Кажущаяся площадь (растровых точек) — тұспал аумақ (растрлық нүктелердің) - Шеберстов-Муррей-Девис формуласына сәйкес оптикалық тығыздықтың өлшенген мағынасы бойынша есептелініп шығарылған салыстырмалы аудан.
Квантование (дискретизация по уровню) - кванттау (деңгейі бойынша үзіктеу) — бейненің элементтерінің реңінің үздіксіз өзгеруші мағыналарын мағыналардың үзікті қатарымен кванттау шкаласымен алмастыру.
КДС - кодирование длин сегментов (секций) - сегменттердің (секциялардың) ұзындықтарын кодтау (СҰК).
Колориметр - түс координаттарын өлшеу үшін аспап.
Компенсация растаскивания - тыгыздаудың орынын толтыру - бейнелеубелгісіне, суретқалыбына немесе басылым қалыбына растрлық нүктелердің баспа-таңбадағы нақтылы мағыналарын ескере отырып, олардың аумағын азайту мақсатымен бұрмалаудың алдын алуын енгізу.
Конденсор- сәулелену кезін шоғырландыратын линза.
Контактный растр - байланыс растры — растрлық функцияның бейнесі бекітілген фотопленка.
Контраст изображения — бейнелеу контрасты — шағылысудың (өткізудің) максималдық және минималдық коэффициенттерінің қатынасы.
Контраст печати - басу контрасты - (Дs _Д1) Д51 мұнда Дs Д1 құюдың және растрлық нүктелердің 80% салыстырмалы аумағымен бақылау шкаласының жиегінің оптикалық тығыздықтары.
Контраст фотоматериала (коэффициент контрастности) - фотоматериалдық контрасты (контрастылық коэффициенті) сипаттамалық қисық сызықтың жұмыс бөлігінің көлбеу бұрышының тангенсі.
Контратипирование – кері кескіндеу — байланысты - көшірме жақтауында немесе көшірме - көбейту фотоаппараттарында бейнені бір фотоқабаттан екіншісіне көшіру.
Контурное изображение — контурлық бейнелеу: а) көмескі қалқалау процедурасында анық негатив пен көмескі диапозитивті фотографиялық қосудың нәтижесі;
б) басу элементтері тек бейненің көлеңкесінде болатындығымен сипатталынатын қара бояудың түрі.