12 I тарау. Полиграфия және полиграфиялық өнім туралы


Дәптерлерді сығымдау сұлбасы



бет115/183
Дата20.02.2023
өлшемі62,04 Mb.
#69576
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   183
Байланысты:
Базилов Ж.Ж.

Дәптерлерді сығымдау сұлбасы: а-тік-орау-сығу престерінде; б-көлбеу-орау-сығу престері мен қабылдаушы-престеуші құрылғылары.


Дәптерлердің қосымша элементтері және оларды бір-бірімен бекіту
Кітапта негізгі мәтін парақтарынан басқа бейнелер, сызбалар, сұлбалар, карталар т.б. болулары мүмкін, әдетте олар жеке басылады да, соңынан дәптерлерге қосарланады.
Сонымен бірге, кітап блогының бірінші және соңғы дәптерлеріне өңірбеттер, ал кейбір дәптерлерге парақтың қосымша бөліктері жапсырылады. Бұл операциялар кітап блогының арнайы бөлімінде басылым таралымымен бірмезгілде орындалады, соған байланысты өңірбеттер, бейнелер мен басқа да қосымша материалдар жапсырылған кітап блогының дәптерлері басылулары керек.
Өңірбет - блокты түптеме кітап қаппен біріктіру және титул парақты кірлену мен техникалық бүлінуден сақтау қызметін атқаратын бір бүгілімді қағаз парағы. Блокты кітап қапқа салған кезде түбіртек материалы мен өңірбет кітап қаптың ішіне желімделініп, оларды жабады, осымен кітаптың қаптамасын даярлаудың технологиялық процесі аяқталады.
Жоғарыда аталған функциялармен бірге өңірбеттер кітапты әрлеудің элементтері болып табылады. Әрлеу түріне қарай ақ немесе түсті қағазбен қарапайым өңірбеттер және баспа өңірбеттер жасалынады. Өңірбеттің ішкі жағындағы баспа бейне кітаптың мазмұнын бейнелейді (тақырыптық өңірбет) немесе сәндік сипатта (сәндік-өрнек өңірбет).
Тақырыптық және сәндік-өрнек өңірбеттері көбінесе жоғарғы көркемділікті басылымдарда, балалар үшін кітаптар мен оқушылар үшін оқулықтар шығаруда қолданылады. Кітаптарда өңірбеттер міндетті элемент болып табылады, өйткені блокты мұқаба қаптамасымен бекітуге қажет. Басқа қосымша элементтер-бейнелер, қосымша парақтық бөліктері кітапта да, кітапшаларда да бола алады. Оларды дәптерлерге қосу әдістеріне қарай қосымша элементтер үш түрге бөлінеді: жапсырмалар, желімдеме қосымшалау, жабылмалау. Дәптерлердің бірінші және соңғы беттеріне жапсырылған қосымша элемент желімдеме деп аталады.
Дәптердің кез-келген басқа бетіне қосарланған бейне жапсырма деп аталады. Желімделінбейтін, дәптерге жабылатын қосымша элементтер жабылма деп аталады. Дәптердің бірінші және соңғы бетіне қосымша элементтерді жапсыру - бұл ең қарапайым әдістердің бірі. Мұндайда қосымша элемент екі беттік екі немесе төрт беттік бола алады: соңғыларын алдын-ала бір бүгіліске бүктемелейді де, екі беттік элементтер сияқты дәптердің түбінен 1-1,5 мм шегініспен желімдейді.
Майыстырылған бүгілімді қосымша элементтер желімделеді. Осы жағдайда қосымша элемент тек екі беттік, ал оның ені кесілмеген блоктың енінен кем дегенде 0,5см артық болуы тиіс, бұл бүгілме жасау үшін қажет. Қайырылған бүгілімді жиекті дәптердің бірінші және соңғы беттерінің түптік жиектеріне желімдейді.
Сырыққа жапсыру бейнелер қалың қағазға басылса, басылымның пішімі үлкен болса, сонымен бірге бір дәптерде екі қосымша элемент болса ғана қолданылуы керек.
Сырықтарды жұқа, бірақ берік қағаздан немесе жұмсақ матадан (сурет, в) жасайды. Қосымша элементтерді жапсырудан соң өңделеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   183




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет