кодонға т-РНК-ның антикодоны және бір амин қышқылы сәйкес келеді.
Биосинтез барысында рибосомаға аминоацил-т-РНК түрінде амин
қышқылдары қосылады. Келешекте кодондардың м-РНК-да орналасу тәртібі
бойынша амин қышқылдары қосылып, полипептидтік тізбек құрады (2-сурет).
Онан әрі бұл комплекс рибосоманың 50s
бөлігімен мықты байланысып
белоксинтездеуші комплекс құрады.
ІІІ кезең. Полипептидтік тізбектің синтезі - трансляция
Трансляция үш сатыдан тұрады:
А)
инициация немесе полипептидтік тізбекті түзудің басталуы;
Ә)
элонгация немесе
пептидтік тізбектің ұзаруы
Б)
терминация немесе пептидтік түзілудің аяқталуы.
Рибосоманың трансляция жүретін учаскесінің мөлшері 6 нуклеотидтің
ұзындығына тең.
Инициация. Инициация жүру үшін БСК, инициация факторлары (IF),
ГТФ, Mg
2+
иондары қажет.
м-РНК жіпшесі цитоплазмадағы рибосомаларда орналасады. Рибосома
м-РНК-ның жіп тәрізді молекуласының сол жақтағы N – ұшынан кіріп,
белокты түзе бастайды. Себебі, пайда болған
дипептидте бірінші амин
қышқылының NН
2
– тобы сақталған. Көптеген белоктардың пептидтік
тізбектерін түзу инициациясы метионин /АУГ/, валин /ГУГ/, лейцин /УУГ/
амин қышқылдарынан басталады. Оларды
инициациялайтын кодондар деп
атайды.
Екі көршілес аминоацил-т-РНК өздерінің
антикодондарымен м-РНК-
ның кодондарына қосылғаннан кейін полипептидтік тізбектің түзілуіне
жағдай туады. Бірінші пептидтік байланыс қалыптасады. Бұл процестер
Достарыңызбен бөлісу: