RIE (Ran Length Encoding) - СҰК (сегменттердің ұзындықтарын кодтау).
Roll-fed imagesetter - рулондық фотопленкалы беруші кассетаны пайдаланушы, суретқалыптарды шығарудың құрылғысы, әдетте, capstan және in drum типтегі құрылғы.
ROM (Read Oniy Memory) - ПЗУ.
Sampling factor - күтілуші растрлық бейненің түпнұсқасы мен линиатурасын есептеу барысындағы кеңістіктік үзілімділігінің жиілігінің бөліндісі.
Sampling rate - есептеу немесе кодтау кезіндегі бейненің кеңістіктік үзілімдігінің жиілігі.
Saturation - қаныққандық.
Scale - бейнелеу масштабы.
Scatter proof- қара: random proof. Schsblonieren - шаблондану. Бұл басудың бағытындағы көлеңке түрінде көрініс табатын, қажетсіз қайталанушы бейне. Мұндайда бейненің айналасындағы реңмен салыстырғанда үлкенді-кішілі реңді болады. Щаблондану бояудың бояу аппаратында бояуды берудің аз және жоғарғы жиілік аумақтарының қайта бөлінуімен түсіндіріледі. Жағу біліктерінде қалыңдығы жүқа бояу қабатының ылғалдаушы ертітіндімен өзара әрекеттесулерінің нәтижесінде бояудың эмульсиялануы іске асады және ол ішінара баспа табағының басқа бөлігіне көшеді.
Scharfe - бейненің анықтығы. Өту аумағының бейненің майда бөлшектерінің шекараларындағы енімен белгіленетін сипаттама. Анықтық өлшемі қызметін репродукциялық немесе басу құрылғысының шешушілік қабілеті атқарады.
Schieben - көмескілеу. Басу элементтерінің (растрлық нүктелердің) геометриясының өзгергендігін білдіретін офсеттік басылым сапасының төмендеу процесі. Мысалы, дөңгелек растрлар кейінірек сопақшаға айнала алады. Басу бағытына қарай және бүйірлік бағыттарды көмескіленуді ажыратады. Бұл эффект қалыптық, офсеттік және басу цилиндрінің ішіндегі ауысу процестерімен, сонымен бірге басылушы материалдардың өтуімен байланысты.
Scnmalbalia - қағаз төсемінен талшықтары ұзын жағының бойымен орналасатындай етіп, кесілген баспа парағы (қара: Breitbahn). Schon-und Widerdruck - айналдырмалы басылым. Парақ тұстарының «беті мен сыртын» басу.