12 Дәріс Халықаралық ұйымдардағы әлеуметтік процестер



бет1/5
Дата22.04.2023
өлшемі1,32 Mb.
#85725
  1   2   3   4   5

12 Дәріс Халықаралық ұйымдардағы әлеуметтік процестер

  • Халықаралық ұйымдар - мемлекеттердің немесе олардың құрылымдарының, сондай-ақ қоғамдық ұйымдардың, ұлттық қоғамдардың, үкіметтік емес сипаттағы қауымдастықтардың, әртүрлі мемлекеттердің атынан жүретін жеке мүшелердің бірлесуі; қоғамдық өмірдің әртүрлі (саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени, ғылыми-техникалық және т.б.) салаларында ортақ мақсаттарға жету үшін құрылады және халықаралық әріптестіктің аса маңызды түрі болып табылады.

Халықаралық ұйымдар XIX ғ. екінші жартысында пайда болды, ол ұлттық мемлекет шеңберінен шыққан дамыған экономикалық және әлеуметтік-саяси қатынастардың түбегейлі жаңа мәселелердің, трансұлттық міндеттердің шешімін табуда бірлесудің, халықарaлық күшті жұмылдырудың объективті қажеттілігінен туды.
Алғашқы бұқаралық халықаралық ұйымдар - 1863 ж. швейцарлық Анри Дюнан негізін қалаған Қызыл Крест және Бірінші интернационал - 1864 ж. Лондонда К. Маркс пен Ф. Энгельс негізін қалаған Халықаралық жұмысшылар жолдастығы.
Алғашқы Халықаралық үкіметаралық ұйым -1874 ж. қүрылған Жалпы пошталық одақ. Халықаралық ұйымдардың құрылуына түрткі болған I және II дүниежүзілік соғыстар. Олар аяқталғаннан кейін әлем оның зардабын талқылап, енді болдырмау үшін тиімді, оңтайлы халықаралық қауіпсіздік жүйесін қүруға талпыныс жасады. Осылайша, 1919 ж. Ұлттар Лигасы қүрылды.
1945 ж. Сан-Францискода Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысы қабылданды. XX ғасырдың екінші жартысында күрт күшейген жаһандану процестері, оған сәйкес әртүрлі елдер мен халықтардың өзара қарым-қатынасының дамуы жаңа халықаралық ұйымдардың қүрылуына септігін тигізді.
XXI ғ. басында әлемде қызметі, мақсат-міндеттері, бірлесу түрі, қатысушылар саны, өкілеттігі алуан түрлі ондаған мың халықаралық ұйым бар. Бірлесу түріне байланысты халықаралық ұйымдар үкіметаралық және үкіметтік емес болып бөлінеді. Үкіметаралық халықаралық ұйымдар мемлекеттер арасындағы келісімдер мен шарттардың негізінде құрылып, қызмет етеді.
  • Біріккен Ұлттар Ұйымы (1945)
  • Халықаралық валюта қоры (1945)
  • Дүниежүзілік сауда ұйымы (1995)
  • Солтүстік Атлантикалық Келісім Ұйымы (НАТО, 1949)
  • Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы (ОПЕК, 1960)
  • Әлеуметтік процестер бірнеше рет болатын әлеуметтік өзара әрекеттесу формаларына жатады. Әлеуметтік процестер деп біз жеке адамдар мен топтардың өзара әрекеттесу және әлеуметтік қатынастар орнату тәсілдерін айтамыз. Ынтымақтастық, жанжал, бәсекелестік, бейімделу және т. б. сияқты әлеуметтік өзара әрекеттесудің әртүрлі формалары бар.
  • Әлеуметтік процестер барысында қоғамның әлеуметтік құрылымының маңызды сипаттамалары, әлеуметтік топтардың арақатынасы, қарым-қатынастары және олардың арасындағы өзара әрекеттесу сипаты өзгереді.
  • Әлеуметтік қызмет адамның басқа адамдармен қарым-қатынасы мен қарым-қатынасының тарихи қалыптасқан түрлері мен формалары арқылы жүзеге асырылады.
  • Ол әртүрлі салаларда және әлеуметтік ұйымның әртүрлі деңгейлерінде жүзеге асырылуы мүмкін. Қоғамдық қатынастардың әр түрі қоғамдық жүйеде белгілі бір рөл атқарады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет