12 I тарау. Полиграфия және полиграфиялық өнім туралы



бет96/183
Дата20.02.2023
өлшемі62,04 Mb.
#69576
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   183
Байланысты:
Базилов Ж.Ж.

Қайталау үшін сұрақтар

1. Трафаретті басылым дегеніміз не және оны қайда қолданады?


2. Қалыптық материал, оның қалыңдығы қалай пайдаланылады?
3. Бейнені жаңғырту үшін тор жиілігін қалай дұрыстандыруға болады?
4. Трафаретік басылым қалыбын шығару тәсілдерін атаңдар.
5. Қалыптарды тікелей немесе жанама даярлаудың кемшіліктері.
6. Трафареттік қалыптарды аралас тәсілмен даярлаудың мәнісі неде?
7. Трафареттік басу машиналарын жіктеу.
8. Басу құрылғылары, құрылу ерекшеліктері, құрылымындағы
айырмашылықтар.
9. Трафареттік машиналарды басуға даярларда қандай даярлық операциялары
іске асырылады?
10. Қандай бояулар қолданылады, оларды жұмысқа даярлау?
11. Басылым машинасын жұмысқа даярлау түрін айтып беру.
12. Жоғарғы сапалы баспа-таңбалар басып шығару үшін қажетті басу
шарттарын атаңдар.
13. Трафареттік басылымның артықшылықтары мен кемшіліктері.


12.3. Фототиптік басылым әдісі

Жалпы мәліметтер. Фототиптік басылым (грекше phofos - жарық, tipos-із) - жазық басылымның бір түрі. Оның пайда болуын (1856ж) өнертапқыш А.Л. Поттевиннің атымен байланыстырады. Жартылай реңдер бұл әдісте растрлаусыз жаңғыртылады. Фототипия арқылы басу сапасының өте жоғарғы деңгейіне (мысалы, муар болмайды) қол жеткізіледі. Сол себепті, фототипия аз таралыммен көркемдігі аса жоғары жұмыстарды немесе аса ғылыми маңызды еңбектерді басып шығару үшін қолданылады. Көркем көп бояулы бейнелеуді де алу мүмкіншілігі бар.


Қалыптарды даярлау. Фототиптік басу қалыптарын даярлау технологиясы фото және физика-химиялық процестерге негізделінген және мынаған келіп тіреледі: шыны (сирегірек пластмасса немесе металл) пластинаға желатиннің қосхромқышқыл тұздағы ерітіндісін жағады да, белгілі режимде кептіреді. Алынған жеткілікті дәрежедегі қалың (30-45 мкм) жарықсезгіш қабатқа кәдуілгі көшірім жақтауда тондық, сирегірек, штрихтық негативті жарықтайды. Бұл негативтерді әдетте басқа басу тәсілдерінде қолданылатын тәсілмен жасайды.
Жарықтандыру нэтижесінде қабат 2 негативтің оптикалық тығыздығына байланысты әр түрлі тереңдікке иленеді. Максималдық илену оригиналдың ең күңгірт жерлеріне сәйкес келеді. Жарықталынған көшірмені жақсылап (2-2,5с). қабаттан қосхромды тұз толық кеткенше жуады. Қалыпты даярлау осымен аяқталады.
Жуғанда фототиптік қабаттың кей жерлері ісінеді (бірақ еріп кетпейді): оның үсті өзгеріп, бос аралық және басушы элементтері қалыптасады. Үсті майда жүйесіз қырыстардан - бедерлер мен ойықтардан тұратын бедерлі-қыртысты құрылымға айналады.
Бедерлер суда ісінеді де, босаралық элементтерін құрайды, ал ойықтар ісінгендері басылып, басушы элементтерге айналады. Қыртыстардың сипаты мен көлемдері әртүрлі болады және қабаттың илену дәрежесінен тәуелді. Аз иленген жағдайда, яғни бейненің жарығында қыртыстардың бедерлері үлкен және кішігірім ісінбеген бөліктермен бөлініп тұрады. Барынша иленген жерлерде алынған күңгірт бөліктерде аралықтары өзара бос аралық элементтер кеткенше қосылады да, ашық бөліктерден біршама аласалау болады. Сөйтіп, қалыптың басушы элементтері көлемдері ең күңгірт бөліктерде 100мкм-ге дейін баратын ойықтарға орналасады.
Фототиптік қалыптарды шыны пластиналарда даярлау процесі тұрақты емес. Олар көптеген факторлардан: желатиннің сортынан, климаттық жағдайлардан т.б. тәуелді. Басылымның басқа да әдістеріндегідей, таралымды басу алдында материалдар мен басу машинасын даярлау жөніндегі жұмыстар орындалады. Фототипиялық басылымның ерекшеліктері мен жаңғыртылушы түпнұсқалардың күрделілігі қағаз бен бояуларға жоғарғы талаптар қояды.
Фототиптік қағаз тек талшықты жоғарғы сапалы материалдардан жасалынады және су өткізгіштігімен, жарыққа шыдамдылығымен, өте берік жоғарғы тегістікті бетімен ерекшеленеді. Фототиптік қағазды басу алдында бақылайды, кесіп, міндетті түрде климаттандырады.

а) оригинал


б) оригиналды жарықтау
в) қалыптың бедерлі-қыртысты
құрылымы
г) бояуды қалыпқа жазу
д) басу материалында баспа-таңба алу
1) штрихтық негатив
2) жарық сезгіш қабат




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   183




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет