Дәптермен байланыстырылуына байланысты өңірбеттердің түрлері: а- қарапайым желімденуші өңірбет; 1-дәптер,2-өңірбет, 3-желім қабаты; б-қарапайым желімделінуші өңделген өңірбет: 1 –дәптер, 2-өңірбет, 3-мата бүгілмелі құрама тігілетін өңірбеттің құрамындағы өңдеуші материалдың жолағы; 1,2-блоктың дәптерлері; 3-өңірбеттердің жалпақ жағы, 4-өңірбеттің тар жағы; 5-мата бүгілімі; 2-жабылатын дара өңірбет: 1-дәптер, 2-өңірбет «өзінің» өңірбеті.
Дәптерлерге желімделген қосымша элементтерді матамен немесе қағазбен әдіптеу желімделінген өңірбеттің беріктігін арттыру үшін, сонымен бірге жапсырылған өңірбеттің астында бейнелер және (фронтиспис) болғанда жүргізіледі.
Әдіптеу материалының дайындамасының биіктігі кесілмеген блоктың биіктігімен бірдей, ол ені 1,5 см артпауы керек.
Қосымша элементтерді дәптерлерге жапсыру.
Бейнелер көбінесе тікелей беттің түптік жиегіне (сурет, д) желімдейді, бейнені сырыққа желімдеу тек ерекше жағдайларда ғана қолданылады.
Жапсырма және қосымша ендірме. Кейбір басылымдарда төрт беттік қосымша элементтер желімделінбейді, дәптерге жапсырылады немесе оның ішіне салынады. Бүктелген бейнелерді немесе парақтың бөліктерін дәптерге жапса, оларды жапсырмалар деп атайды, ал дәптердің жиегіне салынғандарын - қосымшалар деп атайды. Жапсырмалар мен қосымшалар бейнелерді бүктемелейтін арнайы машиналарда жасалынып, сол мезгілде дәптерлерге жабылады немесе олардың ішіне салынады.
2. Итеру процесіне әсер ететін факторлар.
3. Қағаз кесуші машиналардың негізгі механизмдері: олардың қызметі.
4. Бүктемелеудің қызметі және түрлері.
5. Пышақтың бүгілімдеу машинасында бүктеме жасау принципі.
6. Кассеталы бүгілімдеу машинасында бүктеме жасау принципі.
7. Бүктемелеуден соң дәптерлерді не үшін сығымдайды?
8. Сығымдау престерінің түрлері.
9. Дәптерлерді сығымдау мен орамдауды автоматтандыру.
10. Дәптерлердің қосымша элементтерін атаңдар.
11. Қосымша элементтерді қосарлаудың әдістерін атаңдар.