Қайталау үшін сұрақтар
1. Қалыптарды механикалық тәсілмен жасау жұмыстарын атаңдар.
2. Тампон басылымда клише даярлау үшін қандай металдар қолданылады?
3. Растрлық пленка, оның қызметі.
4. Фотополимерлік басу қалыптарын шығару кезеңдерін атаңдар.
5. Қосымша жарықтандыруды не үшін жасайды?
6. Тампон басылымның басу қалыптарын қалай сақтайды?
Үшінші бөлім. Басылым процесі
VIII тарау. Баспа материалдары мен баспа құрал-жабдықтары
туралы жалпы мәліметтер
8.1. Қағаз және қатырма
Қағаз алғаш рет Африкада негізінде дайындаыл, жасалынған. Қағаз шығару технологиясын қытайлық Цай Лунь ойлап тапқан. Қағаз дайындау процесі жер шарының әр аймағында өзінше дамып отырған: Жапонияда, Ежелгі Мысырда, Үндістанда және Оңтүстік Шығыс Азияда, Еуропада қағаз шығару өндірісі, шамамен, 1150ж, Испанияда 1276ж, Италия мен Францияда 1338жылдары шығарыла басталған.
Кағазды қолмен даярлау Еуропада, шамамен, 650 жылға созылды. Тек, 1799 жылы тұңғыш рет француз механигі Николя Луи Робер алғаш рет ұзын-торлы қағаз жасайтын машинаны ойлап тапқандығы үшін түңғыш рет патент алды.
Нақты түсінікте — қағаз — басылымның негізгі материалы болып табылады. Құрамы жөнінен әр түрлі, өзара химиялық сутектің байланыстарымен берік біріктірілген қсімдік талшықтарынан тұратын түтікті-кеуекті материал. Талшықтардың түрлері мен көлемдері ағаштардың тұқымына, өсу мен ауа райы жағдайларына байлансты, әр түрлі болып келеді. Қағаздың әр түрлі сортын алуда олардың қасиеттері ұзындығы, беріктігі, құрамы аса маңызды болып табылады.
Ағаш талшықтарын 2 топқа бөліп қарастырамыз:
- жұмсақ қылқан жапырақты ағаш талшықтарының тұқымдары: шырша, самырсын (майқарағай), қарағай т.б.
- қатты ағаш тұқымдарының талшықтары; эвкалипт (мәңгі жасыл ағаш), қайың, емен, терек, үйеңкі т.б. Талшықтарының ұзындығы орташа 3.5мм болатын жұмсақ ағаштарды химиялық өңдеуден өткізген соң, олардан берік, тығыз, сапалы қағаз алынады. Қатты ағаштардың талшықтары қысқа (орташа есеппен 1,5мм), олар қоңырлау және жұмсақ қағаз сорттарын алу үшін пайдаланылады.
Қағаз талшығынан басқа шикізат ретінде сабан, зығыр, мақта, кендір талшығы, қарасора т.б. пайдаланылады.
Қағаз шығару үшін жартылай дайын өнім ретінде, негізінен, целлюлоза (химиялық өңделген ағаш) және ағашты механикалық жону жолымен алынатын ағаш жаңқалары н құрайтын ағаш массасы болып табылады.
Целлюлоза – ағашты және басқа да өсімдік талшықтарын қарасора, джут (кендір), мақта және дәнді-дақылдар сабандарын химиялық жолмен қайнату арқылы алынатын талшықты материал. Целлюлоза ағаш массасынан талшығының сапасымен (ұзын, берік, иілмелі талшық), ақшылдық дәрежесінің жоғары болуымен ерекшеленеді. Өңдеу үшін қолданылатын химиялық ерітіндіге байланысты целлюлоза мынандай түрлерге бөлінеді:
- сульфаттық целлюлоза, ағаш массасын Na HS сілті ерітіндісінде қайнату жолымен алынады (сілтілік әдіс);
- сульфиттік целлюлоза, ағаш массасын Са(НSO) кальций гидросульфатында қайнату жолымен алынады (қышқылдық әдіс). Әлемде шығарылатын целлюлозаның 85% жуығы — сульфаттық целлюлоза.
Ол сульфиттік целлюлозаға қарағанда берік, ақшылдық дәрежесі төмендеу және басылым қасиеттерімен ерекшеленеді. Сульфаттық целлюлоза көбірек қайнатуды қажет етеді. Қайнату процесі целлюлозаны жуу, ағарту, сусыздандыру, құрғату және орамдаумен аяқталады.
Талшықты массаны макулатурадан (ескі-құсқы, тастанды нәрселер), сонымен қатар, полиграфиялық өнеркәсіптердегі қағаздың техникалық қалдықтарынан алады. Қағаздың кейбір түрлерінде өсімдік талшықтарын ішінара немесе толығымен синтетикалық қоспалармен полиамидтік, полиэфирлік, акрилонитрильдік т.б. ауыстырады.
Талшықты материалдан басқа қағаз құрамына:
- толықтырғыштар - ақ минералды заттар (каолин, гипс, бор т.б.) өсімдік талшықтарының араларындағы қуыстарын ішінара толтырып, тегістігін, икемділігін, мөлдірлігін, ақшылдығын арттырады.
- бояғыш заттар — кейбір органикалық бояғыштар, көбінесе, көк түсті, әдетте, сары-сұр түсті талшықтарды бояу арқылы қағаздың ақшылдығын арттырады.
- жабыстырғыштар - талшық арасындағы байланысты жоғарылатып, қағаздың гидрофильдігін (ылғалдану қабылеті) төмендететін өсімдік шайыр желімі (канифоль).
Қағаз жасалау үшін талшықты материалдың суспензиыся қағаз жасайтын машинаға барып жеткенше «қағаз массасын даярлау» қажет. Ол талшықты материалдарды бөлуден бастап, басқа да материалдар мен қосымша заттарды қағаз жасайтын машинаға беру бірнеше кезеңнен аяқталатын процесті қамтиды. Әрбір қағаз фабрикасының өзегі — қағаз жасайтын машиналар.
Ең көп тараған машиналар — «шексіз» торлы транспортерлы (жүкті бір орыннан екінші орынға жеткізетін құрал) машиналар.
Қағаз өндірудің технологиялық процесі - қағаз массасын дайындаудан, қағаз шығаратын машинада қағазды құю және оны өңдеуден тұрады.
Баспа қағазын сипаттайтын қасиеттерге жататындары:
- өлшемдік көрсеткіштері - қағаздың қалыңдығы (мкм), 1м 2(г) немесе 1г/м2 қағаз массасының ауданы, массасы 1 см3 (г) немесе (1 г/мЗ ) - көлемдік масса қағаздың кеуектігі туралы тұжырым жасауға мүмкіндік береді, қағаз пішімі (мм).
- механикалық және басылым-техникалық қасиеттері - механикалық әсерлер кезіндегі қағаздың мықтылығы (бүгілу, жыртылу, бетінің қыртыстануы); бейненің ұсақ элементтерін белгілі бір дәрежеде графикалық дәлдікпен ұдайы өндіруге мүмкіндік беретін қағаз бетінің тегістігі, деформациялық қасиеттері (мысалға: иілімді, серпімді, майысқақ деформация); қағаздың суға төзімділігі (жанама тәсілмен – жабысқақтық дәрежесімен бағаланады); қағаздың сіңіру қасиеті — басылым бояуын сіңіру дәрежесі;
- оптикалық қасиеттері - қағаздың ақшылдығы (спектрдің барлық көрінетін бөлігінде жарықгың шағылу қабілеті); түсі мен реңі, жарық өткізгіштігі (жарықты өткізу қабілеті); қағаздың жарыққа төзімділігі (ақтығы мен түс реңінің жарық әсеріне төзімділік қабілеті).
Қағаздың қасиеттері оның құрамына енетін талшықты материалдар мен басқа да құрамдарына (толықтырғыш, бояғыш, желімдегіш заттар), құюдың технологиялық тәртібінен қағаз жасайтын машинада қысу, құрғату және өңдеу түріне тәуелді. Бірақ қағаздың сапасын анықтайтын басты фактор талшықты материалдың түрі болып табылады: таза целлюлоза қағаз ағаш массасынан жасалған қағазға қарағанда сапалы.
Басылым қағаздары талшықты құрамдарына байланысты үш нөмірге бөлінеді: №1 қағаз 100% целлюлозадан тұрады, №2 50%-дан 80% -ға дейін целлюлоза, 20%-50% ағаш массасынан тұрады, №3 35% целлюлозада және 65% ағаш массасынан тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |