Басу қалыбын фототиптерін даярлау және одан баспа-таңба алу
Фототиптік бояулар офсеттік бояуларға қарағанда құрамында пигмент пен толықтырғыштың көптігімен, сонымен бірге, жоғарғы тұтқырлығымен, жабысқақтығымен және суға төзімділігімен сипатталынады. Оларды алкидтік байланыстырғыштардың негізінде даярлайды. Бояулардың қажетті оптикалық және басу-техникалық қаситеттерін нақтылы жағдайларға қарай таралымды басар алдында түзетеді. Аралас түсті бояуларды пайдаланады, өйткені фототипия үшін үш түсті стандартты бояулар шығарылмайды. Таралымды өнімнің бояулылығынан тәуелсіз, көп жағдайларда жазық басылымды бір бояулы машиналарда басады. Құрылысына қарай, машиналар шығыңқы басылымның жазық басатын стопцилиндрлік машиналарына ұқсас. Қағазды басу аппаратына беру және басу қалыбын ылғалдау қолмен орындалады. Машиналардағы даярлық жұмыстары - ол қалыпты талерге орнату және оны басуға даярлау, декельді орнату, басу аппаратын даярлау, кағаз бумасын жайма столға жайғастыру және қағаз беруші механизмдерді реттестіру, сәйкестендіру. Фототипиялық басылымда әдетте демдеу жасалмайды.
Басу қалыбының желатин қабаты сақталғанда ауадай құрғақ, іс жүзінде бедерсіз болады. Сол себепті қалыпқа басылым қасиеттерін беру үшін оны глицерин мен судан тұратын ылғалдаушы ертітіндімен бірнеше мәрте (40-60 мин) өңдейді. Осы ерітіндінің әсерінің нәтижеінде желатин қабатының бедері «көтеріледі», Машинада басу процесінде баспа-таңбалардың қажетті сапасы мен бояуларды сәйкестендіру дәлдігіне қол жеткізіледі де, осыдан соң бақылау баспа-таңбасын - қол қою парағын басады. Оны бекіткеннен кейін таралымды басуға кіріседі.
Басу кезінде әрбір 150-300 баспа-таңбадан кейін машинаны тоқтатып, қалыптан бояудан жуып кетіреді де, қалыпты ылғалдаушы ерітіндімен өңдейді. Жазық офсеттік басылым қалыптарынан өзгешелігі фототиптік қалып әрбір баспа-таңба алу алдында ылғалдауды қажет етпейді. Дегенмен, мұндай кезеңдік ылғалдау барысында желатин қабатындағы су қоры өзгереді, сондықтан да фототиптік қалыптан бүкіл таралымның баспа-таңбаларында тұрақты градация алу мүмкін емес.
Басу барысында қысым өте төмен болуы керек: қысым режимін титтей де бұзған жағдайда шыны қалып істен шығады. Қалыптың басылымдық қасиеттері мен қағаздың қандай жағдайда болатындығына ауаның температурасы мен ылғалдығы елеулі әсер етеді. Сондықтан да фототиптік цехтарда ауаны желдетіп тұру қажет. Жазық басылымда машиналардың өнімділігі басу технологиясының өзгешелігіне байланысты өте төмен - 120отт/с. Қалыптың бос аралық және басушы элементтерінің негізі желатин қабаты болғандықтан және басу түйісу әдісімен орындалатындықтан, фототиптік машиналардың өнімділігі орта есеппен 1,5-2,0мың отт. Сол себепті фототипия полиграфияда кеңінен қолданыс таппаған, өйткені бұл әдіс қымбат, әрі еңбекті көп талап етеді, қалыптар көп таралыма шыдас бермейді, басу кезіндегі өнімділігі төмен.
Қазіргі кезде фототиптік процестерді жетілдіруге ерекше көңіл бөлінуде. Фототиптік басу қалыптарын икемді пластмассалық негіздерде
шығару технологиясын жасау жөніндегі тәжірибелер жүргізілуде. Бұл қалыптар ротациялық офсеттік машиналарда пайдалануға арналған. Желатин қабатына қалыптардың таралым төзімділігін арттыратын қоспалар енгізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |