Әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету міндетін шеше алатын жалғыз субъект - мемлекет. Тек ұлттық табысты қайта бөлу, қоғамдық тауарларды жасау, отандық және шетелдік компанияларды ұлттық компанияларға қолдау көрсету және оларды сыртқы нарықтарда кеңейтуге қолдау көрсету бойынша ауқымды міндеттерді шеше алады.
Біз елдің мемлекеттік қарызының деңгейін тұрақты бақылауда ұстауға тиіспіз. Мемлекеттік қарыз аз мөлшерлі деңгейде қалуға тиіс. Бұл қағидатты міндет, өйткені біз əлемдік тұрақсыздық жағдайында бюджетіміздің тұрақтылығын жəне ұлттық қауіпсіздігімізді тек осылай ғана қамтамасыз ете аламыз.
Мемлекеттік қаржы саласын дамытуда еліміз əлі алда тұрған талай белестерді бағындыруы тиіс. Жергілікті бюджеттерге еркіндік беру қажет, жəне салық жүйесінің оңтайландырылған түрін қолданысқа енгізу маңызды мəселе болып табылады.
Қорыта келгенде, мемлекеттік қаржы жүйесі - мемлекеттің ең маңызды жəне айырылмайтын бөлігі. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қаржысы – бұл еліміздің экономикалық тəуелсіздігі мен қауіпсіздігінің кепілі, сондықтан да бұл саланы басқаруда терең ақыл, салиқалы ойға жүгінгеніміз дұрыс.
2. Ақпараттық қауіпсіздік
Ақпарат – қоршаған орта туралы және онда өтіп жатқан процесстер туралы мәліметтер, адамдар оны сезеді немесе арнайы қондырғылар арқылы қабылдайды. Ақпарат ұғымы әдетте, екі обьектінің арасында өтеді – ақпарат беруші және ақпаратты қолданушы.
Қазіргі уақытта ақпараттың келесі аспектілері анықталған
- Мәліметтер – мәліметтермен алмасу; жануарлар мен өсімдіктер арасында сигналдармен алмасу; генетикалық белгілерді беру.
- Фундаменталды философиялық категория, материя сияқты ол да үнемі барлық жерде болады, және өзінің материалды иесінен ажырамайды; негізгі кибернетикалық ұғымдарың бірі.
- Іздеп табуға және сақтауға орасан зор күш пен қаржы жұмсалатын өте маңызды ресурс.
- Өндіру мен сату үшін көп адамдар жұмыс істейтін құнды тауар.
- Кәсіпорындарды, армияны, қоғамдық структураларды жұмысқа қосатын, адамды жаралайтын және табысқа көтеретін күш.
Ақпарат деп жинақтау, өңдеу, қолдану және өзара алмасуға арналған мәліметтер объектісін айтамыз.
Ақпараттар түрлі мәліметтерді береді және түрлі процесстердің объектісі ретінде оған «ақпаратты қорғау» деген қысқа ұғым сәйкес келеді. Бұл жағдайда ақпаратты қорғауға оны жинау, беру, өңдеу және сақтау процестерінде тұтастығы мен конфиденциалдығын қамтамасыз ететін шаралар жатады. Бұл анықтама «ақпаратты қорғау» және «ақпаратты қауіпсіздендіру» дегенді білдіреді.