12 I тарау. Полиграфия және полиграфиялық өнім туралы


Ылғалдағыш аппаратты дайындау



бет79/183
Дата20.02.2023
өлшемі62,04 Mb.
#69576
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   183
Байланысты:
Базилов Ж.Ж.

Ылғалдағыш аппаратты дайындау. Көп жағдайда ылғал ерітіндісінің басылым қалыбына берілуін және ылғал ерітіндінің температуралық режимін қамтамасыз ету үшін, біліктер қысқыштарының бірқалыпты болуын реттейді.
Құрғақ офсетте ылғалдағыш аппарат қажет емес. Егер офсеттік машинада басылым қалыбы мен бояу құрғақ офсетке орнатылса, онда ылғалдағыш аппарат істен ажыратылады (ылғалсыз офсет үшін, басылым секциясы термореттегіш қондырғымен жабдықталады).
Қағаз сіңіргіш және қабылдау-сіңіру қондырғыларын дайындау. Табақтық машиналардың қағаз беретін жүйесіне таралымдық қағаздардың теңестірілген парақ бумаларымен немесе жартылай даяр өнім баспа-таңбаларымен толтырылады (мысалы, көпбояулы басылымды бір немесе екі бояулы машинамен бояу). Буманың биіктігі 80-100см, қағаз беретін аппарат пен қабылдау-шығару қондырғысының механизмдерін қағаздың пішіні мен салмағына қарай реттеу қажет.
Машина жоғары жылдамдықпен жұмыс жасаған кезде бекімеген бояу қабылдау қондырғысының бөліктерімен байланысқа түсіп, оны былғап, жағылуы мүмкін. Ол үшін, бұл құбыыстарды болдырмайтындай, қағазды беретін арнайы эементтерді қолдану және ыңғайластыру жолын қамтитын арнайы аэродинамикалық зерттеулер жүргізілді. Оның үстіне, құрғату инфрақызыл, ультракүлгін, желдету жүйесі мен ауаның айналымын реттеу агрегаттары қолданылуы мүмкін. Сонымен қатар, бояудың былғануына қарсы ұнтақты жағу және қайтадан сорып алу үшін қондырғылар орнатылады.
Қабылдау қондырғысына парақтар жоғары жылдамдықпен түсетіндіктен, оны тежеу қажет. Бұл үшін, парақтың артқы жиегі астыңғы жағынан тежеуіш роликтермен немесе тасымалдағыш таспамен ілініп алынады. Тежегіш роликтар қағаз берудің бастапқы жылдамдығынан аз жылдамдықпен айналысқа түседі.
Екі жақты басылым машиналарында тежегіш роликтер бейнесі жоқ бос аймақтарға орналастырылады.
Бір жағынан басылған парақтар, көбінесе, жиырылғыш келеді. Бұндай жағдайда оларды тегістеп жазу қиындау болады. Сонымен бірге, парақтың пішінінің өзгеруі бояудың түйіршектеліп жабысқақтығының арту қаупін күшейтеді. Жиырылғыштықты болдырмау үшін, роликтері бар, жазатын саңылаулы қондырғы пайдаланылады, ол вакуумның әрекеті арқасында тегістікті алу үшін, баспа-таңбаларды қарама-қарсы бағытта (екі жақты басылымда бұл қондырғының қажеті жоқ) иеді. Кез-келген табақтық офсеттік машинаның қабылдау қондырғысы итергіштермен жабдықталған. Рулондық машиналарда рулондық қондырғыларына жүк тиелгеннен кейін, қағаз таспаны басылым секцияларымен бүктеу-кесу аппарттарына өткізеді. Одан кейін, қағаз таспаның керілуін, дәптерлерді (немесе газеттерді) кесу және бүктеу қондырғыларын реттеп, жөндейді. Бұдан кейін, қағаздың басылым аппараттарына берілуі көпбояулы машиналарда парақтардың немесе таспалардың бір секциядан екіншісіне берілуі, басылған өнімнің парақтар немесе дәптерлер мен газет түрінде шығарылуы ғана емес, сонымен бірге, сәйкестенудің дәлдігін, кесу мен бүктеуді қамтамасыз етулері тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   183




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет