12-әдіс,Әдістеме ұғымына түсінік Әдіс дегеніміз – нақты міндетті шешудің, әлдебір мақсатқа жетудің тәсілі


Педагогикалық зерттеудің әдіснамалық негіздері



бет3/3
Дата31.03.2023
өлшемі22,79 Kb.
#77900
1   2   3
Байланысты:
модуль

Педагогикалық зерттеудің әдіснамалық негіздері. Педагогика әдіснамасы жалпы әдіснама ғылымы мен қоғам дамуының үдрісінн талдаудан туындайды, теориялық талдау және синтез, сонымен қатар, педагогика, психология, әлеуметтану, кибернетика және басқару теориясының зерттеу нәтижелерін, қисынды жалпылау әдістерін қолданады. Педагогика әдіснамасы зерттеушінің ғылыми жұмысына бағытталған басшылыққа қызмет етеді. Сонымен бірге, педагогика әдіснамасының басты міндеттерінің бірі зерттеу жұмысын әдіснамалық негіздеу болып табылады. Ғылымда әдіснамалық негіздің келесі түрлерін бөліп қарастырады:

  • ғылымның философиялық негізі (әлемнің философиялық бейнесі, философиялық – дүниетанымдық, қисынды – гносеологиялық, құндылықты – нормативті ұстанымдар, философияда құрастырылған теориялар мен категориялар);

  • теориялық негіз (ғылымның белгілі бір саласының тұжырымдамалық идеялары);

  • әдіснамалық негіз (зерттеудің әдіснамалық құрал-жабдығы, ғылымилық идеалы мен нормалары);

  • қисынды негіз (формалды және диалектикалық қисын заңдары, дәлел және аргумент ережесі);

  • эмпирикалық негіз (ғылыми айғақтар, эксперимент нәтижелері, тәжірибелік-ізденушілік жұмыс).

Бұл негіздер біріккен түрде ғылыми зерттеудің теориялық-әдіснамалық базасын құрады және оны негіздеу қызметін атқарады. Педагогика және білім беру саласында философиялық негіздердің маңызы зор. Философиялық негізге ғылыми ізденістің теориялық негіздері, педагогиканың тұжырымдамалық ойлары мен ұстанымдары сүйенеді.
Әдіснамалық негізде автордың дүниетанымдық және зерттеушілік тұжырымдамасы сипатталады, зерттеу құбылыстарын талдауға объективті, ғылыми тұрғыдан келуді қамтамасыз етеді, сонымен қатар, білім беру теориясы мен тәжірибесіне қажетті одан шығатын қорытынды мен ұсыныстар, алынған нәтижелердің ғылыми құндылығы. Әдінамалық негізді тиімді анықтау үшін әдіснамалық түсіндіру жүзеге асырылады. Зерттеушілер зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздерін анықтау барысында педагогика әдіснамасы қорына, педагогикалық ойларға, тұжырымдамалар мен теорияларға сүйенеді, олардың зерттеу болжамы негізінде ғылыми теория құру мен педагогикалық дәлелдерді ашу мен түсіндіру үшін қажетті және жеткілікті болып табылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет