12 I тарау. Полиграфия және полиграфиялық өнім туралы



бет98/183
Дата20.02.2023
өлшемі62,04 Mb.
#69576
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   183
Байланысты:
Базилов Ж.Ж.

Қайталау үшін сұрақтар

1. Фототиптік басылымның сипатты ерекшеліктері.


2. Басу қалыптарын даярлау.
3. Фототиптік әдіспен қандай өнімді басып шығаруға болады?
4. Фототиптік басылымның кемшіліктері.


12.4. Тампондық басылым әдісі

Басылыстардың полиграфиялық әдістерінің арасында тампондық басылым немесе қысқаша атағанда тампобасылым ерекше орын алады.


Тампондық басылым - бұл ойыңқы басылымның жанама әдісі, мұнда бейнені тампондаушы аралық элемент тампон немесе роллер деп аталады. Тампондық басылым үшін бояуды ойыңқы басылымның жазық қалыбына кез-келген қалыптың бетіне (значоктерге, кружкаларға, теннис доптарына, шарикті қаламсаптарға т.б.) түсіру тән.
Тампобасылыс осыдан 300 жыл бұрын И.Гуттенберг ойлап тапкан кітап басу ісі гүлдену үстінде тұрған кезде, әрине өз заманы үшін салыстырмалы түрде, пайда болды. Кітаптан басқа сағаттардың сан көрсететін беттеріне және басқа да өлшеуіш құралдарға жазу қажеттігі туды. Әрине, бұл тампобасылымның дамуына түрткі болды да, ол осы салаларда күні бүгінге дейін табысты пайдаланып келеді. Өткен уақыттың ішінде полиграфияға да, оның ішінде тампобасылымда да көп нәрсе өзгерді. Басу қалыптары мен тампондар өзгерді, басу бояулары мүлдем басқа, басуға дейінгі және басу жабдықтары өзгерді, тампобасылым әдісімен беттеріне бейне түсіруді қажет ететін көптеген жаңа заттар дүниеге келді.
Басылымның бұл әдісі Швейцарияда пайда болды, мұүнда оның көмегімен сағаттың циферблатына бейнелер салған, аралық элемент ретінде желатин тампон қолданған, одан кейін электр жетекті тампон басылымының алғашқы үлгісі жасалған. Суық тәсілмен вулканданған силиконнан жасалынған тампондардың пайда болуы басылымның бұл әдісінде төңкеріс жасады, ол қазірде де қалыптары мен бетінің құрылымдары әр түрлі заттарға басуда табысты қолданылуда. Трафареттік басылымнан келген еріткіштер қосылған бояулармен басу бірнеше бояумен басуға мүмкіндік береді, ал ол сапасы жақсы растрлық бейнелерді де басуға мүмкіндік береді. Тампондық басылым қарапайымдылығына, қолдану аясының кеңдігі мен салыстырмалы арзан басу жабдықтарына байланысты кең таралынды.
Сапалы баспа-таңба алу үшін басу қалыбының атқаратын ролі өте үлкен. Тампондық басылым үшін басу қалыбы бұл, ең алдымен, басушы элементтері бос аралықтарға қарағанда тереңірек орналасқан ойыңкы басылым қалыбы. Тампондық басылымның басу қалыптарының мынандай түрлері болады:
- болат қалың басу қалыптары, қалыңдығы 1см; 1млн және одан да көп таралымға шыдайды;
- болат жіңішке басу қалыптары, қалыңдығы 0,5-1мм, таралым төзімділігі 200-300 мың баспа-таңба;
- формополимерлік басу қалыптары, қалыңдығы 5-0,52мм, таралым төзімділігі 3-20мың отт.
Сонымен, тампондық басылымда басу қалыбы ретінде ойыңқы басылым әдісінің жазық басу қалыбы қолданылады.
Басу принципі мынада: тампон басу қалыбына қарай жылжиды да, басушы элементтер осы кезде бояумен толтырылады. Осыдан соң тампон қалыпқа түсіп, онда қалыптасқан бояулы бейнені алып кетеді. Бояу тампонның бетінде қалуға тиіс.

1. Бояулар. Тампон форма үстінде.


2. Тампон бояуды қабылдау кезінде.
3. Тампон клише үстіне көтеріліп,
басылушы затқа қарай жылжуда.
4. Тампон затқа басуда.
5. Тампон көтерілуде.
Келесі цикл басталды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   183




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет