Керту сұлбасы. а-пышақпен кесуші; б - қозғалмайтын пышақпен;
в-ротациялық; 1. қозғалмайтын плита; 2-қозғалмалы плита; 3-фипролық пышақ; 4-тірек; 5-марзан; 6-жартылай даяр өнім; 7-тергіш; 8-тіректі білік.
Бұл принцип орындаушы аспаптардың өте дәлме-дәл жасалуларын талап етеді, сондықтан да пышақтар жоғарғы сапалы калибрленген болаттан - прецизациялау жабдығында лазерлік өрнектеуді қолдану жолымен шығарылады. Цилиндрлік пышақтар қабырғасы жұқа құбыршадан немесе табақ болаттан жасалынады. Соңғы жағдайда пышақтар бекітудің электромагниттік жүйесімен жабдықталған цилиндрлерге орнатылады. Ротациялық керту арнайы жабдықта немесе басылымның арнайы түрлерінің рулондық машиналарының бөлімдерінде орындалады. Кертуді баптау (пышақ жүзі мен түрлі түсті баспа-таңбаларының нұсқаларын сәйкестендіру) рулондық басу машиналарында қолданылатын әдеттегі құралдармен - қағаз төсемнің басу бөлімінен керту бөліміне дейінгі жол ұзақтығын өзгертетін регистрлік біліктермен және рулонның діңгегінің ауыстырылуымен орындалынады.
Ротациялық керту тәсілі өзінен-өзі желімделінетін жапсырмаларды көптеп шығаруда кеңінен қолданылады, оларды даярлауда керту жапсырма материалының қалыңдығына ғана жасалынады, ал қорғағыш тұтқырлыққа қарсы астар цилиндрлік фигуралық пышақ үшін бейнебір марзан қызметін атқарады. Кертудің - бұл тәсілі арнайы жабдықтар сатып алуға және пышақтарды жасауға көп қаржы жұмсауды қажет етеді, бірақ жоғарғы өнімділігі, баспа-таңбаларды басу мен есептеу, біріктіру мен фигуралы жапсырмаларды бұйымдарға автоматты жапсыру мүмкіндіктері бұл тәсілді әртүрлі тапсырыстарды өңдеуде бәсекеге қабілетті етеді.
Қайталау үшін сұрақтар
1. Баспа парақтық өнімдерді өңдеу түрлері.
2. Баспа-таңбаларды не үшін лактайды?
3. Мөлдір пленканы престеу үшін жабдыққа сипаттама беру.
4. Баспа-таңбаларды бояусыз өрнектеу, нөмірлеу және перфорациялауға
анықтама беріңдер.
5. Керту не үшін қолданылады?
XIV тарау. Кітапшалу процестері
Достарыңызбен бөлісу: |