12 дәріс Ақуыз биосинтезі



Pdf көрінісі
бет4/6
Дата19.04.2023
өлшемі208,41 Kb.
#84287
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Биохимия каз 12 лекция Белок биосинтезі

пепсинтетазалармен тездетіледі. Магний және Ғ
1
, Ғ
2
, Ғ
3
белоктық инициация 
факторларымен активтенеді. Химиялық энергияның көзі ГТФ болады. 
Байланыс бірінші аминоацил-т-РНК-нің СО тобы мен екіншісінің NН
2
– тобы 
есебінен пайда болады. 
Бұл реакциялар бос 30s суббірлікте өтеді. Инициация комплексіне 50s 
суббірлік қосылып м-РНК мен байланысқан рибосомаға біріктіріледі. 
Элонгация. «Өз» амин қышқылын алып келген бірінші т-РНК м-РНК –
рибосома комплексінен бөлініп, гиалоплазмаға жаңа амин қышқылдарын 
алып келуге бет алады. Екінші т-РНК-мен байланысқан дипептид үшінші 
аминоацил-т-РНК-мен әрекеттеседі де, трипептид пайда болады. Екінші т-
РНК-мен рибосомадан гиалоплазмаға түседі және т.т. Жаңа амин 
қышқылдары қалдықтарының бірізділікпен қосылуының нәтижесінде 
пептидтік тізбек ұзарады, яғни элонгацияланады. Рибосома м-РНК-ны бойлай 
бір үйлесімнен екінші үйлесімге үзіле-үзіле «қадамдап» жылжиды. м-РНК-да 
жазылған 
белок 
құрылымы 
туралы 
хабардың 
арқасында 
амин 
қышқылдарынан белок молекуласы түзіледі. 
Әр уақытта белок түзілуі жүріп жатқан рибосомада екі үйлесім болады. 
Осы үйлесімде жазылған хабарды т-РНК-ның үйлесімі амин қышқылына 


аударып отырады. Рибосоманың әр қадамында бір амин қышқылының 
қалдығына артылған жаңа пептидил-т-РНК пайда болады. Процесс 
пептидилтрансферазамен тездетіледі, магний катионымен және белоктық 
факторлармен активтендіріледі. 
Қорыта айтқанда, т-РНК-дағы антикодон сәйкестілік принципі бойынша 
м-РНК-дағы кодонды «танып», онымен сутектік байланыс арқылы 
байланысады. Осындай антикодон-кодон «танушылығының» генетикалық 
хабарды таратуда іргелі маңызы бар. 
т-РНК-ның молекуласы екі міндет атқарады: 20 амин қышқылының 
ішінен «өз» амин қышқылын таңдап алады және антикодонның көмегімен м-
РНК-дағы өзіне сәйкес кодонды табады. 
Осылай белок молекуласының біріншілік құрылымы түзіледі.
Терминация. м-РНК-да жазылған генетикалық хабар белок түрінде 
түгелдей көшірілсе, яғни рибосома м-РНК-ның оң жақ ұшына барып жеткен 
болса, түзілу аяқталады. Терминациялық кодондардың, УАА, УАГ және УГА 
бір кодоны полипептид түзілуінің аяқталғанына сигнал береді. Рибосома 
түзілген белокпен қоса м-РНК-дан сырғып түседі. Бұдан кейін олар ажырайды. 
Түзілген белок цитоплазманың эндоплазмалық торына түседі, ал рибосома 
басқа м-РНК-ға жетіп, жаңа белоктың түзілуіне қатысады. 
Бір м-РНК-ның бойында бірнеше рибосома белок түзуі мүмкін. Олар 
полирибосома деп аталады. Мысалы, гемоглобин белогын түзетін м-РНК-ның 
бойында бес рибосомаға дейін болуы мүмкін. 
Гиалоплазмада полипептидтік тізбектерден тиісті қарапайым және 
күрделі белоктар пайда болады. Белок молекуласының екіншілік, үшіншілік, 
ал кей жағдайда төртіншілік құрылымы қалыптасады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет