

салуға әкеп соғады.

3. Осы баптың 1-2-бөліктерінде 

көзделген,  алкогольдік  ішімдіктерді 

iшкенi    немесе  қоғамдық  орынға 

мас  күйiнде  келгенi  үшiн  бiр  жыл 

iшiнде  екi  рет  әкiмшiлiк  жаза  қол-

данылған адамның жасаған iс-әре-

кеттерi  – 



бес  тәулiкке  дейiнгi 

мерзiмге әкiмшiлiк қамауға алуға 

әкеп соғады.

Жекелеген қоғамдық  орындар-

да    темекі  шегуге    тыйым  салуды 

бұзу  (Кодекстің 441-бабы).



1.ҚР-ның  Заңдарында  темекi 

шегуге  тыйым  салу  белгiленген 

жекелеген  қоғамдық  орындарда 

темекi  шегу  – 

үш  айлық  есептiк 

көрсеткiш  мөлшерiнде  айыппұл 

салуға әкеп соғады. 

2.  Осы  баптың  1-бөлігінде 

көзделген,  әкімшілік  жаза  қолда-

нылғаннан  кейін  бір  жыл  ішінде 

қайталап  жасалған  іс-әрекет  – 

алты  айлық  есептiк  көрсеткiш 

мөлшерiнде  айыппұл  салуға 

әкеп соғады. 

3. Жұмыс берушiнiң темекi шегу 

үшiн  арнаулы  орындар  бөлудi  көз-

дейтiн 


ҚР-ның  Заңдарын  бұзуы, 

сондай-ақ,  бұл  үшiн  арнаулы  бел-

гiленбеген  орындарда  темекi  ше-

гушiлерге  шаралар  қолданбауы  – 



заңды тұлғаларға – қырық   АЕК 

мөлшерiнде  айыппұл  салуға 

әкеп соғады.

Құрметті  азаматтар,  Сіздер-

ден  қоғамдық  орындарда  тәртіп 

ережесін  сақтау,  айналадағыларға 

сый-құрмет  көрсету,  қоғамдық 

тәртіпті  сақтау және  адамдардан 

соның  сақталуын  талап  етулері 

сұралады.

 

          



 

Ұлытау ауданының 

ІІБ әкімшілік 

полиция бөлімшесі.

ЖЕДЕЛ АЛДЫН АЛУ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ



Аудандық ІІБ-інде

ЕСКЕ АЛУ


Сұм ажал кімді аяған. Отбасы-

мыздың ұйтқысы, ырыс-берекесі, 

аяулы да ардақты анамыз, ұлағатты 

ұстаз, халқының сүйікті қызы 



Сәния    

Мирғазизқызы Усманованы орта-

мыздан 83 жасқа қараған шағында 

ортамыздан алып кетті. Артында 

қайғыдан қабырғасы қарс айырылған 

жары, еңіреген балалары мен неме-

релері қалды. Уақыттың тездігіне қа-

раңыз, Анамыздың дүниеден өткеніне 

4-сәуірде қырық күн болып қалыпты.

Бақұл бол менің еңлігім,

Сағыныштан сарғаяр менің гүлім

Ешуақытта есімнен шықпайсың сен

Сені жырлап өтемін жетсе тілім.

Жатқан жерің әрқашан болсын жарық,

Дұға оқып отырам есіме алып.

Ғазизбек, Шәмихан, Адайыңды,

Жатырсың бүгін міне қасыңа алып.

Иманды бол, қабірің нұрға толсын,

Жамылған топырағың торқа болсын.



Еске алып, қырқын берушілер: жұбайы Әбіләйс, 

балалары, немерелері, шөберелері.

 ***

Анамыздың 40 күндігіне арналған ас 2015 жылдың 

4 сәуір күні сағат 13.00-де Ұлытау ауданының «Тассай» 

дәмханасында беріледі. Асқа ағайын-туыстар, құда-жек-

жаттар, көршілері, көзі тірі кезінде сыйлас, дәмдес 

болған баршаңызды шақырамыз.

Сәтбаев қалалық аумақтық ауылшаруашылығы инспекциясы ұжы-

мы Ұлытау аудандық аумақтық инспекциясының басшысы Григорович 

Светлана Владимирқызына ағасы 



Фаст Виктор Владимирұлының  

қайтыс  болуына  байланысты  орны  толмас  қайғысына  ортақтасып, 

көңіл айтады.


12

21 наурыз, 2015 жыл 

№12 (5983)

Ұлытау өңірі

Ұлытау өңірі

Директор - 

Бас редактор

Елтынды ДҮЙСЕНБАЕВ

Аудандық «Ұлытау өңірі» газеті редакциясы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (ЖШС)

                              ГАЗЕТТІҢ ҚҰРЫЛТАЙШЫСЫ: «Ұлытау ауданының әкімдігі» 

Газетте жарияланған мақала 

авторларының пікірі редакцияның 

көзқарасына сәйкес келе бермейді.

Газет Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және 

қоғамдық келісім министрлігінде тіркелген №2199-Г куәлігі 

берілген. Астана қаласы. 07.08.2001ж.

Хабарландыру мен құттық-

таулардың мазмұнына редакция 

жауап бермейді. Мақалалардың 

нақтылығы үшін автор жауапты.

Газет «Ұлытау өңірі» редакциясының компьютер орталығында беттеліп, Қарағанды қаласындағы 

«Қарағанды Полиграфия» ЖШС-нің баспаханасында басылады. Ермеков көшесі, 33 үй.

МЕКЕН-ЖАЙЫМЫЗ: 

инд: 101500

Қарағанды облысы,

Ұлытау ауданы,

Абай көшесі, 23- үй.

Тел: 2-13-72; 2-11-22

эл.пошта: 

ulytau-oniri@mail.ru

Газет аптасына бір рет шығады, 

Таралымы - 1550 дана

Көлемі - 3 баспатабақ

Тапсырыс - 12

Дәрігер кеңесі

Бәрекелді!

Біздің  ағзамыздың  дұрыс 

қызмет  атқаруында  кальций-

дің маңызы өте зор, ол жүйке 

жүйесі  бойынша  белгі  беруге 

жауапты,  біздің  бұлшық  ет-

теріміздің жиырылып, әлсіре-

уіне  белгі  береді,  қалпына 

келтіру  жүйесіне,  иммунитет-

ке  әсер  етеді,  ас  қорытуға, 

жүйке  жүйесі  қызметіне,  қан-

ның ұюына қатысады.

Кальцийдің  жетіспеушілі-

гі  сүйектің  сынғыштығы  мен 

осалдығы,  тіс  пен  тамырлар-

дың  әлсіздігіне  алып  келеді. 

Шаштың түсуін жиілетеді.

Жүктілік  пен  бала  боса-

ну  кезінде  әйелдер  30  000мг 

кальций  жоғалтады!  Баланы 

емізу сәтінде ана өз ағзасын-

дағы  300мг  кальцийден  айы-

рылады.

БІЗДІҢ АҒЗАМЫЗДЫҢ 



ҚЫЗМЕТІНДЕГІ КАЛЬЦИЙДІҢ 

МАҢЫЗЫ


Кальцийді  күн-

делікті 

тұтыну 

нормасы: 

10-13 


жас – 1000мг; 13-16 

жас – 1200мг; 16-20 

жас – 1000мг; 20-55 

жас  –  800-1000мг; 

55 жастан жоғары – 

1200мг;  жүкті  және 

бала  емізетін  әйел-

дер  –  1500-2000мг; 

климакс 

кезіндегі 

әйелдер – 1400мг.

С т р е с с т і 

жағдайларда 

ағ-


задағы  кальций  шайылып 

кетеді.  Газдалған  сусындар-

ды  мөлшерден  көп  ішуден 

ағзадағы  кальций  шайылып 

кетеді де сүйек осал болады. 

Салауатты,  дұрыс  тамақтану 

ағзадағы  кальцийдің  қажет-

ті  мөлшерін  ұстап  тұруды 

қамтамасыз етеді.

Біздің 

ағзамыздағы 

кальцийдің қайнар көзі сүт 

өнімдері:  сүт,  йогурт,  айран 

және  ірімшік.  Кальцийдің 

қайнар көзі болып: арқан ба-

лық,  сардина,  салаттар  мен 

қырыққабат  саналады.  Каль-

цийдің толық сіңуі үшін Д ви-

тамині болуы керек.

Сапура ӘМЕНОВА, 

балалар медбибісі.

Қаншама ұрпақты әсем 

әнімен әлдилеп келе жатқан 

ән әлемінің падишасы атанған 

бірегей талант иесі, қазақ 

халқының ұлы мақтанышы 

«вальс королі» атанып кеткен 

Шәмші Қалдаяқовтың ән кешін 

өткізу ауылымызда дәстүрге 

айналған-ды. Биыл да сол 

үрдіс өз жалғасын тапты, 

бірақ «бұл ән бұрынғы әннен 

өзгерек» демекші, биылғы 

байқау жылдағы Шәмші 

әндерінің кештерінен ерекше 

өтті. Ерекшелігі осы байқауға 

арнайы Ұлытау ауданына 

қарасты бірнеше аймақтардан 

сайыскерлер, бас-аяғы 17 

үміткерлер қатысты. Кешіміздің 

шымылдығын Жезді кентінен 

келген әнші жігіт Әсет Қожах-

метов «Қаракөз әнімен ашып 

берді. Байқауда бұдан бөлек 

Шәмші ағамыздың кез-келген 

кештің, отырыстың, тойлар 

мен үлкен концерттердің сәнін 

келтіретін, халықтың ықыласы 

мен махаббатына бөленген 

«Ақ бантик», «Бәрінен де сен 

сұлу», «Қайықта», «Ана туралы 

жыр», «Сыған серенадасы», 

«Қайдасың», т.б. да көптеген 

әндері сайыскерлеріміздің 

орындауында жиылған қауым-

ның көңілінен шыққанын толас-

сыз көрсетілген қошаметтен 

аңғару қиын емес. Сондай-ақ, 

А.Әубәкіровтің «Бәрінен де 

сен сұлу», Бірмағанбетовтер 

дуэтінің «Кешікпей келем деп 

ең», Б.Жәкетаева мен Д.Биха-

новалар дуэтінің «Тербеледі 

қарағай», М.Еңсебаевтың 

«Ақ бантик» әндері ВИА-ның 

сүйемелдеуімен шырқалғаны 

кешті ерекшелей түсті. Жезді 

кентінен келген А.Төлеге-

нова 3-орынды, Қоскөл мен 

Байқоңыр ауылынан келген 

Д.Мағауин мен А.Әубәкірова-

ларға 2-орын, ал Қарсақбай 

кентінен келген Б.Жантаев 

жүлделі 1-орынды еншілеп кет-

ті. Қалған сайыскерлеріміздің 

барлығына марапат қағазда-

ры мен бағалы сыйлықтар 

табысталды. Яғни, байқауға 

демеушілік жасаған Жанкелді 

селолық округ әкімдігі.



Інжу РАХМЕТОЛЛА.

Байқоңыр ауылы.

ӘН КӨГІНІҢ СҰҢҚАРЫ – ШӘМШІ АҒА

Украин  жерінде  дү-

ниеге  келген  Валентина 

Афанасьевна    Машин-

скаяның 

Жезқазғанда 

оқып, бітірген мамандығы 

акушер,  медбибі  бола-

тын. Ол үш жылдан астам 

Қарсақбайдағы емханада 

акушерлік  қызмет  істе-

генде  талай  «қазақтың 

қарадомалағының»  кін-

дік  шешесі  атанған-тын. 

Бұдан  соң  Қ.И.Сәтбаев 

атындағы  тау-кен  ме-

таллургиялық  комбина-

тының  балабақшасына 

медбикелік  жұмысқа  ауысқан. 

1995-2011 жылдар аралығында 

Қарсақбай  кентіндегі  Қ.И.Сәт-

баевтың Мұражай үйінің меңге-

рушісі  болған  Валентина  Афа-

насьевна Валерий және Виктор 

қос  ұлын  ержеткізіп,  еңбекке 

баулыған  В.Машинская  жасы 

жетіп  зейнеткерлікке  шықса  да 

бұл күндері мұражай сақтаушы-

сы  қызметін  жалғастырып  ке-

леді.  Қарсақбайдың  тарихына 

қанық Валентина қолына қалам 

Мұхтар ДӘУІТОВ

ҚАРСАҚБАЙҒА 

БАУЫР БАСҚАН УКРАИН ҚЫЗЫ

алып 


аракідік 

Қ.Сәтбаев 

ту-

ралы 


естелік-

тер  мен  зауыт 

тарихы  жайлы 

м а қ а л а л а р ы н 

газет  беттерін-

де 


жариялап 

тұрады. 


Қай-

мана  қазақпен 

аралас-құралас 

тұрып 


жатқан 

украин  қызы  қа-

зақ тілін де жетік 

меңгерген.



Суретте: 

В.Машинская 

мұражайдағы жәдігерлер 

көрмесімен сан тараптан 

келген жастарды таны-

стыру үстінде. 

Суретті түсірген автор.

Ұлттық 


болашағы 

ұр-


пағыңда  болса,  ұрпақ  тәр-

биесі  –  біздің  қолымызда. 

Демек,  ата  тегін  қадірлеу,  ер 

жігітке  жарасар  «сегіз  қырлы 

бір  сырлы»  болу,  ел  намысын 

қорғау           сияқты ұғымдарды 

жігіттеріміздің  бойына  зерде-

леп жеткізу мақсатында Астана 

қаласының С.Сейфуллин атын-

дағы  Қазақ  Агротехникалық 

Университетінің 

ұйымдасты-

руымен  өткен  «Жігіт  сұлтаны 

-  2015»  байқауында  өз  өнерін 

ФОТОЭТЮД

Бұл балақай өскенде болар жігіт,

Ұлыс күнін қарсы алмақ тайға мініп.

ортаға салып, жігіттердің ішінен 

өзінің  алғырлығымен  жеңіске 

жеткен ұлытаулық Бекзат Жан-

келдіұлын  шын  жүректен  Ұлы-

тау  жастарының  атынан  құт-

тықтаймыз!

      Арыстандай келбетті, жол-

барыстай  жүректі,  қырандай 

қырағы, намысқой, ер  мінезіңіз 

мұқалмасын,  асқақ  шыңдарды 

бағындырып,  қонар  тұғырыңыз 

биіктей  берсін  дегім  келеді.

Әрқашанда  Ұлытау  жерінің 

атын  асқақтатып,  Тәуелсіз  Қа-

зақ  елінің  туын  көкке  көтере 



беріңіз!

А. ТОҚМЕТОВА,

Қарсақбай кентінің

 жастармен 

жұмыс жасау бөлімінің 

инспекторы.

БЕКЗАТ,  ЖАРАЙСЫҢ!

Ер азаматтың орны қашанда бөлек. Олардың күш-жігеріне, 

ақыл-парасатына бүкіл әлем бағынған, бағынады да! 

Сондықтан да халқымыз «жердің қорғаны, елдің тұтқасы» 

деп ерекше ардақтаған. 

Ал ақын Мұхтар Шаханов жердің аман тұрғандығы,

сол намысқой еркектердің арқасы деген екен...


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет