ОБӨЖ 11
Зерттеу жұмыстары нәтижелерін дайындау
1.Зерттеу нәтижелерін безендіру, тарату және бағалау;
Озық педагогикадық тәжірибені зерттеу және жинақтау
Зерттеу мақсатқа бағыныңқы таным, оның нәтижелері түсініктер, заңдар мен теориялар түрінде көрінеді. Зерттеу жұмысының нәтижелі болуы үшін педагог мынадай талаптарды орындауға міндетті: ізденіс әрекетінің сипаты шығармашылық, өнімді екендігін, тек ақпарат алуға бағытталмағандығын, керісінше оның мән – мағынасын ашуға, оны жасауға өзіне ғана тән тиімді шешімдерді іздестіруге бағытталатындығын ұғыну; жалпы ғылыми және пәндік білгірлік, сондай – ақ жалпы мәдени дүниетаным болуы; тұлғалық шығармашылық әлеуеттің, стандартты есем тәсілдер мен шешімдер жасауға қабілеттілік, ерік – жігер және моральдық психологиялық сапалардың: адалдық, табандылық, барынша беріліп қызығушылық, сыни көзқараспен қарауға қабілетті болу; ғылыми ізденістің теориялық және практикалық әдіснамасын меңгеру.
Озат педагогикалық тәжірибе дегеніміз — қоғамдық педагогикалық қызметтің бастауы ретінде, нақты жағдайларды, балалардың, ұжымның және жеке тұлғаның ерекшеліктерін ескерумен бірге, педагогтың жұмыс тәжірибесінде педагогика заңдары мен принцптерін белсенді түрде меңгеруі және іске асыруы деген сөз. Озат педагогикалық тәжірибе балаларды тәрбиелеу және оқытудың жаңа идеяларын түрлі тұрғыдан қарау және технологиялардың бастауы.
Озық педагогикалық тәжірибенің белгілері, оған қойылатын талаптар: Бірінші белгісі – қоғам дамуының бағытына, әлеуметтік сұранысқа сәйкестігі. Озық мұғалімдер мен білім беру ұйымдарының қызметкерлері өмір талаптарына сай жұмыс істеп, педагогикалық процесті жетілдірудің тиімді жолдарын табады. Озық тәжірибенің екінші белгісі – педагогикалық қызметтің тұрақты, жақсы нәтижелері.
Озық тәжірибе — бұл мұғалімнің биік шеберлігі, яғни жоғары педагогикалық нәтиже беретін тәжірибе. Педагогикалық тәжірибе — мұғалімнің педагогикалық қызметінің нәтижесі, өз алдында тұрған педагогикалық міндеттерді жүзеге асырудың кәсіби шеберлігінің жиынтығы. Алдыңғы қатарлы тәжірибе деп мол нәтижені аз уақыт және күш жұмсашршынған тәжірибе аталады. Мұғалім тәжірибесінде жаңа, оригиналды ештеңе болмауы да мүмкін, бірақ ғылыммен белгіленген әйгілі принциптер мен қолдану негізінде, ол педагогикалық шеберлікке қол жеткізбеген мұғалімдер үшін жақсы үлгі болары сөзсіз.
Достарыңызбен бөлісу: |