12 дәріс Ақуыз биосинтезі



Pdf көрінісі
бет1/6
Дата19.04.2023
өлшемі208,41 Kb.
#84287
  1   2   3   4   5   6


12 дәріс 
Ақуыз биосинтезі 
1. Генетикалық код, кодон, цистрон және ген туралы ұғымдар.
2. Ақуыз биосинтезінің негізгі кезеңдері.
3. Белок түзілуінің реттелуі. 
4. Белок алмасуының патологиясы. 
1. Генетикалық код, кодон, цистрон және ген туралы ұғымдар 
Генетикалық код - бұл адам ағзасының белок молекулаларының құрылысы 
мен құрылымы кодталған геномдағы ақпарат. Бір ДНҚ молекуласы жүздеген 
мың белоктар туралы ақпаратты тасымалдаушы болып табылады. 
Кодон - генетикалық кодтың бірлігі, ДНҚ-да немесе РНҚ-да үш нуклеотид 
қалдығы, әдетте бір аминқышқылының қосылуын кодтайды. Гендегі кодондар 
тізбегі осы генмен кодталған белоктың полипептидтік тізбегіндегі 
аминқышқылдарының тізбегін анықтайды. 
Белок молекуласының құрылымы бір генде жазылады. Белок синтезінің сәтті 
өтуі үшін ақпарат ДНҚ молекуласынан белгілі бір жолмен оқылады. Осының 
арқасында әр түрлі және құрылымы ұқсас белок макромолекулалары 
синтезделеді. 
Ген - тұқым қуалайтын ақпаратты сақтауға арналған элементар бірлік. Генетик 
ғалымдар тұқым қуалайтын ақпараттың мөлшерін есептеді, ол 30 000 геннен 
тұрады. 
Барлық гендер екі үлкен санатқа бөлінеді: 
-Реттеуші гендер - ақпараттың оқылуын қамтамасыз етеді немесе бұл 
процесті тоқтатады. 
-Құрылымдық гендер немесе цистрондар - белок молекуласының 
құрылымын тікелей кодтайды. 
2. Ақуыз биосинтезінің негізгі кезеңдері 
Жасушадағы белоктың түзілуі өте күрделі және көп сатылы процесс. 
Теория жүзінде 12 АҚ кезектесе тізбек құру арқылы 10
30
әр түрлі белок 
молекулаларын түзе алады! Жасушадағы белоктардың түзілуі дәлме-дәл 
заңдылықпен генетикалық ақпаратқа (информацияға) сәйкес жүреді. 
Белок цитоплазманың құрамындағы рибосомада түзіледі. Химиялық 
табиғаты жағынан рибосомалар 50-60%-і РНК-дан және 35-50%-і белоктардан 
тұратын нуклеопротеидтер болып келеді. Рибосомалар жасушада 3 тен 100 
бірлікке дейін топтанған түрде болады /полисом/. Олар бір-бірімен өзіне тән 
жіпшелермен байланысқан. Әрбір рибосома өз бетімен бір полипептидтік 
тізбекті түзуге қабілетті (1-сурет). 


1-сурет. Трансляция. Белоктың рибосомада түзілуі. 
Белоктардың биосинтезіне барлық 20 амин қышқылы, АТФ, ГТФ, магний 
иондары, әр түрлі ферменттер, РНК-ның барлық түрлері, рибосомалар
инициация, элонгация, терминация факторлары және т.б. қажет. 
Жасушадағы белоктың түзілуі 4 кезеңнен тұрады: 
І кезеңАмин қышқылдарын активтендіру  және аминоацил – т – РНК-


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет