Туберкулезге қарсы дәрілік заттар



бет1/13
Дата20.12.2023
өлшемі91,02 Kb.
#141334
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
№13 Вирусқа қарсы. Иммунотропты заттар. Туберкулезге қарсы. Саңырауқұлақтарға қарсы заттар.-1


Туберкулезге қарсы дәрілік заттар
Дүние жүзі бойынша жыл сайын шамамен 10 млн адам туберкулезбен науқастанып, 3 млн адамның осы аурудан көз жұматыны белгілі. Туберкулез — мүшелерді және организм жүйелерін зақымдайтын созылмалы жұқпалы ауру. Туберкулезге көбіне өкпе шалдығады, яғни ең көп таралған үдеріс түрі болып табыла­ды. Туберкулез қоздырғышы муcobacteriитболып табылады, оны Роберт Кох 1882 жылы ашты. Содан кейін 62 жыл өткен сон ғана барып 1944 жылы ғана бірінші арнайы туберкулезге қарсы препарат- стрептомицин антибиотигі жасалып шығарылды, оны АҚШ- тың бактериолог ғалымы С. Ваксман ойлап тапты.
Туберкулезді емдеу үшін химиятерапевтік заттар пайдаланы­лады, олар шығу тегі жағынан антибиотиктер мен синтетикалық бактерияға қарсы заттарға жатады. Туберкулезге қарсы синтетикалык заттар мен антибиотиктер арасындағы негізгі айырмашылық олардың спектрінде болып табылады: синтетикалық заттар тек муcobacteriитбелсенді болып табылады, ал антибиотик­тер басқа микроорганизмдерге де әсер етеді (15-сурет).
Туберкулезге қарсы дәрілер былай бөлінеді: негізгі (изониазид, рифампицин, стрептомицин, этамбутол, пиразинамид) және қосымша (канамацин, этионамид, протионамид, ПАСҚ және т.б.). Сонымен қатар, туберкулезге қарсы препараттардың терапиялық тиімділігіне байланысты келесі жіктеуді ұсынады.

  • А тобы (ең тиімді заттар): изониазид және оның туындылары, рифампицин.

  • В тобы (тиімділігі орташа препараттар): стрептомицин, канамацин, этамбутол, пиразинамид, этионамид және т.б.

  • С тобы (тиімділігі томен препараттар): ПАСҚ, тиоацетазон.

Изониазид — изоникотин кышқылының гидразиді — тубер­кулезге қарсы негізгі синтетикалық препарат. Изониазидтің әсер сту механизмі бактериялық қабырғаға (мембрана) қажетті миколь қышқылдарын синтездейтін ферменттерді тежеуіне негізделген. Жасушадан тыс және жасуша ішілік туберкулез микобактериясына әсер етеді. Ал басқа микроорганизмдер изониазидке сезімтал емес. Жоғары концентрацияларда, ол бактерицидтік әсер көрсетеді. Изониазидті ішке қабылдағанда тез сіңеді. Ол сондай- ақ каверналарға (некрозданған өкпедегі қуыстардың түзілуі) жақсы өтеді. Ацетилдену арқылы бауырда метаболизмденеді. Қолданылуы: туберкулездің барлық түрлерінде. Әдетте, оны ішке тағайындайды (ас ішкеннен кейін), бірақ парентралды енгізуге де болады (бұлшықетке, тамырға немесе тамшылы түрде интратрахеалды, каверноз ішілік және т.б.). Изониазидті — уыттылығы төмен химиятерапиялық зат, жанама әсерлері: орталык және перифериялық жүйке жүйесінен немесе бауыр тарапынан көрінеді. Ұзақ емдеу кезінде ағзада В6 дәруменінің жеткіліксіздігі туындайды (дәрумендерді тағайындау асқынудың қаупін азайтады). Туберкулез микобактериясының изониазидке үйренуі салыстырмалы түрде баяу дамиды.
Рифампицин жартылай синтетикалық, кең спектрлі антибиотик, туберкулезге қарсы препараттардың ішіндегі ең белсенділерінің бірі. Препарат туберкулез микобактериясына және алапес коздырғышына, кейбір грам-теріс және грам-оң микроорга­низмдерге белсенділік көрсетеді. Жасуша ішілік және жасушадан тыс микобактерияларға әсер етеді, каверна ішіне енеді. Әсер ету механизмібактериялардағы РНК синтезін тежейді. Шағын доза­да — бактериостатикалық, ал жоғарғы дозада — бактерицидтік әсер кәрсетеді. Рифампицин асқазан-ішек жолдарында жақсы сіңеді, ағзалар мен тіндерден жақсы әтеді, ГЭТ (гематоэнцефалдық тосқауыл) арқылы өтеді, бауырда метаболизмденеді. Ол өкпелік және екпеден тыс туберкулезде пайдаланылады. Рифампицинді ашқарынға және көктамырға күніне 1 рет ас алдында 30—50 минут бұрын қабылдайды, әдетте, басқа да туберкулезге қарсы дәрілермен бірге ұштастыра отырып қолданылады (туберкулез микобактериясының оған деген қарсылық дамытуын болдырмау үшін). Рифампицин қолданғанда бауырдағы, қанжасаудағы (ане­мия, лейкопения) бұзылыстар және де диспепсиялық бұзылулар, сондай-ақ несептің, сілекейдің және көз жасының қызғылт түске боялуы орын алуы мүмкін. Рифампицинге туберкулез микобактериясының тұрақтылығы тез дамиды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет