Проскальзывание- сусу - баспа элемент қалыбының қағаздың офсеттік қаптамаға байланысты немесе соңғысының қалыпқа байланысты түйісу кезінде орын ауыстыруынан бұзылуы; орын ауыстыру бағытына сәйкес бойлық (басу бағытына қарай), көлденең және олардың біріккен әрекетінің нәтижесі ретінде диагональдық сусуды ажыратады, физикалық қысудың себептерінің бірі.
Просмотровая кабина - бақылау кабинасы - бақылаудың қалыпты жағдайларындағыбаспа-таңбаларды, сынамалар мен түпнұсқаларды визуальды бағалау үшін кабина.
Равноконтрастный сигнал (цветная система) – тең контрастылық белгі (түс жүйесі) — мағыналарының тең өсуі жаңғыртушы бейненің ашықтығы, түстік реңі және қаныққандық жақтарынан тең айырмашылықтар тудыратын белгі.
Разрешающая способность (лин/м) – ажыратушылық қабілеті - жүйенің контрастын белгілі бір мағынасымен бейненің ұзындығының бөліктеріне бөлек бере алатын элементтердің саны.
Разрядность- разрядтылық - бейнелеу элементі реңінің мағыналарын санмен бейнелеу үшін пайдаланылатын қосарлы кодтың биттерінің саны. Жартылай реңдердің диапазонын кванттау шкаласының біркелкілігін анықтайды, мысалы, алты, сегіз немесе он екі разряд тиісінше 26 =64; 28=256; 212=4096 реңнің теориялық мүмкін мағыналарын қамтамасыз етеді.
Ракель - бояутанушы жазықтан артық бояуды сылайтын, мысалы, жоғары басылым қалыбынан оның қағазбен түйіскенінше, пышақ.
Растискивание — қысу, сығымдау. — басылушы элементтердің оларды суретқалыптан немесе биттік картадан (электрондық репродукциялауда) басылым қалыбына және одан әрі баспа-таңбаға көшіру кезінде олардың салыстырмалы аумағының артуы.
Растр - а) арқалық ТВ бейненің немесе биттік картаның құрылысы;
б) автотиптік полиграфиялық баспа-таңбаның құрылымы;
в) жартылай реңді түпнұсқаларды (проекциялық және түйіспе растрлар) растралу үшін оптикалық аспап.
Растрирование - растрлау - а) жартылай реңдік түпнұсқаларды фотомеханикалық немесе электрондық тәсілмен микроштрихтық бейнеге айналдыру; б) таңбалардың, қосдеңгейлі есептеулердің, қиындылардың ұзындықтары мен үштерінің кодтарымен, векторларымен т.б. белгіленген мәтіндік немесе бейнелік ақпаратты биттік карта айналдыру.