Педагогика ғылымы. Педагогика ғылымының әдіснамасы Орындағандар: Айтқұл Еңлік
Төлеуханқызы Алтынай
Қабылдаған: Исмаилова Р.Б
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Алматы, 2023
Кіріспе
Оқыту әдістерін жалпылай топтастыру
Оқыту әдістерінің түрлері және оларға жалпы сипаттама
Педагогика әдіснамасы сүйенетін қағидалар
Әдіснамалық мәдениет – педагогтің кәсіби дайындығы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Жоспар: Кез келген ғылымның даму жетістігі оның әдіснамасы мен теориясының деңгейімен анықталады.
Ғылыми-зерттеу жұмысында әдіснама, әдіс пен теория әрқашан бір-бірімен тығыз байланысты.
Әдіснама «грек тілінен аударғанда «әдіс туралы ғылым» деген мағынаны береді.
Сондықтан әдіснама – зерттеу үдерісі туралы ілім ретінде де түсіндіріледі.
Теория – педагогикалық құбылыстардың, кез-келген әдіснаманың негізі болады және сол әдіснаманың көмегімен табылған фактілер негізінде кеңейеді.
Теория – таным үдерісінің нәтижесі, ал әдіснама болса осы танымға жету мен оны құру тәсілі болып табылады.
Кіріспе В.В.Краевский педагогиканың әдіснамасы педагогикалық шынайы болмысты бейнелейтін педагогикалық теорияның құрылымы мен негіздері, білімдер жасауға қажет тұғырлар мен тәсілдердің қағидалары туралы білімдер жүйесі, сондай-ақ, арнайы ғылыми-педагогикалық зерттеулердің бағдарламаларын, логикасын және әдістерін, сапасын бағалау туралы білімдерді алу бағытындағы әрекет жүйесі деп тұжырымдайды.
Педагогика әдіснамасы кең мағынада теория, оның пәні зерттеудің жалпы ғылымилық және арнайы әдістерін біріктіретін және тар мағынада – жаңа ғылыми-педагогикалық ақпарат алу, оны талдау мен түсіндірудің әдістері туралы білімдер жүйесі
1
Әдіснамалық рефлексия (өзінің ғылыми қызметін талдау қабілеті);
2
Ғылыми негіздеуге қабілеті;
3
Сыни талқылауға қабілеттілік;
4
Нақты тұжырымдамаларды, танымның, басқарудың, құрастырудың формалары мен әдістерін шығармашылықпен пайдалануға қабілеттілік.
Педагогтің әдіснамалық мәдениетінің құрамы мыналарды қамтиды:
Оқыту әдісі дидактиканың негізгі бір құрамды бөлігі болып табылады. Себебі, оқыту процесі оның мақсаты, мазмұны, әдістері және ұйымдастыру формаларының біртұтастығы болып табылады. Оқыту әдістері педагогика саласында талас тудыратын күрделі мәселелердің бірі болып табылады. Соған орай бүгінгі таңда оқыту әдістерінің анықтамасы және оларды топтастыру мәселесінде ортақ пікір қалыптаспаған. Бұл мәселені зерттеуші авторлар (С. Й. Архангельский, С. И. Зиновьев, Н. В. Кузьмина, Т. А. Ильина, Н. Д. Никандоров т.б.) оқыту әдістеріне түрліше анықтама беріп, оларды әр түрлі негізде топтастыруды ұсынады. Ғылыми педагогикалық әдебиеттерде топтастырудың жиырмадан астам түрі бар. Соларды атап өтетін болсам
—түсіндірмелі хабарлау әдісі;
— репродуктивтік әдіс;
— проблемалық баяндау әдісі;
— эвристикалық әдіс.
Оқушылардың таным белсенділігіне қарай (М. Н. Скаткин, И. Я. Лернер):
—жаңа білім беру әдісі;
— біліктер мен дағдыларды қалыптастыру әдісі;
— техникалық құралдармен жүмыс істеу әдісі;
— өзіндік жұмыс істеу әдісі;
— білімді тексеру әдісі;
— проблемалық, программаланған оқыту әдісі.
Оқытудың мақсаттары мен құралдарына қарай (М. А. Данилов, Б. П. Есипов,Т. А. Ильина)