GATF (Graphic Arts Technical Foundatuion) – Полиграфия өнеркәсібінің технологиялық орталығы (АҚШ).
GCR (Grey Component Replacement) – УЦҚ.
Glanz – Жалтырақ. Жазықтық бағытталған жарықты шағылыстың қабілетін анықтайтын физикалық қасиеттеріне қатысты көру түйсігі.
Gloss –жалтырақ.
Gradation (Gammawert) – бейнелеу градациясы. Түснұсқаның, суретқалыбының, басылым қалыбының және баспа-таңбаның растрлық шамаларының оптикалық тығыздықтарының артуы немесе кемуі бойынша құрылған шамалардың бірізді қатары.
Gradet tint –қара: degrade. Gravu – гравюралау. Қалыптық материалда (пластинада немесе цилиндрде) материалды ішінара кетіру арқылы бедерлі бейне жасау. Гравюралау ойыңқы басылымның басылым қалыптарын даярлау үшін пайдаланылады. Гравюралау кезінде, мысалы, электромеханикалық жолмен басқарылатын кескір қалыптық цилиндрдің мыс қабатында ойықтар (ұяшықтар) жасайды. Ұяшықтардың көлемдері мен тереңдіктері бейнеге байланысты өзгеріп отырады. Басу процесінде оймаланған ұяшықтарға бояулар толтырылады да, кейін басылушы материалға көшіріледі.
Grey (gray) balance –түстік бейненің өзінің ахроматикалық құрауышы бойынша тепе-теңдігі.
Greyness (grayness) – ахроматикалық.
Grobdaten – төменгі шешілім деректері. Түгелімен безендіру жұмыстары мен макет жасау кезінде қолданылады. Олардың артықшылықтары: әсіресе, бейнелеу ақпаратын өңдеуге қажет деректерге тез қол жету (мысалы, А4 пішімді түсті бейнелерді шешу үшін толық деректер үшін 40 Мбайт шамасы, ал төменгі шешілім деректері үшін шамамен, 2,5 Мбайт қажет).
Guillосhеn- гильоши. Бағалы қағаздарды жалған шығаруды қиындататын геометриялқ қалыптасқан, бір-бірлерімен айқасқан, жіңішке, әртүрлі конфигурациядағы сызықтар.
Halbton - жартылай реңдік бейне. Бейненің қозғалысы диопазонның ішіндегі бейнелеу параметрлері (оптикалық тығыздығы, жарықтығы, т.б.) кез-келген мағыналар қабылдай алатын және әдетте үздіксіз бір мағынадан екіншісіне өтіп отыратын бейне.