Фотомеханический растровый эффект - фотомеханикалық растрлық нәтиже - фотоқабатта үзікті қара бөліктердің түзілуі, олардың аумағы жарық әрекетінің дәрежесіне тәуелді, проекциялық растрдың, түйіспе растрлау т.б. тәсілдердің көмегімен қамтамасыз етіледі.
Фотомеханическое растрирование — фотомеханикалық растрлау — жартылай реңдерді фотомеханикалық растрлық әсерді пайдаланып жаңғыртудың автотиптік тәсілін іске асыру.
Фотонаборный автомат - фототерім аппараты - мәтінді фотопленкада немесе фотоқағазда заттық шрифтасымалдаушы таңбаларды жарықтың импульстік көзімен фотографиялау жолымен алу үшін құрылғы.
Фотоформа - 6acылым қалыбын алу үшін қолданылатын мөлдір астардағы позитивтік немесе негативтік бейне.
ФЭП - фотоэлектрический преобразователь - фотоэлектрлік өзгерткіш (ФЭӨ).
ФЭУ - фотоэлектронный умножитель - фотоэлектрондық көбейткіш (ФЭК).
Характеристическая кривая — сипаттамалық қисыц сызық - оптикалық тығыздықтың фотоқабат экспозициясының логарифмінен тәуелділігі.
Хроматический цвет - хроматикалық түс - ахроматикалықтан басқа, олардан өзгешелігі түстілігімен немесе түстік реңі мен қаныққандығының белгілі мағыналарымен сипатталынатын кез-келген түс.
Цветность- түстілік - хроматикалық түстің жинақтама сипаттамасы; оған түстік рең мен қаныққандық белгілі мағыналары сәйкес келеді.
Цветной дисбаланс – баспа-таңбадағы түстің жетектеудегі болар-болмас тербелістерге байланысты ауытқуы.
Цветовой сдвиг - түс ыгысуы - автотиптік синтез бояуларының спектрлік қасиеттерінің идеалдық бояу қасиеттерінен ауытқуы деңгейін сипаттаушы параметр: мұндағы Д - интегралдық оптикалық тығыздықтық спектрдің қызыл, жасыл және көк аумақтарындағы минималды, орташа және максималды мағынылары.
Цветовой охват — түспен қамту — түс жаңғыртудың осы жүйесіндегі түстердің бүкіл жиынтығы.
Цветовой тон — түстік рең — ақ түспен бірге осы түсті жаңғыртатын монохроматикалық сәулелендірудің толқындарының ұзындығы.
Цветопроба - түссынама - полиграфиялық емес тәсілмен алынған және таралым баспа-таңбасына колоритмикалық тепе-тең астардағы бейне (қара: бейнесынама, сандық түссынама).