Қайталау үшін сұрақтар
1. Ойьыңқы басылым қалыптарының ерекшелігі неде?
2. Қалыптық басылымның басу пішімдерін оюмен даярлау процесі.
3. Ойыңқы басылымның басу қалыптарын күйдірумен даярлау процесі.
4. Ойыңқы басылымның басу қалыптарын электронды-механикалық ою тәсілімен даярлау.
5. Ойыңқы басылымның басу қалыптарын лазерлік ою.
VII тарау. Арнайы басылым түрлері үшін басу қалыптары
7.1. Трафареттік басылым қалыптарын даярлау
Трафареттік басылым (италия сөзі, trafaretta - саңылауландыру) — мәтін мен графикалық бейнені басу қалыбының (басылмайтын жерлері қорғау қабатымен жабылған полимерлі, жібек немесе металл торлы) саңылауларынан өткізу арқылы, басатын материалдарға (қағаз, картон, мата, иленка т.б.), ал босаралық элементтері бояуды ұстап қалатын басылымның түрі: бояу қабатының қалыңдығына (80мкм) байланысты, бұйымдарды маркалау (таңбалау), арнайы жазық плстиналарға сұлбаларды басу және зағиптарға арналған кітаптарды басуға арналған.
Тордың жиілігі басылатын өнімнің, бейненің сипатына, басылушы материалдың түріне, басу бояуының қасиеттеріне, басылым өнімінің атқаратын қызметіне қарай таңдалынып алынады. Тор неғүрлым майдарақ болған сайын, қалып бейнені соғүрлым анық береді, басу процесі соғұрлым күрделене түседі. Трафареттік басылым қалыптарын фотохимиографиялық тәсілмен даярлаудың негізінде, қалыптарды басылымдардың басқа да тыәсілдерімен даярлаудың фоторепродукциялық және көшіру процестері жатады. Көпшілік жағдайларда көшіру штрихтық, сирегірек растрлық диапозитивтерден жасалынады, оларды даярлаудың принципінде жазық офсеттік басылым үшін ұқсас фотоқалыптарды даярлаудан өзгешеліктері жоқ. Бірақ реңдік түпнұсқаларды көшірмелерін алу кезінде төменгі линиятуралық растрларды — 10-нан 30лин/см (бейнелеу сипаты мен тордың жиілігіне қарай) пайдаланады.
Тор, негізінде, босаралық элементтерінің қалыптасуына қарай, қалыптарды даярлаудың үш тәсілі: тікелей, қосалқы және құрамдастырылған. Тікелей тәсілде диапозитивтер тікелей жақтауға керілген және хромдалған поливинелдік спирттің немесе фотополимерлеуші құрылымның көшірім қабатымен жабылған торға тікелей жарықтандырылады. Жарықтау пневматикалық көшіру жақтауында немесе басқа құрылғыда іске асырылады. Жарықтың диапозитивтік мөлдір учаскелері арқылы өтуінің нәтижесінде оның астындағы қабат химиялық реакциядан кейін жарықсезгіш қабаты қатаяды.
Жарықтандырылған көшірмені көшірім қабатының құрамына қарай не суда, не арнайы шығарушы ерітіндіде шығарып, кептіреді. Торда қалған көшірім қабаты басу қалыбының босаралық элементтерін құрайды. Қалыптың таралымы төзімділігі осы қабаттың механикалық беріктігі мен торға жабысу дәрежесіне байланысты. Тікелей тәсіл процестің қарапайымдылығымен ерекшеленеді және жеткілікті дәрежеде таралым төзімділігіне (50-60 мың баспа-таңба) ие болады. Бірақ бұл қалыптардан басу кезінде жасалынған бейнелердің дәлдігі онша жоғары болмайды. Қосалқы тәсілде депозитивті жарықтандыру торға емес, осы мақсатқа арнайы шығарылатын көшірім материалына жасалынады. Ол көшірме қабат жағылған қосымша қабаты бар уақытша қағаз немесе полимерлік астар болып табылады. Жарықталынған көшірмені сумен немесе басқа ерітіндімен (қабат құрамына қарай) шығарады. Көшірім қабатында алынған бейнені шағын қысыммен майсызданған торға көшіріп, қалыптың бос аралық элементтерін алады.
Көшірім қабатының учаскелері, тек, тордың үстіңгі бетіне орналасады, бұл басу қалыптарының бейнесінің графикалық дәлдігін едәуір арттырады. Бірақ көшірім қабатының тормен жабыса байланысатын аумағының аздығынан қалыптың таралым төзімділігі едәуір кемиді (4-5 мың баспа-таңбаға дейін).
Тасымалдаушылар, ақпараттар, шаблондар әртүрлі тәсілдермен даярланады. Даярлау әдістері - әдеттегі қол жұмысының жоғарғы техникалық «компьютер-трафареттік тор» тәсілдеріне дейін.
Достарыңызбен бөлісу: |