12 дәрістің тақырыбы: Қаржылық және Ақпараттық қауіпсіздік негіздері



бет4/5
Дата16.12.2023
өлшемі0,51 Mb.
#139947
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
Дәріс № 12 Қаржылық және ақпараттық қауіпсіздік 2

Қоғамның, жекелеген адамның, мемлекеттің, қоғамның ақпараттық қауіпсіздікті қорғауда негізгі объектісіне авторлық және патенті құқытарымен қорғалатын, мемлекеттік, коммерциялық құпияларды сақтайтын, қоғамның тіршілігі мен жеке адамның өмірін қамтитын ашық ақпараттар жатады.

Ақпараттық қауіпсіздік системасына заң актілері мен нормативті-құқықтық құжаттар (құқықтық қамтамасыз ету/, ғылыми ізденістер мен техникалық құралдар мәліметтерін ақпараттық қорғау жатады. Ол келесі негізгі принциптерде негізделеді:

- Ақпараттық сферада жеке тұлғаның, қоғамның және мемлекеттің қызығушылық балансын сақтау;

- Ақпаратты сақтау процесстерінің бірегейлігі;

- Қауіптен қорғанудың кешенді сипаты;

- Экономикалық тұтастық және тағы басқалар.

2. Ақпараттық қауіпсіздік

«Ақпаратты қорғау» ұғымында екі түрлі иерархиялы жүйелерді көрсетуге болады:

- Ақпараттың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жүйе;

- Ақпараттық қауіпсіздік жүйесі.

Ақпараттың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жүйеде қорғау обьектісіне ақпарат жатады, ол кез келген материалды формада беріледі және оны сақтайтын, өңдейтін, тасымалдайтын информационды құралдар.

Ақпаратты сақтау системасы келесі талаптарға сай болуы керек:

- Сенімді.

- Барлық қауіптерді толық қадағалауы.

- Иерархиялық ұйымдастырылған, үзіліссіздігі, стандартты тәсілдері мен информационды қорғау құралдарының сенімділігі және басқалар.

Ақпаратты қорғау системалары қорғаудың негізгі екі қасиетін сақтауы тиіс, яғни екі түрлі қауіпті болдырмайды:

- Конфиденциалдықтың компрометациясы, яғни санкциясыз ақпарат алуды, көшіру не ақпаратты ұрлау, декодирлеу және десшифрлеуді болдырмау.

- Ақпаратты әдейі немесе кездейсоқ құртуға, жоюға, блокировкалауға, өзгертуге бағытталған әрекеттерді болдырмау.

Сонымен, «ақпараттық қауіпсіздік» адамның, қоғамның, мемлекеттің, табиғаттың информационды тұрғыда қауіпсіздігінің дәрежесін сипаттайды және ақпаратты, информационды системалар мен технолгияларды қорғау обьектілеріне жатады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет