Қайталау үшін сұрақтар
1. Офсеттік басылымның басылым машиналарының жіктелуі.
2. Табақтық машиналардың рулонды машиналардан артықшылықтары мен
кемшіліктерін атаңдар.
3. Планетарлық машиналардың сұлбасын сыз.
4. Төрт бояулы машиналарды қандай принциппен құрастырады?
5. Парақ аударатын қондырғы не үшін пайдаланылады, бұл қондырғыны
табақтық басылым машинасының кез-келген моделінде қолдануға бола ма?
9.3. Басылым бояулары мен қағаздарды басылымға даярлау
Полиграфия кәсіпорнына келіп түскен қағаз бен бояуларды бірден өндіріске жібермейді, өйткені ол басу цехтарының жұмысына қиыншылықтар келтіруі және ақаулы өнімді көбейтуі мүмкін. Бұл арада себептер коп: бұл қағаз фабрикасындағы, басылым цехындағы және тасымалдау кезіндегі климаттық жағдайлар қағаз бен бояулардың қасиеттеріндегі мүмкін болатын ауытқулары (ГОСТ рұқсат еткен мөлшерлерде), басылымның, құрал-жабдықтарының жұмыс істеуінің әр түрлі жылдамдықтары т.б. Олардың барлығы қағаз бен бояудың өзара әрекеттесуіне әсер етеді. Осыған байланысты, әдетте, материалдар басу алдында тікелей кәсіпорында қажетті дайындықтан өткізіледі.
Жазық офсеттік басылымда басылым қағаздарының көптеген түрлері пайдаланылады. Нақты басылымның таралымын басу үшін, қағазды баспахана көптеген жағдайларға байланысты таңдайды. Қағазды басылымға даярлау, әдетте, полиграфиялық кәсіпорындары басылым цехтарының бөлімдері мен қойма жайларында іске асырылады. Табақтық және рулондық қағаздар әр түрлі тәсілдермен дайындалады.
Табақтық қағаздар полиграфиялық кәсіпорындарға орама бумалар түрінде келеді. Полиграфиялық кәсіпорынның өзінде рулондық қағаздарды қажетті пішіндегі табақтарға көлденеңінен кесу жолымен алады. Бұл жағдайда арнайы табақ кесетін кесуші машиналарды пайдаланады. Бүкіл таралымды басуға арналған барлық қағаздар өзінің қасиеттері: түрі, бетінің тегістігі, салмағы т.б. бойынша бірдей болуы керек.
Гигроскопиялық материал болғандықтан, қағаз қоршаған ауа температурасының өзгеруіне байланысты ылғал шығарады, не ылғалды қабылдайды. Бұл оның қалыпты жағдайдан өзгеруіне: ұзарып, не қысқаруына, тегістігіне (жиырылуы, бүрісу т.б.) алып келеді, қағаздың басқа да қасиеттері өгеріске ұшырайды. Қағаздың деформациялануы басылым процесін қиындатады: көп бояулы өнімді басуда бояуларды беру бұзылады, қағаздарды беру қиындайды, оттискіде қыртыстар мен қабаттар т.б. пайда болады. Қағаз пішінінің бұзылмауын қамтамасыз ету немесе оны мейлінше азайту қағазды аклиматизацияландыру (цех температурасына бейімдеу) және басылым цехында ауаны ретке келтіру (кондицирование) жолымен іске асырылады. Қағазды аклиматизацияландыру – бұл қағазды басылым цехының температурасы мен ылғалдылығына тең жағдайға келтіру. Бұл операция арнайы жайда немесе акклиматизацияанған камерада орындалады, ол үшін қағаздың кішігірім бумасы (50-70 парақ) қыстырғыштар мен жылжымалы транспортерлердің ілгіштеріне бекітіледі де, белгілі климаттық параметрлері бар ауамен желдетіледі, бірнеше сағаттан соң, қағаздың ылғалдылығы қажетті мөлшерге келеді.
Аклиматизацияландырудың ең жақсы жолы, басылым цехындағы ауаны ретке келтіру болып табылады.
Рулонмен түскен қағаз сырт жағынан амбалаж (орама материал) деп аталатын тығыз қағаздық қорғаныш қабатымен қапталады. Рулонды орама материалдан ажыратады да, қағаз кескіш машинаның көмегімен қажетті пішіндегі жеке парақтарға кеседі. Қажет жағдайда бір пышақты қағаз кесетін машиналардың көмегімен қағазды қағазды қажетті пішімдерге кеседі. Полиграфия кәсіпорындарына ауа өткізбейтін қаптамада (мысалы: полиэтилен пленкамен) оралып жеткізілген табақ қағазы аклиматизацияны қажет етпейді. Рулондық, оның ішінде, көп бояулы басылымға арналған қағаз да осы мақсатқа пайдаланылатын тиісті қондырғылардың жоқтығынан аклиматизациядан өткізіледі. Рулондық қағаздар цехқа немесе қоймаларға таралымды басудан, кем дегенде, бір тәулік бұрын жеткізілуі тиіс. Бояуларды даярлау бірнеше мақсатты көздейді, олардың араларындағы негізгілерінің бояу қасиеттерін басылатын қағаз қасиеттеріне сәйкестендіру, бояудың басылым қалыбынан қағазға жақсы және дұрыс көшірілуін және бояулардың машинаның біліктеріне жақсы жағылуын қамтамасыз ету болып табылады. Бұған бояудың температуралық факторларға байланысты қасиеттерін ескеріп, басу жылдамдығын және баспа-таңбаның сапасына әсер етуші басқа да жағдайларды да қосуға болады. Кейде екі-үш бастапқы бояулардан алдын-ала қолмен араластырып, шағын бояуды ұнтақтайтын машиналарында аралас бояулар жасайды. Дәл осылайша, бояуға әртүрлі қоспалар сиккатив (бояуға немес лакқа қосатын құрғатқыш зат), ағартқыш, олифа т.б. қосады.
Достарыңызбен бөлісу: |